Қ а з а қ сср ғ ы л ы м а к а д е м и я с ы м. О. ӘУезов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата30.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#10605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҚАЛИХАН МЕН ӘБІКЕНІҢ АЙТЫСЫ 
ҚАЛИХАН 

ӘБІКЕН 

ТАУБАЙ МЕН АМАНЖОЛДЫҢ АЙТЫСЫ 
Таубай (Қызылорда облысынан): 
Аманжол Тың өлкенің ардагері, 
Қызыл тіл, қиялдың да бар көмегі. 
Кеңесті келістіріп сөз бастайық, 
Көп болды сау жүрмісің, көрмегелі. 
Партия ақындарға қанат беріп, 
Қалыспай жігіттерден самға, деді. 
Жасыңнан қалыспайды қажырлы қарт, 
Таңданба, теліді деп шалға мені. 
Шабыстан қартайса да қалмай жүрген, 
Бұл ағаң бір облыс тарланы еді. 
Ағаға талантты іні құт болады, 
Жақсыға жаман іні жұт болады. 
Сөзге бай көрінесің тілге шешен, 
Айтыссаң Аманжолжан құп болады. 
Інімнің отаудағы тік тұратын, 
Айта отыр, барың болса ұқтыратын, 
Тіліңді жарқыным тек тарта сөйле, 
Мен емес жасық шалың ықтыратын. 
Аманжол (Тың өлкесі): 
Сермеймін құлашымды қанат қағып, 
Көпшіліктің алдында шабыттанып. 
Кезекті Тәукең аға бергеннен соң, 
Көрнекті жыр төгейін құмарланып. 
Сыртыңнан айтысынды талай көріп, 
Ынталанып оқушы ем айызым қанып. 
Бәйгеден талай келген тарлан едің, 
Адалдықпен жүретін еңбек жанып. 
Әзілім ауырлау боп кетіп қойса, 
Жүрмессіз ондай іске бос шамданып. 
Көп алдында көсіліп айтысуға, 
Келдім жаңа ойланып, аз қамданып. 
Ерінбей байлығымды айтып берсем, 
Тамсанып тыңдамақшы жұрт таңданып. 
Жасы кіші ініммен тірестім деп, 
Үлкендікті білдірме құр арланып. 
Ен жатқан еркін байлық арқасында 
Келмей ме өз-өзінен сөз жалғанып. 
Толғау сөз болып жатыр айта берсе, 
95 

Мұндайға бөгелмейтін құр алданып. 
Сондықтан ең алдымен Өлкемді айтам, 
Сарыарқада даңқты еркемді айтам. 
Көп түлік малдарымды семіртемін, 
Мың жусан бетегелі өртеңді айтам. 
Қопарып терең жыртқан тыңымды айтам, 
Алтын кен таусылмайтын қырымды 
айтам. 
Жаңа бет, жаңа тілек Тың өлкенің 
Даңқына ерекше арнап жырымды айтам. 
Биылғы бітік шыққан егінді айтам, 
Бірінші шам шырақтай ерімді айтам. 
Екінші астана боп атақ алған, 
Қарқынмен қанат жазған елімді айтам. 
Мыңғырып малға толған даламды айтам, 
Жайнатып жаңа салған қаламды айтам. 
Барлығын техниканың күшіменен, 
Меңгеріп еркін жеткен шамамды айтам. 
Асыра аяқтатқан планды айтам, 
Өсірген өлкемізде қыранды айтам. 
Халқымыз әлді-ауқатты халге жетіп — 
Делінген партиялық ұранды айтам-уай! 
Еңбектен қалыспаған қартымды айтам, 
Бөгетсіз жүріп жатқан қарқынды айтам. 
Сәулетті, салтанатты, сәнді тұрмыс, 
Орнаған байлық кернеп халқымды айтам. 
Көре алмайтын күншілге қарғыс айтам, 
Таң қалтқан жердің жүзін табысты айтам. 
Жеңіс пен табысымның жетекшісі 
Ардақты партияға алғыс айтам. 
Таубай: 
Аманжол, жауабыңды есіттірдің, 
Ерте айттың демейді ағаң, кешіктірдің. 
Үлкен деп әлпештеген сөздеріңе, 
Жасарып, қайратыма кіріп тұрмын. 
Кежірлік, кейінірек жасайма деп, 
Хауіп қып кей жеріңнен шошып тұрмын. 
Екеудің жарысқанда бірі келер, 
Тарланның тартып белін қосып тұрмын. 
Әуелі өзім айтып білдірейін, 
Деп тұрсақ Сыр бойынан сыр білейін. 
Табысқа таңғажайып жете қарап, 
96 

Кеуліңді қош қылайын, күлдірейін. 
Сұрасаң облысым Қызылорда, 
Сан түрін шаруасының қойған жолға. 
Еңбекке елім тегіс ұйымдасып, 
Ұстады жеңіс туын берік қолда. 
Аңқылдап алға қарай осы күнде, 
Қарқын бар өмірінде, өсуінде, 
Тамаша таудай үлес қосып жатыр, 
Съездің жеті жылдық шешіміне. 
Еңбекте озған талай ерлерім бар, 
Ержеткен партияның бесігінде. 
Аманжол: 
Уа, Тауеке, ақын сөздің кені емес пе, 
Өлең деген жүректің емі емес пе? 
Қияға қанат қағып ұшатүғын, 
Белгілі Аманжолың мен емес пе? 
Күріштен Қызылордаң бұлақ болса, 
Тың өлкем бір мұхитпен тең емес пе? 
Секілді бұйра толқын піскен бидай, 
Елімнің сарқылмайтын кені емес пе? 
Платинаң бұзылса жазатайым, 
Сіздерде ұлтандай жер кем емес пе? 
Жүгерім жайқалып тұр Тың өлкемде 
Малымның таңдамалы жемі емес пе? 
Тың өлке — елім атақ алған жоқ па, 
Екінші астана боп қалған жоқ па? 
Бұрынғы құлазыған құба жонға, 
Егін мен зәулім үйлер салған жоқ па? 
Хрущев өзі барып көрген жоқ па, 
Келешектің сарайы кемімейтін, 
Жеріме жетік баға берген жоқ па? 
Тың жатқан қазынамды ашқан жоқ па. 
Кедейлік маңдайымнан қашқан жоқ па? 
Одақтың алды болып өткен жылы, 
Атағын қызыл дәнмен шашқан жоқ па? 
Талай ер мал өсіріп баққан жоқ па, 
Ерінбей еңбегімен жаққан жоқ па? 
Шам-шырағым Самаев Алпысбайға, 
Үкімет алтын орден таққан жоқ па? 
Облыс қарауында он бес аудан, 
Ереймен жайлау алған биік таудан. 
Кұйқалы жері соны, шөбі шүйгін, 
7-153 
97 

Боз жусан, кер бетеге бітік каудан. 
Сондықтан бізге жұт жоқ, Таукең аға, 
Жетеме ойлаңызшы, бұған баға. 
Келіңіз, көрем десең Тың өлкемді, 
Қонақты қарсы аламыз құшақ жая. 
Таубай: 
Байлығы Қызылорда мал мен егіс, 
Еңбек қып жейді халқым содан жеміс. 
Ақындық көз жеткенмен сөз жетпейді, 
Шалқыған шаруамды айтсам тегіс. 
Ортадан Сырдария ағып жатқан, 
Халқымыз арық қазып жолын тапқан. 
Көк шалғын екі жағы майса құрақ, 
Сонікі орған егін, шөбім шапқан. 
Қаратау, Сарысуды жазда жайлап, 
Азбайды қыста малым сырда баққан. 
Ар жақта қой қыстайтын Қызылқұм бар, 
Қорам мол хауіпті емес боран соққан. 
Осындай жер байлығым арқасында, 
Қойларым жылына екі егіз тапқан. 
Егеді жүз мың гектар елім күріш, 
Дэрілеп тұқымдарын күтіп дұрыс. 
Алтындай ақ күріштің арқасында, 
Халқыма жылдан-жылға қосылды ырыс. 
Атанған еңбек ері ерлерім көп, 
Ерінбей еңбек етіп істеп жұмыс. 
Ұстазы Еңбек ері күрішімнің 
Жақаев Ыбырайым қолы құрыш. 
Сол қартты қайда десең «Қызыл туда», 
Қөз тартып көк күріші тұрған суда. 
Ыбекем «Қызыл тудың» қызырындай 
Гектардан жүз центнер берген жылда. 
Қайтпайды қатты еңбектен қолын сілкіп, 
Жеңімен маңдайының терін сүртіп. 
Санасаң жүзден артық болар соя, 
Бір дәннен өнген күріш болар бір түп. 
Тамыры тал шыбықтай кеткен терең, 
Бір талы үзілмейді тартсаң жұлқып. 
Әлемге аты еңбекпен мәлім болды, 
Естіген бір кәруге болады ынтық. 
Аты асыл, ақ күріштің өнегелі, 
Қызығын жиып-терген көреді елі. 
98 

Үлгі алып үстаз тұтып Ыбекенді, 
Ерлікке талай шәкірт ере келді. 
ЬІбекем ел дәулеті үйді дәнді, 
Еліме еңбегіме үлгі салды. 
«Бейнет түбі рахат» деген осы, 
Мемлекеттік Лауреат боп сыйлық алды. 
Мінезі Ыбекеңнің тал жібектей, 
Сөйлейді күле қарап жан жүректей. 
Күріштің жәйін біреу сұрай қалса, 
Үйретіп жібермейді мәлім етпей. 
Айналды қарт жүрген жер рахатқа, 
Өшпейтін қалдырды атақ жұрағатқа. 
Қазақстан Жоғары Советіне, 
Сайланды үш мәртебе депутатқа... 
Кейбір жас жігітпін деп жылмаңдайды, 
Ақынсып той-думаннан құр қалмайды. 
Шалсынып шалып жығып кетейін деп, 
Аяғын сырттан алып бұлғандайды. 
«Піскенше бура басы, жас ботаның 
Басынан, — деген сөз бар, — дым 
қалмайды.» 
Аманжол көп айтасың, байлығыңды, 
Жатыр деп Таубай біліп қай мінімді. 
Жарқыным, жала жауып көп тиіспе, 
Сыйласып жақсы көрсең жәй жүруді. 
Аманжол: 
Ой, шіркін, кеудеге кеп қамалады, 
Әр түрлі сөз жүрекке жамалады. 
Елімнің өткен күнгі өмірлері, 
Көз алдыма тізіліп саналады. 
Қазір бізде ойлашы, арман бар ма, 
Қанағыш қаскүнемнен қалған бар ма? 
Не тапсаң соның бәрі өзіңдікі, 
Қолыңнан бүгін тартып алған бар ма. 
Алғашқы жарық көрген кезімізден 
Игілікті таза жол салған бар ма. 
Бейбітшілік жолымен біз келеміз, 
Уа, Тауке, осынымда жалған бар ма? 
Әрі ақын, әрі қоғам қайраткері, 
Ардагер Сәкен ақын туған жері. 
Артына өлмес тура сөз қалдырған, 
Баяндап пе қылайын, біледі елі, 
100 

Қажымұқан, Балуан Шолақ сонда туған, 
Палуандық, батырлықтың жолын қуған. 
Алысып алыбымен талай елдің, 
Белдескен белі сынып, бетін жұмған. 
Уа, Тауке, таласарлық күшің қандай, 
Тиісіп, өзің келіп, қышынғандай. 
Қөлемің Қорғалжыннан аса алмайды, 
Толғаншы, өзің қандай, түсің қандай! 
Алтынды Бестөбедей кендерім бар, 
Белгілі Жүкеновтай ерлерім бар. 
Отырған қазық қағып қарауылдап, 
Қөмбелі көмір, темір дәндерім бар. 
Іс болса міне осындай мақтанайық, 
Саудагер, жалқаулардан сақтанайық. 
Көз көрмей кемшілікті сырттан пішіп, 
Бірімізді-біріміз даттамайық. 
Партия жол көрсетіп — «алға!» — деді 
Ал, Тауке, қалыспайық, аттанайық! 

ТАУБАЙ МЕН АМАНЖОЛДЫҢ АЙТЫСЫ 
ТАУБАЙ 

ҚАЛҚА МЕН ЕСДӘУЛЕТТІҢ АЙТЫСЫ 
Қалқа (Алматы облысынан): 
Уау, уа, ақиқат асыл сөзі кемел шынға 
Отырған осы халық бәрі сынға. 
Ой, сөйлейін, қал келгенше қабырғалап 
Ел жүрсін көз жіберіп, таза тыңда. 
Уай, Лениндей, данышпан ақылы дария 
Алыпсың өмірде бұрын болмаған, 
Жырлайық Ленин — алыпты, 
Жасаған жаңа тарихты. 
Білімін жұрттың көтеріп 
Қоғамды, елді дамытты. 
Көзім көрген ел-жұртым, 
Айтайын енді анықты, 
Ленин менен Калинин 
Декретке қол қойып, 
Түсірді бізге жарықты. 
Жиырманшы жылында, 
Қазақты дербес ел етіп, 
Дүниеге танытты. 
Атамыз қазақ атанбай 
Атында қырғыз қалыпты. 
Халық деп қазақ атағын, 
Лениннен сонда алыпты. 
Уай, біздің қазақ баласы, 
Қалған екен алыста. 
Қырық жылдың ішіңде, 
Қол жетті мұндай табысқа. 
Қатарлас туыс халықпен 
Түстік бәйге жарысқа. 
Атанды Қазақстан алтын өлке, 
Бақыттың базарындай артық өлке. 
Жерінде мың бір түрлі жеміс бітіп, 
Иісі қалампырдай аңқыды өлке. 
Кешегі құс қонбаған шөлдеріңнің, 
Айдын көл ортасынан шалқыды өлке. 
Торқалы қырық жылдық тойың болып, 
Жайылды жер шарына даңқың өлке. 
Басынан атам қазақ шаруа атанып, 
Мал баққан, егін еккен салтың өлке. 
Қырық жылдық тойынды, 
Өзі Қомпартия белгілеп өткізді. 
104 

Бақытқа қазақ халқының 
Қолын кәзір жеткізді, 
Қазақстан ел болдық, 
Берекелі көрікті. 
Алматыға алыстан 
Ақын достар келіпті. 
Астанаға шақырып, 
Ғалымдар көңіл бөліпті. 
Есдәулет батыр айтайын, 
Шаяннан ащы тіліңіз. 
Мойның жуан антұрған, 
Күрессең жығар түріңіз. 
Осы отырған халайық, 
Өнерін жұрттың сынайық. 
Кел Есдәулет, сөйлейік, 
Халыққа сөзді үнайтын. 
Елдің салты ежелден, 
Амандық жағын сұрайық. 
Есдәулет (Жамбыл облысынан): 
Әй, ай жарық болды, Қалқа, бұлт 
шыққандай, 
Боп тұрмыз жас баладан тіл шыққандай. 
Қешегі өтіп кеткен сұм заманда 
Болмап па ек қасіретке тұншыққандай. 
Бақытқа ұлы Ленин жол бастады, 
Боп отыр шөл даладан су шыққандай. 
Үш жуздің баласымен басым қосып, 
Көңілім болып отыр тыншыққандай. 
Бір жаста бала күліп талпынады. 
Бес жаста торғай қуып алқынады. 
Он жаста ерте оянып, оқу оқып, 
Он бесте өнер іздеп шарқ ұрады. 
Келгенде жиырмаға жігіт жасы, 
Байлық, бақыт береке басына орнап, 
Бекінеді отау үй боп босағасы, 
Жиырма бес мүшесінде кірер күші, 
Ой толып, ақыл тоқтап болар кісі, 
Орнығып отыз бесте ақыл, қайрат, 
Жігіттің әр нәрсеге түсер ісі. 
Қырықта қырға шығып қырындаған, 
Жұмыс жоқ ер жігітке қиындаған. 
Сол жасқа келді міне Қазақстан, 
105 

Топ үні басылған жоқ дуылдаған. 
Партия бастап отыр халықты алға, 
Шаттықпен шаруашылық шарықтауда. 
Қалқа ақын колхозынды көре алмадым, 
Жетістік, кемістігін анықтауға. 
Арман ғып ақын Қалқа танысуды, 
Айт, дедің амандық пен табысынды. 
Сүрасаң Жамбыл менің облысым, 
Қалайша естімедің дабысымды. 
Жамбылдың қоңыр тауды көлбеп жатқан, 
Өзен, көл сай саласы сел боп аққан. 
Ақтылы қой, ақ бас сиыр айналасы. 
Ежелден момын елміз шаруа баққан, 
Жайылған тау төсіне қойым семіз, 
Туады семіздіктен үнемі егіз. 
Жаз жайлап Аңырақай, Сарыарқа, 
Қүлжа мен Хан тауын да күзетеміз. 
Қыстауым Қызылқүм мен Түлкіліде, 
Қыста мал қисаймайды бір түрі де. 
Боз жусан, қызыл изең, жасыл еркек, 
Шығады бие тойып бір түбіне. 
Есе бермес Есдэулет, 
Домбыраны бүраса. 
Елдің жайы осылай 
Тағыда айтам сүраса. 
Еліңді Қалқа таныстыр, 
Жатармыз кейін сүраса. 
Қалца: 
Ей, Есдэулет, осы арада халық отыр, 
Қүлағын сізбен бізге салып отыр. 
Шырағым, бүлақ пенен малынды айттың, 
Айтылмай бір эңгіме қалып отыр. 
Қалқа ақын қандай сөзді сүрайды деп, 
Осы топ қүлағын сап бағып отыр. 
Жамбылдың жаңбыры мен желі қандай, 
Талас, Шу өзенімнің селі қандай. 
Болып түр біздің жақта қүрғакшылық, 
Айдаған арпа, бидай егін қандай. 
Мал түгіл адамның да даруанасы, 
Жеріңнің биыл шыққан шөбі қандай. 
Төтелеп, төпей бермей турасын айт, 
Дэл биыл төрт түліктің жэйі қандай? 
106 

Есдәулет: 
Әй, көңіліме айтатұғын бір сөз кйлді, 
Кейіннен салыстырам артық-кемді. 
Келеді енді қызып бұл Есдәулет, 
Халайық, сыр шертейін тыңда, енді. 
Ақыным жақсы болды табысқаның, 
Халықтың баяндайық табыстарын. 
Қалқа ақын қандырамын құмарыңды, 
Асығып жарғанатша жабыспағын. 
Түсемін түлкі болсаң қыран болып 
Егер сен қасқыр болсаң, арыстанмын, 
Сен маған неше түрлі бердің сұрау, 
Жөн болар домбыраны енді бұрау. 
Көпшілік үлкен-кіші қарап отыр, 
Байқаймын көңілдері бізді сынау. 
Ауаның білесін ғой құбылысын, 
Байқадым ақын Қалқа, сөзге ұрысың. 
Астықтың жайын менен сұрай берме, 
Өзіңнің қандай күйде кұрылысың? 
Орынсыз әзіліңе шыдамаймын, 
Сұрайсың жүн, жұмыртқаң толды ма деп, 
Жұмыртқа Алматыдан сұрамаймын. 
Орденді ерлерім көп Сарысуда, 
Қалайсың, Қалқа барып танысуға? 
Үш рет Ленин орден сыйлық алған, 
Ер бар ма Ормановпен жарысуға. 
Сайланды екі рет депутат боп, 
Ерлігі елге үлгі боп ауысуда. 
Және бар Көктеректе Жәнібегім, 
Ерлерім еңбегімен табысуда. 
Ей, Қалқа, тоқталарсың болса санаң, 
Есдәулет тірі, есе бермес саған. 
Сарысу, Талас малды екі ауданда, 
Орден мен медалі жоқ сирек шабан. 
Ал ақын кезек бердім табысыңды айт, 
Қарт тарлан қалма аянып, болса шамаң. 
Қалқа: 
Ой, бұл айтыс былтыр емее, биыл болды, 
Қалқаға қартайғанда қиын болды. 
Шыдамай шымшығанға Есдәулетім, 
Көп сөзің кекейіме түйін болды. 
108 

Бар қанша әркім болар гауһар тастай, 
Әр кім жақсы болмады батыр жастай. 
Ананың екі емшегін емгеннен соң, 
Дүниеде пәнде қалмас қателеспей. 
Бір емес ақын, әнші серіменен, 
Сөйлессең көңіл ашылар теңіңменен. 
Сан жуйрік, сап тұлпармен танысқанбыз, 
Жарысқан жүйрігің жоқ тегі менен. 
Есеке, мына сөзге шыдамадың, 
Қалқаның халін сұрап сынамадың. 
Сұрадым Жамбыл жайын мен екі рет 
Қалайша Алматыны сұрамадың. 
Есдәулет: 
Шабады қару алып батыр жауға, 
Жүйріктен әркім сұрар ақыл сауға. 
Сен сұрадың, мен толық жауап бердім 
Ойладым шықпайын деп қарсы дауға. 
Не пайда сөзің жұртқа ұнамаса, 
Несі ақын сөзді тура құрамаса, 
Айтшы енді, өз жайыңды ақын Қалқа, 
Мен сұраймын сен екінші сұрамасаң. 
Талаймен мен де өзіндей жарысқанмын, 
Әлқадыр өз шамамша алысқанмын. 
Халайық қартайғанда топқа салды, 
Ал, ақын, барың болса қарыштағын. 
Қалқа: 
Домбыраны сөйлеткен, 
Он саусақтың саласы. 
Ақындарды сайратқан, 
Алматының қаласы. 
Мынау сұңқар мен торғай, 
Абайлап жұрт қарашы. 
Бұлбұл деген торғай бар 
Сұңқардан кем бе бағасы. 
Байқай сөйле Есдәулет, 
Тілеп алған аурудың 
Табылмай жүрер дауасы. 
109 

Есдәулет: 
Мен әлі кемігем жоқ, үдемесем, 
Тиістің өзің неге тілемесең? 
Кер кетіп кемпіріқнен қашарма едің. 
Бойыңнан қуат кетіп сен жүрмесең. 
Мені әлі тәуір көрер келіндерім, 
Шақырса келін шайға ерінбедім. 
Келін түгіл кемпірлік жылуың жоқ, 
Шынын айт, күйің қалай сенің бүгін? 
Қалқа: 
Уау, бұл айтыс атамыздан қалған мирас, 
Сөйлесе тіл ауыздан шығар құлаш. 
Есеке-ау, әлі сенен шабыттымын, 
Бұл өсек болғанымен түбі рас. 
Бозбала едім бір күнде, 
Түнемейтін күнде үйге. 
Қаратал, Көксу жерінің 
Қариясы болдым бұл күнде. 
Қазынасы болдым елімнің, 
Атасы болдым келіннің, 
Есдәулет, сенен сақтасын, 
Баса алмай жүрген желігін. 
Немере сүйдім жібідім, 
Құдайға шүкір, ерінім. 
Кемпірімнен жалықтым, 
Келіндерден ұялдым, 
Кер кеткем жоқ, шегіндім. 
Көрінген соң немере, 
Кемпір деген немене, 
Баламды сүйіп бөліндім. 
Ей, Кенен менен Есдәулет, 
Келіндерді ептейсің, 
Жал, жамбасқа жетпейсің, 
Әр қыраға ат байлап, 
Тапсаң да жөнді өтпейсің. 
Азғырма мені Есдәулет, 
Өз жөніңмен кеткейсің. 
Естерің болса екеуің, 
Өздеріңді сөккейсің. 
110 

