Автономия (саяси-құқық мағынасында)-мәселелерді конституция белгіленген шектерде өздері шешетін мемлекет аумағының бөлігі. Біртұтас мемлекетте саны аз ұлттың өзін-өзі басқару құқықтарын жүзеге асыру түрі.
1.1905-1907 жылдардағы төңкеріс барысында Ресейде құрылды? Мемлекеттік Дума 2.Мемлекеттік Думаның I және II шақырылуына (1906-1907жж.) Қазақ депутаттары да қатысты. Олар кадеттердің либералдық партиясына қосылды және шаруалардың қоныс аударуын тоқтатуды талап етті.
I-Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттары:
Ә.Бөкейхан-Семей облысы; А.Бірімжанов-Торғай облысы; С.Жантөрин-Уфа губерниясы; Ш.Қосшығұлұлы-Ақмола облысы; М.Тынышбаев-Жетісу облысы; II-Мемлекеттік Думаның қазақ депутаттары:
Т.Нұрекенов-Семей облысы; А.Бірімжанов-Торғай облысы; Б.Қаратаев-Орал облысы; Ш.Қосшығұлұлы-Ақмола облысы; М.Тынышбаев-Жетісу облысы; 2.II-Мемлекеттік Думаның депутаты, Петербург университетінің заң факультетін бітірген, «Айқап» журналы редакторларының бірі? Б.Қаратаев 3.Мәтін: «Ол І және II-Мемлекеттік Думаның Жетісу облысынан сайланған депутаты, Петербургтегі Теміржол көлігі институтын бітірген. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Дума таратылғаннан кейін, теміржол құрылыстарында жол салушы инженер болды», - мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаңыз? М.Тынышбаев 4.1911-1915 жылдары редакторы М.Сералин шығарып тұрған, қазақ кедейлерінің мүддесін қорғап, халықты оқу-ағарту жұмыстарына шақырған журнал? «Айқап» 5.1913-1918 жылдары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатовтар шығарып тұрған ұлттық баспа органы? «Қазақ» 6.Ағартушы және ғалым, әліпбиге реформа жасаушы және Ә.Бөкейханның либералдық идеяларын қолдаған ұлт ұстазы? Ахмет Байтұрсынұлы 7.1906-1912 жылдары Далалық өлке мен Жетісуға қоныс аударған славяндық отбасы саны? 500 мыңдай 8.1906 жылы өлкеге орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру саясатының авторы? П.Столыпин 9.1916 жылғы көтеріліске себеп болды? Қазақтарды тыл жұмыстарына жұмылдыру туралы жарлық 1916 ж көтерілістің себептері:
отарлық езгінің күшеюі;
Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аударту туралы шешімнің қабылдануы; Қазақтарды тыл жұмыстарына жұмылдыру туралы бұйрық;
10.Көтеріліс қамтыған аймақтар? Торғай, Ақмола, Ертіс жағалаулары мен Жетісу 11.Торғайдағы көтеріліс жетекшісі? Амангелді Иманов 12.Көтерілісшілер хандық билікті қалпына келтіріп өз арасынан хан етіп сайлады? Әбдіғаппар Жанбосыновты 13.Торғай көтерлісшілерінің бірі, атақты мерген? Кейкі батыр 14.А.Имановтың көтерілісшілер жасағындағы сарбаздар саны? 50 мың 15.Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция болды? 1917 жылы 27 ақпанда 16.Ә.Бөкейхан басқарған «Алаш» ұлттық партиясы құрылды? 1917 ж шілдеде 17.Қазан төңкерісінен кейін, 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда екінші съезд құрамына қазақ халқы басым облыстар енген аумақтық-ұлттық автономия аталды? Алаш 18.Атқарушы билік құрамындағы 25 адам Алашорда Уақытша халықтық кеңеске беріліп, автономияның төрағасы болып сайланды? Ә.Бөкейхан 19. 1917 жылы 21 қарашада «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жариялан газет? «Қазақ» 20. «Алаш» партиясының Бағдарламасын жасады? Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Бірімжанов 21.Алашорданың шығыс бөлімшесі орналасқан қала? Семей 22.Азамат соғысы басталғанда, Алашорда өзінің әскери бөлімдерін құрып, қолдады? Ақтарды 23.1919 жылы көктемде Колчак армиясының шабуылы кезінде алашордалықтар көтеріліс жасаған аймақ? Торғай 24.Колчактың жеңілісі, қазақ қоғамының “ақтар” мен “қызылдарға” бөлінуі және Қызыл Армияның шабуылға шығуы Алашорданы Кеңес өкіметімен келіссөздер жасауға мәжбүр етті. Алашордалықтар кешірім алғанымен Алаш автономиясы жойылды? 1920 жылы наурызда 25. 1917 жылы 22 қарашада Қоқанда өткен Түркістан мұсылман съезінде құрылды? Түркістан автономиясы 26. Түркістан автономиясының жетекшілері? М.Тынышбаев пен М.Шоқай 27.Қоқан автономиясын Қызыл Армия бөлімдері талқандаған жыл? 1918 жыл ақпан
§ 46-47. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың дамуы