• 6 1, темперамент туральг үҒЫМ


Темперамент және жеке адамның қалпы



бет6/6
Дата07.01.2022
өлшемі82,5 Kb.
#17305
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Темперамент Асатай Әсем

Темперамент және жеке адамның қалпы. Адамның мінез-құлқы оның туыстан пайда болған тип өзгешелігіне ғана тәуелді
болмай, нерв қызметінің тікелей өмір барысында қалыптасатын
түрімен де байланысты екенін еске ұстау қажет, Кейде тыныш, бір қадыпты флегматик холерикше эмоциясы буырканып, күйіп- пісіп, әлек болады, ал холериктің кейбір жағдайларда өз күшіне сенбейтін, енжар меланхоликтің қалпына түсіп кететін кездері де болады. Осындай көріністер кейбір психологтарды аралас темперамент те болады деген пікірге ашып келеді. Мұндай түсінікті дұрыс деуге болмайды. Аралық темпераменттер болады деген дұрысырақ.

Бір адамның өзінде де әр жағдайда түрлі мінез-кұлық көрініп отырады, оны талдауда алғашқы кезде осы адамның типтік өзгешеліктері еске алынады, өйткені, мұндай жағдайларда нерв жүйесініңтүрлі типтерінде көңіл «үйі түрліше байқалады, Мәселен, холерикке — көңілдің түсуі, буырқануы, ал флегматикке,— ұстамдылық, меланхоликке — өз күшіне сенімсіздік т. б. тән қасиет. Олай болса, осы жағдайлар адамның типтік белісі болып табылады. Егер адам сыртқы әсерге калай болса солай жауап қайыратын болса, осы әсердің өзі қандай екенін зерттеу кажет. Мұндайда кездейсок, реакцияның типтік болып шығуы да ықтимал. Мәселен, флегматиктің ашуы мен эмоциялық күйіп-пісуі узақ уақыт ішінде сан рет қайталанған әсерден кейін туса, холерикте осындай жағдай бірден пайда болады.



Өмірден алынған мына екі мысалды келтірейік. Холерик басқа адамңың кез-келгең ескертпесіне, әсіресе оның намысына тиетін сөзге ылғи ашу-ыза, кейіс білдіреді, Флегматик мұндайды бір рет айтылған ескерту деп қана ұғады (тіпті өзіне айтылған әзіл дейді), егер ол бірнеше күн бойы қайталанатын болса ғана одан ашуланған кейіп байқалады.

Холерик энергиясын шапшаң жұмсаумен көзге түссе, флегматик оны бөгеп, жинақтап, козу тежелуді жеңе бастаған жағдайда ғана жұмсайды.

Адамның жабырқауы мен солқылдақтығы да осы тектес болады. Холериктерде бұл ұзақ зорығып жұмыс істеген кездегі қажудан туындаса, меланхоликтерде бұл жайт қарым-қатыс пен өмір жағдайының түбегейлі өзгеріске түскен кезінде немесе қысқа мерзімді күйзеліс үстінде белең береді.

Осы айтылғандарды ескеру және білу — адам темперамент-
терінің ерекшеліктерін ажырату үшін қажет.

Жүргізілген зерттеулер нерв қызметі мен темпераменттік типтері өте ерте көріне бастайтынын аңғартқан (Ң.И. Красногорский). Мәселен, Е. П. Ересь үшінші класс оқушыларының темпераменттерін зерттегенде (9—10 жастағылар), бұлардың арасынан темпераменттің айқын ажыратылған барлық типтерін тапқан. Бұл жөнінде И. В. Страхов зерттеулерінде де айтылады. Зерттеу объектісі болған 39 оқушының 33-інде темпераменттік анық түрлері кездескен де, бұлардың алтауы — аралық темпераментке жатқызылған. Сангвиниктердің таза типтері — 9 адам, холериктер — 10, флегматиктер — 9, меланхоликтер — 6 адам болған. Осындай көрсеткіштер бізге шәкірттердін көпшілігінде темпераменттердің типтік бітімі анық, айқын болатындығын керсетеді..



Өмір жағдайлары темпераменттердің материалдық негізі болып табылатын нерв жүйесі қызметінің өзгешеліктеріне ықпал жасайды. Мәселен, бір жағдай психикалық процестердің әсерлілігі ме эмоциялық қозуына, ағысы мен күшінің дамуына жағдай туғызса, басқа жағдайлар керісінше психиканың даму қар қынын баяулатып, оның белсенділігін басып, тежеуі мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер


  1. Психология ғылымының қондидаты, доцент Қ Жарықбаев.

  2. Жалпы психология Алматы Мектеп 1890 310-320 беттер.

  3. Ковалев А.Г. жеке адамның психологиясы 1 тарау 3 басылым 1970ж.

  4. Мерлин В.С. Темперамент теориясының очеркі. Масква 1964.

  5. Небылицын В.Д. Адламның нерв жүйесінің негізгі қасиеттері Масква 1966 ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет