Қ а з а қ Д и а с п о р а л ы қ Ә д е б и е т і : Қ а л ы п т а с у ы , Д а м у ы Ж ә н е Е р е к ш е л і к т е р і
|
21 7
жазбалары мен естеліктерінен кездестіруге болады. Сонымен бірге шетелдерге
қоныс аударған қазақтардың естеліктері де болды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғалымдар ғылымда да еркін, азат ойлау
мүмкіндігіне қол жеткізді. Соның нәтижесінде ұлт тарихындағы ақтаңдақ беттер
қайта ой елегінен өтіп, жаңаша көзқараспен қайта зерделене бастады. Қоғамдық
ғылымдарда жаңа бағыт – шетелдердегі қазақтар мәселесін зерттеу жүргізіле
бастады.
Әдебиеттану ғылымында да шет елдердегі қазақ әдебиеті, шетелдердегі қазақ
фольклоры, диаспоралық әдебиет сынды жаңа, тың тақырыптар зерттеу
нысанына айналды.
Бірнеше кандидаттық, докторлық диссертациялар
қорғалып, монографиялар жазылды, ғылыми жобалар жүргізілді.
Қазіргі кезде әлемнің 40-тан астам мемлекетінде төрт миллиондай қазақ өмір
сүруде. Олардың тарихи Отанынан қоныс аударуының әр түрлі жолы, себептері
бар. Шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың басым бөлігі Ресейдің
Астрахань, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы Алтай автономиялық облысы,
Қытайдың Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, Моңғолияның Баян Өлгий
аймағындағы,
Өзбекстанның Сырдария, Шыршық, Қызылқұм, Мырзашөл
аудандарында.
Сондай-ақ,
Түркия
мемлекеті
мен
Орта
Азия
республикаларында, Еуропа елдеріне де қазақтар бар.
Қазақтар көп шоғырланғандықтан әдебиеттану ғылымында Қытай мен
Моңғолия қазақтарының әдебиеті туралы зерттеулер басым. Шет елдердегі қазақ
әдебиеті жалпы қазақ әдебиетінің үлкен құрамдас бөлігі. Әсіресе, Қытай мен
Моңғолия қазақтарының әдеби туындылары ұлтымыздың жүріп өткен жолынан
сыр шертетін көркем дүниелер. Бұрыннан қалыптасып дамыған отандық
әдебиеттің шығармашылық дәстүр сабақтастығын
сол елдегі диаспоралық
әдебиет
ерекшеліктерімен
біртұтас
қарастырып,
зерттеу
әдебиеттану
ғылымының алдындағы өзекті мәселенің бірі екендігі анық. Шетел қазақтарының
шығармалары жанрлық жағынан да бай, күрделі. «... Құйындай құбылмалы
күндерде жат жұрттық болып кеткен қазақтардың тарихы, әдебиеті туралы
үндемей келдік. Олардың тағдыр-тарихын рухани дүниесін білуге ырық беріп,
ыңғай танытпадық. Сөйтіп, сырттағы қазақ диаспорасының әдебиеті ақтаңдақтар
қатарында қалып келді»-деген профессор З.Сейітжанұлының
пікірі осындай
өзекті мәселені айта алғандығымен құнды [2.185].
Мәселен, қытай қазақтарының тарихы мен тағдыры суреттелген Қ.
Жұмаділовтің «Тағдыр», «Соңғы көш» романдары, Қ. Толыбаевтың «Әсет»
романы,
Жанат
Ахмадиевтің
«Дүрбелең»,
«Шырғалаң»
дилогиясы,
С.Әбілқасымовтың
«Оспан
батыр»,
Ш.Құмардың
«Бөке
батыр»,
Қ.Шабданұлының «Қылмыс» романдары шетелдердегі қазақ әдебиетінің даму
үрдісінен хабар береді.