Есдәулет: 
Ежелден ақын Қалқа, сырың мәлім, 
Мініңді мойындадың, бұрылмадың. 
Күлдірген қылығынды айтып тұрмын, 
Желіктен мен де қашан тыйылғанмын. 
Дүние келеріңде сынаптайсың, 
Он жаста жарға ойнаған лақтайсың. 
Он бесте бала болып бәрің тегіс, 
Кезінде тал шыбықтай былғақтайсың. 
Жеткен соң жиырмаға жігіт болып, 
Көргенде құрдасыңды қылжақтайсың. 
Отыз бесте тоқтайтын, ақыл тауып, 
Көктемде көз аршылған бұлақтайсың. 
Қырықта қылшылдаған қылыштайсың, 
Елуде ерлер мінер құр аттайсың. 
Алпыста ақыл ауып, қайрат кетіп, 
Әйтеуір ат жейтұғын құрақтайсың. 
Жетпісте немеренді сылтау қылып, 
Қалқаша кемпіріңнен жырақтайсың. 
Өмірі адамзаттың міне осындай, 
Сөзімді қалай жұртым ұнатпайсың. 
Қалқа: 
Бақ қонбай адамға адам бағынбайды, 
Қызыл тіл сөйлегенде ағындайды. 
Осында Үмбетәлі, Кенен отыр, 
Айт десең, тау суындай дарындайды. 
Азырақ әзіл айтып, көңіл аштық, 
Шалдарға мұндай күн көп табылмайды. 
Айна алып өзіңе бір қарап көрші, 
Есеке, сонда көңілің қабынбайды. 
Халайық, рахмет ықыласыңа, 
Ақындар осыменен дамылдайды. 

КАЛҚА МЕН ЕСДӘУЛЕТТІҢ АЙТЫСЫ 
ҚАЛҚА 

ЕСДӘУЛЕТ 

АРТЫҚ ПЕН КҰМАРДЫҢ АЙТЫСЫ 
Құмар (Гуръев облысынан): 
Сөйле десе жақсылар, 
Қаумадан неге қашайын. 
Тілдің майын тамызып, 
Таңдайыңа қатайын. 
Жел түбінен ерісіп, 
Дариядай тасайын. 
Ойпаң жерді дөң етіп, 
Биік жерді жөн етіп, 
Топырағын шашайын. 
Көрінгенге шаң болып, 
Белестен-белес асайын. 
Қызғылықты мынау жеріміз, 
Қызылды жасыл беліміз. 
Құрағы мақпал түгіндей, 
Каспий деген көліміз, 
Іші толған сары алтын, 
Мекен еткен жағасын, 
Тұтасқан колхоз еліміз. 
Ішіндегі сары сазан, 
Ұсталмаған асаудай, 
Мақтасаң жетпейт тіліміз. 
Тасырлатып балығын, 
Ауларын жайып қағып тұр. 
Күннің көзі күлімдеп, 
Нұр шапағын жауып тұр. 
Мал шаруасын айтайын, 
Құлағыңды салып тұр. 
Бұл табыста құлпырып, 
Бірлікпенен алып тұр. 
Қонысымды әуелі айтайын, 
Тайсойған жердің шұрайын, 
Көруге көзің сағынған, 
Мейірлі бақша шынарлы, 
Гүлден көрпе жамылған, 
Шекердей тәтті шөбі бар, 
Кетер емес жағымнан. 
Оқпанда белі Қарталы, 
Қаракөк шапан жамылған, 
Жер емшегі иіп тұр. 
Төгілген жеміс лағылған, 
115 

Төбесі көкке ұштасып, 
Жоталы жоны қабақтай, 
Ішпей мейрі қанғандай, 
Суы тұнық шараптай, 
Қызыл изен, көк құрақ, 
Құлпырып тұр алаптай. 
Майқалы қара қоңырдың, 
Көк жусаны далаптай. 
Түйе мұрын сіңбірік, 
Бүлдірген текті талаптай. 
Алпыс екі жоңышқа, 
Көк шауласып көтеріп, 
Жарқылдайды қыраттай, 
Карабау мен Сарыкөл, 
Әшекей көрпе құрақтай. 
Сарыбай, Қенже, Сарыалжын 
Шығымы судың суаттай. 
Арудай сұлу киініп, 
Бәйгеден келген сұр аттай. 
Еділ менен Жайықтың, 
Екі ортасы құм еді, 
Күнгей бетін қарасам, 
Каспий түсті мөлдір ед, 
Шөбін де қалың өсірген, 
Қара жердің күреңі. 
Төрт баласы Сырымның. 
Жауға бір шапқан ер еді. 
Исатай менен Махамбет, 
Қосыла шыққан төбе еді. 
Төменгі жағы Гурьев, 
Сол себептен сөйледім, 
Айналасы алты айлық, 
Көлденеңі төрт айлық. 
Толықсып тұрған Нарымдай. 
Күлтеленген қияғы, 
Миялы терек, талындай. 
Сол Нарымды жайлаған, 
Жүзден қойды айдаған. 
Қатері болса төңгеңдей, 
Жай бұлтындай жайнаған. 
Раушан жүзді келіннен, 
Құттықтау елге берілген. 
116 

Артық енді сөйлеші, 
Жетісудай жеріқнен! 
Артық (Алматы облысынан): 
Жиырмасыншы жылы Ленин, 
Күй беріп қазақ халқыма. 
Одан бұрын бұл қазақ, 
Ұлттың қалған артында. 
Тізгін, шылбыр тиген соң, 
Қатарға келді талпына. 
Өндіріс пен байлық мол, 
Елдің жеттік шарқына. 
Сегізінші гвардия, 
Қиратып, жауды талқандап, 
Жер жарылған даңқына. 
Енді дұшпан келе алмас, 
СССР-дың шарпына. 
Жиналды бұл араға өңшең зерен, 
Түбі жоқ дариядай ойы терең. 
Қүмекем Гурьевті айтып кетті, 
Екінші сөз кезегі бізге келген. 
Жазып алған сұлу сөз қиюы жоқ, 
Болады әсем — көркем дегенменен. 
Бастаған халқымызды Қомпартия, 
Бас иіп, Компартияға сәлем берем. 
Алматы жастанып тұр Алатауды, 
Жайқалтып, бауырына бақша-бауды. 
Орнатып ортасына астананы, 
Бұл болды Қазақстан үлкен аулы. 
Сөйлетті Құмекеңді сөзі бар деп, 
Менен гөрі аузыңның ебі бар деп. 
Бас салдым Құмекеңнің етегінен , 
Не болса да ұстайын көзі бар деп. 
Құмеке екі көз кем, соқыр едім, 
Қеше мен асханада отыр едім, 
Мақтады Адамбаев сізді қатты 
Сонан соң жекпе-жекке келсін дедім. 
Қағазбен айтысқанды ұнатпаймын, 
Айтысуға жекелеп менсінбедім. 
Сөйледім сөздің біраз жұқасынан, 
Әр сөздің айтып бердім нұсқасынан. 
Әр кімнің арманы көп, өзін-өзі 
Жығылып жатса-дағы тұстасынан. 
117 

Уа, Құмар, Нарынқол мен Кегенім бар, 
Оларды сыйғызарлық өлеңім бар. 
Алатаудың алқабын ашып жатқан, 
Менің де ата-мекен көп елім бар. 
Аяғы Жетісудың құйғанында, 
Бір шеті Алакөлде көп елім бар. 
Егістің неше түрін егіп жатқан, 
Елімнің Еңбек ері шеберім бар. 
Мақтасам кендерімді қорғасын, мыс, 
Отанға беріп жатқан көмегім бар. 
Алмасы Алматының Алатаудай, 
Сұрасаң тонналап та берерім бар. 
Айта бер, еліңіздің әр табысын, 
Құмеке, көп алдында не дерің бар? 
Сөйледің Каспийдегі балықтарды, 
Білемін балықтағы халықтарды. 
Жарты жылдық планың толып па еді? 
Айтып кетші, жасырмай анықтарды. 
Есдәулет пен Қалқаның алысқаны, 
Екеуі екі ауданның арыстаны. 
Есекен әрекет қып шолып еді, 
Қақанның оған белі қайыспады. 
Кім білед кемістікті бала айтты деп, 
Шалдардың кеп қала ма намыстары. 
Гурьевтің ақыны, Құмар батыр, 
Артықтың сізге жоқ қой танысқаны. 
Қөрінді Құмарекең бізден озық, 
Байқасаң толып жатыр шалыстары. 
Барыңды бүгін мақтап айтып қалғын, 
Еліңнің қандай батыр, табыстары? 
Құмар: 
Меңгердік табиғаттың заңын талдап, 
Шарықтап көк әлемін келген барлап. 
Айырып аспан көкті айға жетіп, 
Ұшпақпыз одан да әрі биік самғап. 
Көрдің бе заманымның түрленгенін, 
Қөгерген өзегіме нұр бергенін. 
Елімнің салтанатын әнге қосар, 
Аузына ақындардың жыр бергенін. 
Партия — заман көркі, данышпаным, 
Бір сен деп ұран айтып, ту ұстадым, 
Партия қамқор әке, аяулы ана, 
118 

Бір сенсің ойлайтұғын халық қамын. 
Ақыным, сөз бастадың аттай шауып, 
Жасыңнан әдеттенген өлең-сауық. 
Табысқа Гурьевпен тең келмейсің, 
Жеңуің қиын болар өлең тауып. 
Қәнігіп пішен жақтан сұрап едім, 
Азырақ сұрағымнан кеттің ауып. 
Ақынға айтысатын сөзің дайын, 
Кәнеки, сөйлеп бергін істің жайын. 
Артық: 
Мақтауға Алматым да сыйып отыр, 
Халқым таңдап асылды киіп отыр. 
Орнатып неше жерден сахрзавод, 
Тартуы — ақша қылып үйіп отыр. 
Елімнің еңбегіне риза болып, 
Жеткізіп екі емшегі иіп отыр. 
Орындап ет пен сүтті, жұмыртқамен, 
Бәрін де артығымен құйып отыр. 
Ішінде астанамның Алматым бар, 
Ортасына ақынды жиып алып, 
Төбесі бүгін көкке тиіп отыр. 
Сөйлеген тарландардың сөздеріне, 
Ақиқат кеудем сүттей иіп отыр. 
Жұмысты еңбекші елім істейді өктем, 
Биыл да ақ бидайды айдап сепкен. 
Пар жыртып артығымен күздік айдап, 
Ерен көп ерлерім жүр еңбек еткен. 
Мәпелеп жас баланың төсегіңдей, 
Қыздарым толып жатыр қызылша еккен. 
Бірі қою болғанда, бірі сұйық, 
Облыс жаман емес шапқан шөптен. 
Социалистік жарыста бір-бірімен, 
Аудандар шартқа отырып өрістеткен. 
Басшылық Компартия даналығы, 
Халқыма үлкен-кіші бірдей жеткен. 
Айтайын табысымды Қапалдағы, 
Бірі еді геройымның қатардағы, 
Атақты шопан ед деп Қазақстан, 
Мәскеуге неше қайта апарғаны. 
Жүз қойдан жүз елуден қозы әпердім, 
Бір қойым өлген емес отардағы. 
Біз емес еркін шауып, шыға салған, 
119 

Өнер бар адамдарда алуан-алуан. 
Жанкөңіл Дайырбеков жас шонанды
Айтайын Сағат ерді Қараталдан. 
Өзінің бағып жүрген отары бар, 
Жүз қойдан жүз отыздан қозы алғаи. 
Дәулетдияров Түкінбай деген қартым, 
Қойды егіз қоздатқан, бұл бір палуан. 
Жүз саулықтан екі жүз қозы алған, 
Барып көр, мұным егер десең жалған. 
Нүсіпов айта кетем Хасен деген, 
Ер еді шаруасын әсемдеген. 
Совхоздың Нүсіпов деген директоры, 
Жанайдың бір ісі жоқ бәсеңдеген, 
Құмеке, айта кеткін елің қандай, 
Биылғы жаңа сепкен егін қандай? 
Еліңде ел бастаған ерің бар ма, 
Осы жағын айта кеткін, сенім қандай? 
Ақыным сөйлемегін жұқаға ұқсап, 
Топырағын аударып бұқаға ұсап, 
Осымен мен сөзімді тоқтатамын, 
Беремін енді кезек сізді нұсқап. 
Құмар: 
Ақыным, сен не айтарыңды біле алмадың 
Үңдемей тұр деп едім тіл алмадың. 
Әуелі пішен жағын сұрап едің, 
Егіннен биылғы жыл дым алмадың. 
Сөйлесем осы өлеңім ауыр болар, 
Қойғаның салғыласпай тәуір болар. 
Басшыларың салмақты таскенедей, 
Ат мінсе арқалары жауыр болар. 
Ақыным кешегі күн көрдім барып, 
Оншақты түйеңізді жол бойында. 
Қойыпсың сегізінің мұрнын жырып 
Мал еді мойымайтын ойсыл қара. 
Тұмсығын түйеқіздің қайта тесіп, 
Қойыпсың жалбыратып жырып-жырып, 
Келемеж неге етесің көлігіңді, 
Ол саған дүшпан ба еді сотқар бұзық. 
Ақыным, артық айтып ақталасың, 
Уайымым болған жоқ деп мақтанасың. 
Байлықтың бары болса айтып таста, 
Әйтпесе неге мұнша сақтанасың. 
120 

Артық: 
Жолдарым бар асфалтті тегістегеи, 
Үйлерім бар іргесін цементтеген. 
Шет елден келіп көрген делегаттар, 
Шалқыған шаруамызды кемітпеген. 
Гостиница, театр, клуб бізде, 
Келген қонақ еліме зерікпеген. 
Халыққа саясы мол бақшамыз бар, 
Алма, жүзім бәрі бар өрікпенен. 
Керегі профессор, доктор бізде, 
Құтқарар ажалдан да төніп келген. 
Бес түлік малымыз бар берекелі, 
Қыста қонып, жаз жайлауда өрістеген. 
Құмеке, сөзіңізді дәлдеп айтқын, 
Бойдақтай есірмегін желікпенен. 
Компартия бастаған Жетісуым, 
Бағынан коммунизм жеміс жеген. 
Құмеке, бекер, босқа жала жаптың, 
Осындай өтірікті қайдан таптың? 
Гурьевтен берейін жүзді тізіп, 
Көшеде қаңғып жүрген арақ ішіп. 
Көшеде босқа жүрген жұмысы жоқ, 
Жұмысы жоқ адамның тынысы жоқ. 
Арақ ішіп әр жерде гу-гулейді, 
Бола ма бұл күндердің ырысы жоқ. 
Құмеке, жала жаппа сөзіңменен, 
Маған да кездестің ғой кезіменен. 
Мынау Артық көрмейт деп айтып отсың 
Міндет қып жалғыз, анау көзіңменен. 
Осыменен аяқталсын тартысымыз, 
Жарамас екеу ара айтысымыз. 
Саналы, салтанатты Коммунизм, 
Байлығы бәріміздің ырысымыз. 

ХАЛЫҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ ТІЛЕГІ 
КӨШЕН ЕЛЕУОВ 
Мен Қарағандыдан келген ақынмын, атым Көшен 
Осында ақындар мәслихатына қатысып отырмын. Келіп 
жатқан бес-алты күннің ішінде аңғарғаным: ақындардың 
бірқатарының жасы сексеннен асқан, ең жасы алпыстан 
асқан екен. Жалпы солардың атынан астананың сый-
құрметіне, партия мен үкіметтің қамқорлығына көп рах-
мет айтамын. Біздің бірқатарымыз пенсия алып, қоше-
метке бөленіп отырмыз. Соның үстіне айта кететін мына-
дай жағдай бар. Осында отырған халық ақындары: бірі 
— Оралдан, бірі — Гурьевтен, бірі — Қарағандыдан, 
бірі — Павлодардан келіп отыр. Сол қарт ақындар алыс-
тағы Алматы тұрмақ ауылда жүргенде де жетектеумен 
жүретін адамдар. 
Сондықтан Жазушылар одағы мен Академиядағы 
азаматтарға айтылатын бір тілек бар. Ол: анда-санда 
болса да хат жазып, хабарласып, жазған хатқа жауап 
беріп тұрса, сол сияқты білек бір болғанымен саусақ бас-
қа дегендей, осы екі ұя — Академия мен Жазушылар 
одағы бізбен байланысын үзбесе екен дейміз. 
Өз басым өлеңмен айналысқаныма 45 жыл болды. 
Осы арқылы да арнаулы пенсия аламын. Мен араб тілін-
де көп оқыдым. Осында отырған көп ақсақалдардан са-
уатым артық. Газет-журналдарды да оқып отырамын. Ал 
менен басқаларының хат тануы да шамалы. Солардың 
әрқайсысының ішінде 20—30 тоннадан алтын жатыр. 
Жиналмаған қазына деп міне осыны айтады. Халық 
ақындары қазақ халқының салт-санасымен, ән-күйімен, 
ырымымен, әдет-ғұрпымен біте қайнасып, қол ұстасып 
122 

қартайған ақындар. Осылардың көзі тірісі кезінде сол 
алтындарын алып қалған жөн. 
Осы хат танымайтын кәрі ағаларыңның кей бірі өле-
ңін де бастыра алмайды, бастырса қалам ақысын ала 
алмайды. Болман Қожабаевтың баспа орнынан алатын 
қалам ақысы бар екен. Кеше сұрап, қағаздарын ақтар-
тып едім, анау деп, мынау деп бермейді. Сол сияқты 1953 
жылы басылған ақындар жинағындағы «Ленин жыры», 
«Комбайн» деген өлеңіме 19 сом қалам ақымды Дихан 
Әбілев Фрунзе ауданының банкесіне өткізіп жіберіпті. 
«Авторы» сірә, сол болса керек. Сонымен ол ақша үкімет 
қорына түсіп кеткен. 
Тағы бір мысал, 1949 жылы алты жыл жазған еңбе-
гімді осында баспаға тапсырған едім. Сол жоғалып та 
кетті. Жас жазушылардың біреуі өлеңімізді өз атына 
аударып жазып та алғанын көріп отырмыз. Оның атын 
атауға да болар еді. Бірақ өздерің сияқты қадірменді 
азамат, сондықтан бұл жерде абыройын төгудің қажеті 
жоқ сияқты. 
Мынадай тілегіміз бар: Кейбіріміздің еңбегіміз үш 
рет келіп, үш рет қайтты. Сын дегенді айтады. Бірінші-
ден, қарт; екіншіден, қараңғы; үшіншіден, уақытымыз 
да өткен шығар. Бір кезде осы дәуір үшін — социализм 
дәуірі үшін байлармен шоқпарласа жүріп, қолдан келген 
еңбекті жасай жүріп, кейінгі талапты жас сіздерге сол 
өмірді тапсырдық. Тапсырғанмен қарап жатқанымыз 
жоқ, қолдан келгенді істеп, көмектесіп жатырмыз. Мы-
надай бір мәтел сөз естідім: «Жүз қартты баққаннан, 
бір жасты үйреткен жақсы», —дейді екен. Біздің жүріс-
тұрысымызға, аяқ алысымызға айтылған сын болар. Кө-
шеннің күн көрісі жаман емес. Бірақ қарт аға дейтін 
болсаңдар, қарттардың жинағын көзі тірісінде жарық 
көрсетулеріңді сұраймыз. 
Бізге сынды батыл айтпады, — деді кеше Есмағамбет 
Ысмайылов. Бауыржанның «Сын айтсақ, шын айталық» 
деген мақалын ұмытпайық. Сын айтқанда біз өз көзіміз-
бен көргенімізді айтамыз. Мүмкін шығармаларымыздың 
текстісі жақсы жазылмаған, кемшілігі бар шығар, 
бірақ соны көрсете отырып, берілген 20—30 килограмм 
еңбектен саралап алып, іске асатын 40—50 грамын басу-
ға болмас па екен, деген қарттардың тілегі бар. Сонымен 
бірге, қарт ақындар деген атаққа иеміз және еңбек етіп 
келеміз, ал Жазушылар одағының мүшелігіне қалай 
123 

өіуге болады, қандай жағдай керек екен? Міне, біздің 
негізгі тілектеріміз осы. 
БЕКБОЛАТ МЕРКЕМЕЛИДЕНОВ 
Біздің алыс облыста жатқанымыз да рас, хат таны-
майтынымыз да рас. Сондықтан бізге жол көрсететін, тү-
сіндіретін жағдай жасалса екен. Ең болмағанда жарты 
жылда бір ғалым барып, бізбен әңгімелесіп тұрулары 
керек. 
Біз фольклор, жанр дегенді түсінбейміз. Академия-
дан бір адам барып маған: өлеңің қара өлең бе, ақ 
өлең бе, — деді. Мен онысына түсінбедім. Өлеңнің ағы, 
қарасы болады дегенді ғұмырыма естігенім жоқ. 
Сондықтан мен мынадай тілек қояр едім. Қарт ақын-
дарға өзіне лайықтап жол-жоба алып отыруы үшін кітап 
шығаруларыңыз керек. Өздеріңіз бізге жол-жоба көрсет-
пей тұрып, жинап алып жанымызды қысасыздар, бізді 
сынайсыздар. Осы отырған шалдардың кейбірі әкең бол-
са, кейбірі атаң. Қарттар сіздерді сынауы керек. Ал сіз-
дер бізге білмейсіздер деп, бетке соғып айтқанда ұялмай-
ды дейсіздер ме, қысылмайды дейсіздер ме? Білмесек 
үйретіңіздер, әйтпесе «жүз қартты баққаннан, бір жасты 
үйреткен артық» деп дабырлау жанымызға тиеді. Біз 
құр алақан емеспіз ғой. Бізден алатын дән-нәр табыла-
ды. Біз қазақтың байырғы көркем тілін, сөзін, ескі өлең-
дерін жақсы білеміз. Соны бізден уақытында алатын 
болыңыздар. 
Мен 1916 жылы Ереймендегі көтеріліске қатыстым. 
Сол жылдан бастап өлең шығарып келемін. Бірақ, 1944 
жылдан бастап қана ақын деген атаққа ие болдым. Ал 
Алматыны алғаш рет 1952 жылы көрдім. Енді Қазақстан 
Жазушылар одағының мүшесі деген атқа ие болатын 
мезгілім жетті-ау деймін. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет