Ж о л м а х а н о в а / G a z i T ü r k i y a t , B a h a r 2 0 1 8 / 2 2 : 2 1 5 - 2 2 3
Қазақ табиғатынан ақынжанды халық. Ауыз әдебиеті үлгілерінен нәр алған
халық әдебиеті негізінен поэзия жанрында дамыды. Бұл үрдіс шетелдердегі
қазақ әдебиетінен де анық көрінеді. Қытайдағы қазақ ақындары Н.Мыңжани,
Қ.Оспанұлы, Т. Жолдыұлы, О.Айтанұлы т.б., Монғолия қазақтары Т.Қабаұлы,
Ақыт қажы Үлімжіұлы, А.Бабиұлы, Қ.Мұхамедиұлы т.б. осы елдердегі қазақ
поэзиясының өкілдері. «Шетелдерде тұратын қазақтар бүкіл ұлттық әдебиеттің
ажырамас құрамдас бөлігі болған диаспоралық әдебиетті қалыптастырып
дамытуға тарихи-әлеуметтік жағдайлар өзінен-өзі ықпал етті де, осылайша өрісі
кең, көркемдігі қуатты Қытайдағы қазақ әдебиеті және Монғолиядағы қазақ
әдебиеті қалыптасты» [3.10] Ендеше, шетелдердегі қазақ әдебиеті, әдеби үдеріс,
шығармашылық лаборатория, суреткерлік шеберлік, диаспоралық әдебиеттің
өзіне тән ерекшеліктері мен даму жолдары әдебиеттану ғылымында зерттеу
нысанына айналуы заңды еді. Қазақ ғалымдары Тұрсынбек Кәкіш, Зұфар
Сейтжанов, Мұхтархан Оразбай, Бекқожа Жылқыбек т.б. осы өзекті тақырыпқа
бірнеше ғылыми мақалалар мен зерттеу еңбектерін жазды.
Дүкен Мәсімханұлы «Қытай қазақтары поэзиясындағы ұлттық идея»
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады [4.143]. Зерттеу жұмысы ХХ
ғасырдың
20-50
жылдарындағы
қытай
қазақтары
ақындарының
шығармашылығына арналған.
ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялылары өздерінің тәуелсіз мемлекет құру
жолындағы арман-мақсаттарына Кеңестік империя мүмкіндік бермегеннен
кейін, осы мақсаттарын Шығыс Түркістанда жүзеге асыруға ұмтылды.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б қазақ зиялылары
Шығыс
Түркістанда
А.Үлімжіұлы,
Ә.Найманбаев,
К.Маралбай,
Ж.Шайхсламұлы, Т.Жолды, Ш.Әлғазы, Д.Шалғынбай т.б. қытайдағы ұлт-азаттық
күресінің қайраткерлерімен тізе қосты. Бұдан басқа да қытай қазақтары бірнеше
рет ұлт азаттығы жолында көтерілістер жасады. Тарих сахнасында небары төрт
жыл ғана (1945-1949 жылдар) өмір сүрген «Шығыс Түркістан Республикасы»
осындай азатшыл идеяның нәтижесі еді.
Диссертациялық зерттеуге қытай қазақтарының поэзиясындағы азатшылдық
идеясы ХХ ғасырдың басындағы Қытай Халық Республикасындағы саяси-
әлеуметтік жағдайлармен, тарихи деректермен салыстырыла, байланысты
қарастырылған.
Зерттеу
еңбегінде
«А.Үлімжіұлы,
Ә.Найманбай,
Ж.Шайхсламұлы, К.Маралбай, Т.Жолды, А.Татанай. О.Айтан қатарлы
ақындардың өлең-толғауларындағы ұлт-азаттық идеяның халықты оятудағы
атқарған теңдессіз рөліне баса мән беріп, терең талдау жасалған» [4.14].
Моңғолияның Баян Өлгий аймағына қазақтар осыдан жүз елу жылдай бұрын
қоныстанғандығы туралы тарихи деректер бар. «Қазақтың бір тобы Алтайдың
Қобда бетіне келіп, мұңғұл жерін мекен ете бастаған тұсы 1860 жылдар» [5.298]
деген пікірді жоққа шығара алмаймыз. Арада бір жарым ғасырға жуық уақыт
Қ а з а қ Д и а с п о р а л ы қ Ә д е б и е т і : Қ а л ы п т а с у ы , Д а м у ы Ж ә н е Е р е к ш е л і к т е р і
| 21 9
өтсе де олардың тұрмыс тіршілігі, кәсібі, өмір сүру дағдысы көп өзгеріске
түспегендігін байқаймыз. Орналасқан жердің жағдайына байланысты Моңғолия
қазақтарына Батыстың да, Шығыстың да әсері болды. Соған қарамастан, Байөлке
қазақтары қаймағы бұзылмаған ұлттық орта ретінде сақталды. Жеке аймақ
болып өмір сүрген қазақтар әдет-ғұрпы, салт-санасы, тілі мен дінін сақтай
отырып, өздерінің рухани мұраларын да дамытты. Халық әдебиеті негізінде
біртіндеп жазба әдебиеті туып, дамыды. Өйткені тілі мен ділі бұзылмаған ұлт бар
жерде әдеби үдерістің болуы заңды. «Моңғолия қазақтарының жазба әдебиеті
1940 жылдардан бастап бойы көрсетіп, бұл күндері шығармашылық тұрғыдан
қалыптасып, толысқан әдебиетке айналды» [6.85].
Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму үдерісіне зерделей
қарағанда халықтың тұрмыс-тіршілігін, тағдырын, арман-аңсарын, заман
шындығын арқау-желі еткен, өзіндік дәстүрімен ерекшеленетін әдеби мектеп
қалыптасқандығына көз жеткізуімізге болады. Монғолиядағы қазақ әдебиеті
елуінші жылдардың екінші жартысынан бастап дамудың жаңа жолына түсті.
Д.Қалаубайұлы, К.Қамарұлы, А.Алақанұлы, ИүБайбатырұлы, К.Жаңжұқұлы,
К.Ілиясов, Т.Құрманмолдин, Қ.Жұмаханов, Р.Зұрғанбайлы, З.Мәулітұлы,
Ш.Қатшанұлы, Я.Ілиясов т.б. ақындар алды жеті, сегіз, соңы бір, екі кітап
шығарып, қазақ поэзиясының дамуына өзіндік үлес қосқан сөз өнерінің иелері.
Осы әдеби ортада қалыптасып, шыңдалған, шығармаларының мазмұндық,
идеялық тереңдігі, стильдік-көркемдік деңгейімен дараланатын ақынның бірі –
Кәкей Жаңжұқұлы. Еркегүл Арыққарақызының «Моңғол қазақтарының
поэзиясы және Кәкей Жаңжұқұлының шығармашылығы» тақырыбындағы
филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертациялық жұмысы осындай өзекті тақырыпты зерттеуге арналған.
М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары 2012-2014
жылдары жүзеге асырған «Шетелдердегі қазақ әдебиеті» гранттық жобасы осы
бағытта жасалған сүбелі еңбектің бірі. Жоба аясында негізінен Қытай, Моңғолия
мемлекеттеріндегі қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығына талдау
жасалынған. Жобаға аталған мемлекеттердегі қазақ ақын-жазушыларының
шығармашылығын зерттеу нысаны етіп алудың да өзіндік себептері бар. Бірінші
себеп, қазақ диаспоралық әдебиеті негізінен қазақтар тығыз орналасқан Қытай,
Моңғолия елдерінде қалыптасып, дамыды. Әлемдік ғаламдану жағдайында да
қазақ диаспоралық әдебиеті тоқырауға ұшығана жоқ. Басқа мемлекетте, бөтен
ортада болғандығына қарамастан өзге мәдениеттер ықпалында кетпей, ұлттық
өркениет құндылықтары ауқымында дамып, жаңа заман ағысымен, жаңа ұлттық
сипатта өркендеп келеді. Қытайдағы, Моңғолиядағы қазіргі қазақ әдебиеті қай
жанрда болсын, көркемдік қуаты мол, өзекті әдеби тақырыпты көтере алған
шығармаларымен ерекшеленеді. Екіншіден, бұрынғы Кеңестер Одағында болған
Өзбекстан, Түркменстан, Ресей сияқты ұлт республикаларында қазақтар көп
қоныстанғанымен дәл Қытай мен Моңғолиядағыдай диаспоралық әдебиет
22 0 |
Достарыңызбен бөлісу: |