Қ азақ халқ ының Ұ лттық ойындарының



жүктеу 82.19 Kb.

Дата05.01.2017
өлшемі82.19 Kb.

Қ АЗАҚ  ХАЛҚ ЫНЫҢ Ұ ЛТТЫҚ  ОЙЫНДАРЫНЫҢ 

ШЫҒ У ТАРИХЫ МЕН ДАМУЫ 

 

Оразғалиева Б.Ж., 

4205-топ студенті  

Ғылыми жетекші:  

дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі   

Темиргалиева.М.Х. 

 

2010  жылы  30-қаңтарда  ҚР-ның  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев-



тың  «Жаңа  онжылдық-  жаңа  экономикалық  өрлеу  -  Қазақстанның 

жаңа  мүмкіндіктері»  атты  қазақстан  халықтарына  жолдауында  4.2 

Денсаулық  сақтау  бөлімінде:  туризм  және  спорт  министрлігі 

әкімдерімен бірге елде бұқаралық спортты  дамыту үшін бірлескен 

іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30%  -

ға  дейін  қазақстандықтар  бұқаралық  спортқа  тартылуы  керектігі 

айтылған болатын. 

Осы мақсатта университетіміздің студенттері бос уақытытта-рын 

тиімді  пайдаланып,  салауатты  өмір  салтын  ұстанып,  дәстүрлі 

ұйымдастырылатын  «Студенттердің  денсаулық  күні»,  «Денсаулық 

тобы»  және  тағы  басқа  спорттық  іс-шараларға  қатысып,  дене  шы-

нықтыруларымен айналысады. Сонымен қатар, студенттер спорт-тың 

17  түрінен  спорттық  жетілдіру  секцияларына  қатысады.  Бұл 

секциялардың бірқатар санын қазақтың ұлттық ойындары алып тұр. 

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. 

Солардың  қай-қайсысы  да  адамға,  соның  игілігіне  қызмет  етуге 

бағытталған. 

Осындай  аса  құнды  мәдени  игіліктердің  бірі  -    ұлт  ойындары. 

Бүгінде  ойынды  халық  педагогикасының  құрамды  бөлігі  деп  тегін 

айтпаса  керек,  адам  баласы  жасаған  жеті  кереметтің  қатарына 

сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес. 

Этнограф  –  ғалымдардың  пайымдауынша,  ата-бабалары-

мыздан  бізге  жеткен  ұлттық  ойындарымыздың  тарихы  Қазақстан 

жерінде  б.з.б.  бірінші  мыңжылдықта-ақ  қалыптасқан.  Олардың 

ішінде  тоғызқұмалақ,  қуыршақ,  асық  ойындары  Азия  елдерінде 

тайпалық  одақтар  мен  алғашқы  мемлекеттерде  кеңінен  тарады. 

Біздің  қоғамымыздағы  ұлттық  ойындардың  негізі,  шығу  тегі 

халқымыздың  көшпелі  дәстүрлі  шаруашылық  қарекеттерінен 

бастау  алады.  Бұлардың  көбісі  мал  шаруашылығына,  аңшылыққа, 


жаугершілікке  негізділген.  Ахмет  Жүнісовтың  айтуынша  (Фәни-

ден  бақиға  дейін,  -  Алматы:  «Қайнар»,  1994),  «Өзге  халықтар 

сияқты  қазақтың  да  ертеден  қалыптасқан,  атадан  –  балаға  мұра 

болып  жалғасып  келе  жатқан  ұлттық  ойын-сауық  түрлері  бар.  Зер 

салып  байқап  отырсақ,  ол  ойын-сауықтар  қазақтың  ұлттық 

ерекшелігіне,  күнделікті  тұрмыс-тіршілігіне  тығыз  байланысты 

туған  екен  және  адамға  жастайынан  дене  тәрбиесін  беруге,  оны 

батылдыққа,  ептілікке,  тапқырлыққа,  күштілікке,  төзімділікке  т.б. 

әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, 

«Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедия»  кітабында  қазақтың  ұлттық 

ойындарының  мән-маңызы  туралы  былай  деп  жазылған:  «Қазақ 

ұлты  негізінен  ұрпақ  қамын  басты  мақсат  етіп  қойып,  балалардың 

нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде 

дәстүрлі  бала  тәрбиесінің  басты  құралы  ретінде  ұлттық  ойынды 

орайластырып, дамытып отырған». 

Қазақ  халқы  ұлт  ойындарына  бай  халықтардың  бірі.  Бірақ  ол 

ертеде  ауызекі  туып,  жалпақ  жұртқа  ауызекі  таралып  отырған  да, 

сол себепті көпшілігі бүгінгі күнге жетпей, ұмыт қалған. Қазақ-тың 

ұлттық  ойындары  туралы  қағаз  бетіне  түскен  алғашқы  деректер 

13ғ.  басталады.  Оны  алғаш  жинап,  Еуропа  жұртшы-лығына 

таныстырған  Италия  саяхатшысы  Плано  Карпини  болды.  13  ғ-да 

Еуропа халқына Монғол тарихын  таныстыру мақсатымен саяхатқа 

шыққан. П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, 

осы  өңірді  мекендеген  ру-тайпалардың  тұрмысы,  әдет-ғұрыптары, 

ойын-сауықтары  жайлы  көптеген  этнография-лық  материалдар 

жинаған.  Одан  кейінгі  деректерді  біз  көптеген  ғалымдардың 

еңбектерінен  кездестіруге  болады:  итальяндық  Марко  Пола,  П.И 

Рычков,  Гросс,  Зеленский  т.б.  Қазақтың  ұлт  ойындары  туралы 

алғашқы  пікір  айтушылар  мен  оның  жеке  нұсқаларын  жинау-

шылардың  қай-қайсысы  болмасын,  оны  жоға-ры  бағалап,  көшпелі 

халықтан мұндай өрелі өнерді күтпеген-діктерін сөз етеді. 

Қазақтың  ұлттық  ойындары:  көкпар,  сайыс,  күрес,  теңге  алу, 

алтын  қабақ  ату,  жамбы  ату  т.б.  спорттық  сипатпен  бірге  үлкен 

тәрбиелік маңызға ие болды. 

Қазақтың  ұлт  ойындарының  бір  қыдыруы  асық  ойынынан 

тұрады. Кезінде мән беріп, дұрыс бағасын ала алмаған бұл ойындар 

бүгінде  мүлде  ұмыт  болуға  айналған.  Олай  дейтініміз  «асық 

ойыны»  деген  жалпы  атпен  баспа  беттерінен  анда–санда  шаң 

бергені  болмаса,  осы  күнге  дейін  бірде  бір  асық  ойынының 


нақтылы  түрлері  мен  мазмұны  жазылып,  көпшілік  назарына 

ұсынылмағанын айтсақ болар. 

Тоғызқұмалақ  –  еліміздің  дәстүрлі  ұлттық  ойындарының  бірі. 

Соңғы  деректерге  қарағанда,  оның  шығу  тарихы  4  мың  жылдық 

кезеңді  қамтиды.  Ал  кейбір  мамандардың  айтуынша,  оның  пайда 

болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ 

өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған  ойын болатын. 

Өкінішке  қарай,  ол  Кеңес  Одағы  кезінде    біршама  тоқырауға 

ұшырап,  артынан  тіпті  насихатталмай-ақ  қойды.  Бірақ  еліміз 

тәуелсіздік  алған  кезден  бері  осынау  ұлттық  ойынымыз  қайта 

жандану жолына түсті. Қазіргі таңда  республикамызда оның жеке 

қауымдастығы  бар,  облыс  орталықтарында  тоғызқұ-малақты 

үйренемін 

деушілерге 

қауымдастықтың 

бөлімшелері 

мен 

үйірмелері ашылған.  



Халықтық  педагогиканың  ең  бір  көне  тиімді  құралдарының 

біріне  ойын  жатады.  Ойын  арқылы  бала  қоршаған  ортаны  өз 

бетінше  зерделейді.  Сөйтіп,  өзінің  өмірден  байқағандарын  іске 

асырып,  қоршаған  адамдардың  іс-әрекетіне  еліктейді.  Соның 

нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет 

түрлерін  жаңғыртады.  Мәселен,  қазақтың  ұлттық  ойындары: 

«Бәйге»,  «Көкпар»,  «Алтын  сақа»,  «Хан  талапай»,  «Қыз  қуу», 

«Тоғызқұмалақ»  т.б.  балалардың  еңбекке  деген  қарым-қатынасы 

мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын 

дамытатын,  қызықтыра  отырып  ойдан-ойға  жетелейтін,  тынысы 

кең,  алысқа  меңзейтін,  қиял  мен  қанат  бітіретін  ғажайып  нәрсе. 

Ұлы  педагог  В.И.Сухомлинский:  «Ойынсыз,  музыкасыз,  ертегісіз, 

творчествосыз,  фантазиясыз  толық  мәніндегі  ақыл-ой  тәрбиесі 

болмайды»,  -  дейді.  Демек,  шәкірттің  ақыл-ойы,  парасаты  ұлттық 

салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын 

элементтерін  пайдалану  сабақтың  тақырыбы  мен  мазмұнына  сай 

алынады.  Сонда  ғана  оның  танымдық,  тәрбиелік  маңызы  арта 

түседі.  Оқушыларды  әсіресе,  «Сиқырлы  қоржын»,  «Көкпар», 

«Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз 

жеткізу  қиын  емес.  М.Жұмабаев  ойындарды  халық  мәдениетінен 

бастау  алар  қайнар  көзі,  ойлау  қабілетінің  өсу  қажеттілігі,  тілдің, 

дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп  тұжырымдайды. 

Кезінде  ұлттық  ойындарды  зерттеген  авторлар  қатарында 

М.Тәнекеев,  Б.Төте-наев,  М.Балғымбаев,  Ә.Бүркітбаев,  т.б. 

есімдерін  атауға  болады.  Кеңес  Одағы  кезіндегі  ұлттық 


ойындардың  маңызы  мен  қажетті-лігін  көрегендікпен  қарастырған 

ғалым  Б.Төтенаев  «Қазақтың  ұлттық  ойындары»  (Алматы,  1994) 

атты  еңбегінде  қазақ  ойындарын  бірнеше  топқа  бөліп,  ойын 

шарттарын  жазып,  жастар  үшін  тәрбиелік  мәнін  зерделеп,  ойын 

білдірген.  Сабақта  және  тәрбиеде,  яғни  балабақшалар  мен 

бастауыш  мектептерде  ұлттық  ойынды  ұтымды  пайдаланса, 

алдымен  еңбекке  баулу  және  дене  шынықтыру  пәндерінде 

оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жасау  дағдыларын  қалыптастыру 

шарттары  теориялық  тұрғыдан  негізделсе,  онда  оқушылардың 

білімге  деген  құштарлығын  арттыруға  және  халықтың  асыл 

мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. 2. 

Қазақ  халқының  ұлттық  ойындарының  зерттелуі  Қай  халықтың 

болмасын,  оның  ұлттық  ойындарының  белгілі  бір  мақсаты  мен 

әлеуметтік-психологиялық  тұрғыдан  ерекше  қасиеттері  болады. 

Сондықтан  халық  арасында  қалыптасқан  ойындар  туралы 

сипаттамалық  жинақтар,  деректер  және  құжаттар  дұрыс  зерттеу 

мен талдауды қажет етеді. Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел 

арасындағы  беделі,  тарихи  қоғамдағы  алатын  орны  және  болашақ 

ұрпақты  өсірудегі  қажеттілігі,  оның  шығу  тарихы  туралы  ғылыми 

тұрғыдан  бізге  дейінгі  ғалымдар  да  көп  ізденді.  Осы  мәселеге 

байланысты  зертелеген  ғылыми  еңбектерді  біз  хронологиялық 

шектігіне  қарай  бірнеше  топқа  бөліп  қарастырамыз.  1.  Орыстың 

отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен 

миссионер-лерінің  көшпенділер  хақындағы  зерттеу  жұмыстары;  2. 

Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының 

ұлттық  ойындары  туралы  жазылған  ғылыми  еңбектер;  3.  Мектеп 

жасына  дейінгі  балаларды  дене  шынықтыруға  баулу  әдістерін 

педагогикалық  сипаттағы  бағыт-бағдарлама  тұрғысынан  зерттел-

ген жинақтар. 4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жыл-дан 

бүгінге  дейін)  аталған  тақырыпқа  қатысты  ізденістер.  Алғашқы 

топтама  еңбектің  тарихнамалық  тізгінін  Ә.Диваевтың  еңбегін 

талдаудан  бастайық.  Ол  өзінің  «Игры  киргизских  детей»  атты 

еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа 

бөліп қарастырады. Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-

қауымдық  құрылыс  кезеңінде  өмірге  келген  ойындарды,  екінші 

топтамадағы  дәстүрлі  ойындарға  қозғалыс  ойындарын,  үшінші 

топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың 

дәлелдеуінше,  халық  ойындары  балалар-дың  іс-әрекетін,  қимыл-

қозғалысын  дамытумен  қатар  денсаулы-ғын  шыңдауда  тездетуші 


үрдіс  әрекетін  атқарады.  Ә.Диваев:  «Как  киргизы  развлекают 

детей»  деген  мақаласында:  «бала  бас  бармағын  көтеріп  оған 

пайғамбарымыз  не  дейді  деп  көк  аспанға  қарап,  құдай  тәңірінен 

рұқсат  сұраған»,  -  дей  келіп,  «Бес  саусақ»  ойыны  мен  саусақ 

атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ  пен қимыл-

қозғалыс 

жасау 

әрекеті 


негізінде 

баланы 


тәрбиелеп, 

шынықтырудың 

үлкен 

даналық 


философиялық 

мағынасы 

жатқандығы  сөз  етіледі.  Қазақ  балаларының  ұлттық  ойынына 

тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның 

«О  рождении  и  воспитании  детей  киргизов,  правилах  и  власти 

родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады. Автор бұл 

еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың 

дүниеге  келген  сәтінен  бастап  өсу  динамикасына  дейін  ұлттық 

ойын  мен  қимыл-қозғалыс  әрекетінің  алатын  орны  және 

балғындардың  денсаулығы  мен  дене  мүшесінің  қалыптасып 

дамуындағы  жеке  халық  ойындарының  қажетті  жақтарын  ашып 

көрсетеді.  Қазақтың  белгілі  ғалым  ағартушылары  А.Құнанбаев, 

Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім 

берудегі  тәрбиелік  мәнін  жоғары  бағалап,  өткен  ұрпақтың  дәстүрі 

мен  атын  құрметтеп,  адамдардың  ойы  мен  іс-әрекетін  танып 

түсінуде  жастардың  эстетикалық,  адамгершілік  ой  талабының 

өсуіне  оның  атқаратын  қызметін  жоғары  бағаласа,  М.Жұмабаев 

ойындарды  халық  мәдениетінің  бастау  алар  қайнар  көзі,  ойлау 

қабілетінің  өсу  қажеттілігі,  тілдің,  дене  шынықтыру  тәрбиесінің 

негізгі  элементі  деп  тұжырымдайды.  Ұлттық  ойындар  халық 

тәрбиесінің  дәстүрлі  табиғатының  жалғасы.  Ежелден  дәстүрлі 

ойындарда  халықтың  өмір  сүру  әдісі,  тұрмыс-тіршілік  еңбегі, 

ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, 

күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі 

–  халық  данышпандығының  белгісі.  ХХ  ғасырдың  басында  өмір 

сүрген  этнограф  М.Гуннер  қазақтың  ұлттық  ойындарын  былайша 

жіктейді:  1.  Жалпы  ойындар;  2.  Қарсыласу  мен  күресу  сипатын-

дағы ойындар; 3. Ашық алаңқайдағы ойындар; 4. Қыс мезгілін-дегі 

ойындар;  5.  Демалыс  ойындары;  6.  Ат  үстіндегі  ойындар;              7. 

Аттракциондық-көрініс ойындар. 

Қазақтың  ұлттық  қозғалыс  ойындарын  спорттық  ойындардан 

ажыратып,  алғаш  рет  бөліп  қараған  ғалым  М.Гуннер  қазақ 

ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындар-ды 

оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін 



бір  жайт,  Қазақ  КСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің                      1943 

жылғы  шешіміне  сәйкес  1949  жылы  жарық  көрген  «Краткий 

сборник  казахских  народно-национальных  видов  спорта»  атты 

еңбегі  М.Гуннердің  толықтырып,  өңделген  кітабы.  ХХ  ғасырдың 

басында  көшпенді  халықтар:  қазақ,  өзбек,  қырғыз,  түркімен, 

қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақ-тап, 

олардың  ұлттық  мәдениетінің  тармағы  –  халық  ойындары,  оның 

ішіндегі  құрамдас  бөлшегі  болар  ойынын  жинап  зерттеуді 

Түркістан  генерал-губернаторы  арнайы  шенеуніктер  мен  миссио-

нер  ғалымдарға  жүктеген.  Орыс  ғалымы  А.Васильев  «Игры 

сартовских  детей»  атты  мақаласында  Ферғана  және  Сырдария 

аймақтарын  мекендеген  өзбек  халқының  ұлттық  ойындарының 

бірнеше  түрлерін  ажыратып,  топқа  бөліп,  нақты  зерттеген.  Ізденіс 

барысында  автор  Ферғана  балаларының  күнделікті  ойнайтын 

ертеден  келе  жатқан  дәстүрлі  «Гимчук  тушты  бошимга»  ойыны 

Ташкенттегі  сарт  балаларына  таныс  емес  екендігін  айтады.  Ал 

М.Гавриловтың  авторлығымен  жазылған  «Перепелиный  спорт  у 

Ташкентских  сартов»  атты  мақаласына  өзбек  халқының  ойын 

түрлерінің  айрықша  маңыздысы  жыл  мезгілдерінің  белгілері 

уақытында  «Құстар  ойынын»  (тауық,  қаз,  т.б.)  ойнаудың  ережесі, 

ойын  түрлері,  тәртібі  зерттеледі.  Кеңес  дәуірі  жылдарында 

қазақтың  ұлттық  дәстүрлі  халық  ойындары  күн  тәртібіндегі  өзекті 

мәселе  болғанына  қарамастан,  сол  тоталитаризм  кезінде  дәстүрлі 

ұлттық  ойындарды  зерттеген  авторлар  қатарында  М.Тәнекеев, 

Б.Төтенаев,  М.Балғымбаев,  Ә.Бүркітбаев,  т.б.  есімдерін  атауға 

болады.  Әсіресе  М.Тәнекеев-тің  қазақтың  ұлттық  және  дәстүрлі 

ойындарын  зерттеген  деректерінің  өзі  жеке  мәселе.  Оның  негізгі 

еңбектері  Қазақстан-дағы  спорт  пен  дене  тәрбиесі  саласына 

арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы 

сияқты  көкейтесті  мәселесінің  негізін  қалаған  М.Тәнекеевтің 

авторлығымен шыққан алғашқы туынды «Казахские национальные 

виды  спорта  и  игры»  (Алматы,  1957).  Бұл  зерттеуінде  ізденуші 

қазақтың  «Тоғызқұ-малақ» ойынының  ереже тәтіптерін таразылап, 

халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да 

ұлттық  қозғалмалы,  спорттық  ойын  түрлеріне  тоқталып,  анықтама 

беріп  жіктеп,  құнды  мұрағат  деркетеріне  сүйене  отырып,  ғылыми 

сараланған  пікірлер  айтады.  Ғалым  негізінен  Қазақстандағы  Қазан 

төңкерісіне  дейінгі  кезеңде  дене  тәрбиесі  мәдениетінің  дамуын 

талдай отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың 


екі даму бағытын қара халқтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны 

формациялық  әдістемеге  сүйеніп,  яғни  таптық  тұрғыдан 

қарастырады.  Сонымен  бірге  ғалым  зерттеуіне  әскери  қолданбалы 

маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл 

Ресей  патшалық  өкіметінің  саяси  көзқарасын  көрсетеді. 

М.Тәнекеевтің 

аталған 

еңбегінде 

таптық-формациялық 

идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол заманға сай зерттелге-ніне 

қарамастан,  бүгінгі  күні  өз  құндылығын  жоймаған,  ғылыми 

тұрғыдан  аса  жоғары  еңбек  болып  табылады.  М.Тәнекеевтің 

басшылығымен  бұдан  басқа  да  бірнеше  ғылыми  монографиялық 

еңбектер жазылды. Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы 

мен  қажеттілігін  көрегендікпен  қарастырған  ғалым  Б.Төтенаев 

«Қазақтың  ұлттық  ойындары»  (Алматы,  1994)  атты  еңбегінде 

дәстүрлі  қазақ  ойындарын  бірнеше  топқа  бөліп,  ойын  шарттарын 

жазып,  жастар  үшін  тәрбиелік  мәнін  дәлелдеп,  ойын  зерделеген. 

Аталған  автор  қаламынан  халықтың  этнопедагогика  мен  ұлттық 

ойындар  арасындағы  байланыс  және  ойындардың  ертеңгі 

болашаққа  керекті  қасиеттілігін  зерттеген  басқа  да  қомақты 

ізденістер  дүниеге  келеді.  Е.Сағындықовтың  авторлы-ғымен 

жазылған  ғылыми  монография  «Ұлттық  ойындарды  оқу-тәрбие 

ісінде  пайдалану»  (Алматы,  1993)  деп  аталады.  Ғылыми  еңбекте 

қазақ  мектептерінде  І-ҮІ  сыныптарда  қазақ  халық  ойындарын 

жекелеген классификацияларға топтап, оны сабақта және сабақтан 

тыс  тәрбие  жұмыстарында  қолдану  әдістері  анықталып,  қазақ 

халық  ойындарына  педагогикалық  талдау  жасалып,  оқу  үрдісінде 

пайдалану  қажеттілігі  негізделеді.  Ә.Бүркітбаевтың  авторлығымен 

1985  жылы  жазылған  «Спорттық  ұлттық  ойын  түрлері  және  оның 

тәрбиелік  мәні»  жинағында  ұлт  спорты  түрлері  мен  ұлттық  спорт 

ойындарының  балалардың  күнделікті  өміріндегі  алатын  орны, 

тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі 

қарастырылса,  М.Балғымбаевтың  «Қазақтың  ұлттық  спорт  ойыны 

түрлері»  (Алматы,  1985)  атты  еңбегіндегі  ат  спортына  қатысты 

бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, 

т.б.  жарыс  түрлеріне  салыстырмалы  талдау  жасалады.  Бала 

өміріндегі  ұлттық  және  спорттық  қимыл-қозғалыстың  және 

ойынның  алатын  орны,  формасы  және  мазмұны  үлкен  адамның 

тұрмыстық 

күйімен, 

еңбек 


түрімен 

және 


мазмұнымен 

салыстырылса,  қаладағы  қажеттіліктің  бір  тұсы  адамды  дағдыға 

үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның 


мәнін  баланың  дербес  іс-әрекеті,  айналасындағы  өзгерістерді 

танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді 

Еліміздің  егемендік  алуы  Қазақстандағы  дене  шынықтыру, 

ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. 

Осы  орайда  соңғы  жылдары  біздің  қарастырып  отырған  ізде-ніс 

тақырыбымызға  орай  бірнеше  ғылыми  еңбектер  жарық  көрді. 

Е.Мұхиддинов  қазақтың  ұлттық  ойындарын  дамыған  қоғамдағы 

әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады.  

Дене  шынықтыру  пәнінің  теориялық  дәлелдемесін  қазақтың 

ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды. 

А.Құралбекұлы  мен  С.Әкімбайұлы  жалпы  білім  беретін  қазақ 

мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопеда-гогикасы 

материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық 

ойындарды  тиімді  пайдаланудың  ғылыми  теориялық-әдістемелік 

негіздеріне  сүйене  отырып  талдау  жасаса,                    А.Айтпаеваның 

ғылыми  еңбегінде  орыс  тілінде  оқытатын  мектеп-тердің  бастауыш 

сынып  оқушыларын  тәрбиелеу  құралы  ретінде  қазақ  халқының 

ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, 

олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған. 

Сонымен  түйіндеп  айтарым,  қазақтың  ұлттық  ойындарының 

басқа  халықтардың  ұлттық  ойындарынан  айырмашылығы  -  оның 

шығу,  пайда  болу  тегінің  ерекшелігіне  байланысты  белгілі  бір 

тәрбиелік  мақсат-  бірлігін  көздейтінінде.  Жоғарыда  аталған  іс- 

шараларды  қолға  алып,  қазағымыздың  ұлттық  ойындарын  қайта 

жаңғыртатын  болсақ,  қазақ  халқының  жоғалып  бара  жатқан  салт- 

сана, дәстүрімізді өз қалпына түсіріп, ата-бабамыздан бізге жеткен, 

өткен  мен  бүгінді  байланыстыратын  баға  жетпес  байлы-ғымыз, 

асыл қазынамызды қайта жаңғыртқанмен бірдей болар едік. «Ойын 

дегеніміз  ұшқын,  білімге  құмарлық  пен  еліктеудің  маздап  жанар 

оты» . Міне,  ойын дегеніміз, тынысы кең, алысқа меңзейтін ойдан 

ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып 

нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін.  



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. «Қазақтың ұлттық ойындары»  Е. Сағындықов. 

2. «Қазақтың ұлттық ойындары»  Б. Төтенаев. 

3.  ҚР-ның  президентінің  халыққа

 

жолдауынан  үзінді  (денсаулық 



сақтау бөлімінен). 

 

 






©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал