Сепсис. Сепсистің дамуы Сепсис (латынша, sepsіs — шіру, іріңдеу) — ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына стафилакокк, стрептококк, менингококк, т.б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады. Сепсистің дамуында жергілікті іріңді ошақтың сипаты, сол жердегі бактериялардың саны және адамның иммундық жүйесінің әлсіреуі үлкен рөл атқарады. Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуынан, ауыр операциядан, қан кетуден, қоректің жетіспеуінен, аурудан кейін организм әлсірегенде адам сепсиске ұшырайды. Сепсисте фагоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан жасуша ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады.
Сепсистің алғашқы белгілері Клиникалық белгілері: Жануардың дене қызуы 39-40 С дейін көтеріледі. жүдейді, кейде тері жабындысында қанталау байқалады. артериалды, венозды қан қысымы төмендеп, қан айналымы бұзылуынан дененің ойылуы, тромбофлебит, тромбоздар, қол-аяқтың ісінуі пайда болады. Қан анализдерінде анемия, лейкоцитоз, лейкоциттық формуланың солға ығысуы, қан тромбині 45-50% дейін төмендейді. Кейбір ауруларда бактериемия анықталады. Бауыр, бүйрек функциялары бұзылады. сарғайып гепатит дамиды. Зәр анализдерінде альбуминурия, гематурия, лейкоцитурия анықталады. Көкбауыр үлкейеді. Асқорыту жүйесін алсақ, тәбеті жоғалады, аузы құрғап іші өтеді, жүрегі айнып құсады
. Жергілікті симптомдар – сепсистегі жараларда өлі еттен тазару және регенерация белгілері байқалмайды, грануляциясы жансыз, бозғылт, жара ісінген, дымқыл, шірік иісті. Көктамырлардың тромбозы, лимфа жүйесінде лимфаденит дамиды.
.Сепсистің орналасқан орнына қарай: * терапевтік (өкпенің іріңді қабынуы);
*бадамша бездік (іріңді баспа);
*хирургиялық (шиқан шыққанда);
*гинекологиялық (ауруханадан тыс жасатқан аборттан кейін);
*урогендік (несеп жолдарындағы іріңді қабынулар);
*отогендік (іріңді отиттің асқынуы);
*кіндіктік (нәрестенің кіндігінің айналасындағы қабыну) түрлері бар.
Егер инфекцияның қай жерден түскенін анықтай алмаса, оны криптогендік (жасырын) сепсис деп атайды