Мектепке дейінгі жастағы бала ерекшеліктері Cәбилік шақ – адамның қалыптасуындағы маңызды кезеңі. Жалпы, баланың дене және жүйке-психикалық жағынан дамуы өмірінің алғашқы екі жылында өте қарқынды жүреді.
Сәбилік шақта баланың денсаулығын сақтау және нығайту маңызды, себебі оның ағзасының ауруларға қарсыласу қабілеті төмен, баланың ауыруы оның жалпы дамуына жағымсыз әсерін тигізеді. Денсаулығының нашарлауы олардың жалпы психологиялық жағдайына тікелей әсерін тигізеді: бала ашуланшақ болады, көңілі самарқау болып, ойнауға зауқы соқпайды, тез шаршағыш келеді.
Сәбилік шақтың ерекшелігінің бірі – бала көңіл-күйінің тұрақсыздығы. Мысалы, бала болмашы жағдайға жылайды да ұзақ уақытқа дейін жұбанбайды, ал кейде керісінше көз жасы құрғамай жатып-ақ жүзіне күлкі үйіріледі. Баланың өмірінің дұрыс ұйымдастырылуы, айналасымен әрі ата-анасымен жылы қарым-қатынасы оның дұрыс жетілуіне тікелей әсерін тигізеді.
Сәбилік шақтағы басты міндеттер – балалардың шатты көңіл-күйін, байсалды мінез-құлқын қалыптастыру, жүйке жүйесіне залал тигізбеу, орынсыз шаршап, шалдығудан сақтандыру. Бұл шақта балалар жүйкесіндегі қозу үдерісі тежеу үдерісінен басыс келеді. Сондықтан да, 3-4 жастағы балалар қимылын тежегенді аса ұната қоймайды. Балабақшаларда балалардың дәл осы ерекшеліктері ескеріліп, әр баланы жеке дара күтіге мүмкіндік беретін күн тәртібі енгізілген.
Сәбилік шақтағы сіңірілетін шартты рефлекстер яки дағдылар баланың денсаулығы мен өсуі үшін қолайлы да, қолайсыз да болуы мүмкін. Мәселен, қолайлысы – белгілі бір уақытта ұйықтау, ояну, белсенді түрде ширап, икемге келу; қолайсызы – тек тербеткенде ғана ұйықтау, бос емізікті сору немесе емізік сорып жатырмын деген оймен өз тілін не саусағын сору, ересек адамның қолында ғана сергу не ұйықтау. Негізінен баланың бойына сәби кезінен сіңген дағдыны өзгерту қиынның қиыны. Ал, қайта тәрбиелеу – өте күрделі және жүйке жүйесінің жұмысы үшін зиянды болғандықтан баланың туғаннан бастап оның дұрыс тәрбиеленуін қамтамасыз еткен шарт.
Дұрыс тәрбие әрі дағдыландыру нәтижесінде сәби екі айлық болғанда, белгілі бір уақытта ұйықтап, оянады, белгілі бір уақытта қарны ашқанын сезіп, тамақ ішкісі келеді. Ұйқысы қанық, қарыны тоқ сәби тыныш, көңілді, зерек болып жетіледі.
Балалардың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру – тәрбие жұмысының міндеттерін жүзеге асыру үшін таңдап алынған оның нысандары мен әдістерінің тиянақтылығына байланысты.
Бала өмірінің алғашқы жылы шартты түрде мына кезеңдерге бөлінеді:
туғаннан бастап 2,5 - 3 айға;
2,5 - 3-тен 5-6 ай;
5-6 дан 9-10 айға дейін;
9-10 айдан 1 жасқа дейін.
Кезеңдер сипаттамасына тоқталсақ:
Туылғаннан 2,5-3 айға дейінгі кезеңде баланьң дамуында көру, есту, эмоционалдық реакциялары аныкталады. Осы уақытта бала бойында ересек адамға деген ерекше эмоционалдық-қимылдық реакциясы пайда болады. Бала қолдарымен, аяқтарымен белсенді қозғалыстар жасайды, күлімдейді, түрлі дыбыстар шығарады, жалпылама белсінділігі дамиды. Балада жағымды эмоцияның пайда болуының дамуы, оның көру және есту қабілеттерінің дамуына әсер етеді.
Бірінші айдың соңында бала ересек адамның мейірімді дауысына жауап ретінде жымия бастайды, ал 2,5 айында ересек адамды немесе ойыншықты көрген сәтінде жиі жымияды. Сол себепті, балаға барынша мейірімді сөйлеген дұрыс. Осы уақытта баланың көз алдына баяу қозғалатын түрлі ойыншықтарды көрсету, оған барынша мейірімді сөйлеу қажет. Сондықтан, осы кезден бастап-ақ баланың көзінен 40-60 см қашыктықта болатындай манеж немесе бала арбасына ашық түсті сылдырмақтарды іліп қою ұсынылады.
2,5-3 айдан 5-6 айға дейінгі кезенңде көру, есту және дауыстық реакциялар жетіледі, қолмен ұстауы дамиды және еңбектеуге даярлық қимылдары пайда болады.
5-6 айында баланың психикалық дамуы айтарлықтай өзгереді: дыбыстарды, түстерді және заттарды ажырата білу қабілеті дамиды. Бала айналасындағы адамдарды қарап таңдайды. Егер сезім мушелері белсенді дамып жатса, бала үш айда өз анасын тани бастайды, ал 6 айда таныс адамын көрсе қуанады, бейтаныс адамды көргенде жылайды, тepic айналады. Осы кезде ересек адамның сөйлеу интонациясын ажыратады, дауыс көтерген жағдайда қорқып, жылап жіберуі әбден мүмкін.
Дәл оыс кезеңде баланың есту кабілеті қарқынды дамиды. Осы даму жолы дұрыс жүруі үшін қолайлы акустикальқ орта қажет; қатты дыбысталатын теледидар, радио қабылдағыш тек есту дамуына кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар болашақтағы баланың сөйлеу қабілетіне де залалын келтіреді әрі жүйке жүйесінің кызметін бұзады.
Естудің, оң эмоциялардың арқасында өзіне үлкендердің назарын аударту мақсатында бала 4-5 айында әндетіп дыбыс шығаруды, ал 6-7 айда - былдырлауды қалыптастырады.
3 - 6 айында балаларда қолдың қозғалысы дамиды, ойыншықты ұстап зерттеуді бастайды. 4,5 - 5 айда ойыншықты ересек адамның колынан, ал 6 айында өз еркімен ешкімнің көмегінсіз-ақ ойыншықты алады. Ойыншықпен ойнау барысында, бала жалпы ic-қимылдарға үйренеді: шалқасынан қырына аунайды, ішімен жатады, ішінен шалқасына ауысады. Бұл кезеңде бала 1,5-тан 2 сағатқа дейін сергек жүреді. Сондай-ақ, еңбектеуді бастап, бұлшық еттері беки түседі, ересектердің өзіне деген көңілдерін түсінеді әрі көргенін қайталай бастайды. Мәселен, ересектердің билегенін көрсе қол қимылдарымен ырғаққа келеді немесе есікті тоқылдатқанын көрсе, өзі де тоқылдатып көріп, айналасын зерделейді.
5 - 6 айдан 9 айға дейінгі кезеңде балалар сөйлесу барысында дыбыстарды анық айтады. «Қайда?» деген сұрақ бойынша ересек адамның сөзін түсініп, сол заттың орнына байланысты (сағат, қуыршақ және т.б.) бастарын нысанға қарай бұрады. Бірақ, сол нысанның орны өзгерсе, таба алмайды. Ал, 9 - 10 айында балалар аталған затгарды орналасқан орнына қарамастан табады. Осы кезеңде балалар дербес жүріп, ойындарға мақсатты түрде араласып, ересектердің іс-әрекеттеріне және сөзіне еліктей бастайды, объектшерді бір-біріне жатқызады, балалардың қоршаған адамдармен араласу кажеттілігі артады. Баланың пассивті сөздік қорында 20-30 сөз болады. Балалар «болады», «болмайды» деген сөздерді түсіне бастайды.
Осы сәби шағында баланың ең алғашқы психологиялық процестері мен жеке касиеттері белсенді түрде қалыптасады. Бала ойыншыққа жетіп, ойыншықты ұстап алуға тырысады, қозғалыстар үйлестіріледі, бұл объектіердің қарапайым манипуляциясына әкеледі. Бала затты немесе ойыншықты лақтырып тастайды, оны шайқайды, тіпті ұрады, осылайша ойыншығының касиеттерімен, белгілерімен танысады, солай ғана бала коршаган әлеммен танысады. Осы кезеідегі ең үлкен жетістігі әрі өзі үшін ең үлкен жаңалығы – жүруі мен сөйлей білуі болып табылады.
Нәрестелік кезеңінің ерекшеліктері:
-физикалық және ақыл-ой дамуыньң жылдам қарқыны;
-қимылдық белсенділікті, үйлесімділікті қалыптастыру;
-заттармен іс - әрекет негізінде ақыл-ойды дамыту, жақын адамдарға түсінікті және жағдаятты сипаттаманың пайда болуы;
-ересектермен қарым-қатынастың қарқынды дамуы
-ашық түстерді, фигураларды қабылдау;
-әуенге, ән айтуға эмоционалдық жауап берудің дамуы.
Бұл кезеңде балалармен ересектер көп сөйлесуі керек. Себебі, позитивті, эмоционалды қарым-қатынас баланың толық дамуына, теңгерімін қалыптастыруға, қауіпсіздік сезіміне, айналасын танып-білуіне ықпал етеді. Осы кезеңде балаға білім беру, педагогикалық ықпал ету әрі ересектермен қарым-қатынас жасасу, заттармен әрекеттесу аса маңызды. Бала тыңдау, көре білу, есте сақтау, әрекет ету дағдыларын меңгереді, объективті ойлауын қалыптастырады. [1]
Енді, ерте балалық шақ кезеңіне көшелік. Ерте жас – бір жастан екі жасқа дейінгі психофизиологиялық прцестердің жылдам қалыптасу кезеңі. Бала өмірінің алғашқы екі жылы физикалық және нейропсихикалық дамудың жылдам қарқынымен сипатталады. Бала өмірінің бұл кезеңі келесідей кезеідерге бөлінеді:
1 жас – 1 жас 3 ай;
1 жас 3 ай – 1 жас 6 ай;
1 жас 6 ай – 1 жас 9 ай;
1 жас 9 ай – 2 жас.
1 жас – 1 жас 3 ай аралығында бала қозғалысты меңгеріп, сыртқы әлеммен өзара әрекеттеседі. Мәселен, белгілі бір затты көріп, оған барады, көздеген заты ойыншық болса, оны алып көреді, ал орындық болса, орындыққа отырады.
1 жас 3 айдан 1 жас 6 айға дейін бала кеңістікте қозғалып, өз қабілетіне деген сенімділігін арттыра түседі. Сезім мүшелерінің көмегімен заттың сапасын таниды. Заттық іс-әрекет бала өмірінің осы кезеңінде жетекші болып табылады.
1 жас 6 ай мен 1 жас 9 ай арасында бала тек өз қолының дағдыларын ғана емес, күрделі дағдыларды, мысалы, заттар мен құрал-саймандарды меңгереді. Яғни, бала заттардың функционалдық қызметтерін меңгере бастайды: бала тарақты шашына тигізеді, қасықты аузына апарады, құмды шелекке салады, күрекшемен жер қазады, су құйғышпен су құяды, т.с.с. Осылайша, өзінің сезімін, әсерін айтқысы келеді. Осы жаста-ақ бала әлеуметтік тұрғыда дамиды. Мұны баланың келесі әрекеттерінен байқауға болады: бала өзі тамақтанады, аяқ киімін өзі киюге ұмтылады.
1 жас 9 айдан 2 жасқа дейін бала осы күніне дейні қол жеткізген жетістіктеріне қорытынды жасай бастайды. Бала қоршаған әлем туралы барлық ақпараттарды сөйлеу арқылы жеткізуге ұмтылады. Бұл кезеңдегі де жетекші орын алатын жетілдіруші – заттық іс-әрекет болып табылады, тек бастапқы сәбилік шақтан айырмашылығы – бала осы заттық іс-әрекеттерін саралап, ойлана түседі. Сондықтан да, осы кезеңде баланың адам ретінде рухани қалыптасуының ең алғашқы сатысы жүзеге асады. Әрі баланың мінез-құлқындағы дербестіктің алғашқы белгілері пайда болады, мәселен бала өздігінен белгілі бір іс-әрекетке ұмтылады, ал баланы осы әрекетке жетелеуші оның ерік-жігері болып табылады. Сондай-ақ, бала өзін өзі таниды. Мәселен, өз атын, өз жынысын, өз ұлтын біледі.
Ерте жас ерекшеліктері:
-белсенді сергектік уақыты 4-4,5 сағатқа дейін арта түседі;
-бала негізгі өмірлік қоз,алыстарды (жүру, жүгіру, еңбектеу, заттармен әрекеттесу);
-ана тілінде біршама сөздерді біледі;
-өзіндік мінез-құлқының базасы қалыптасады;
-өзін, өз жынысын біледі.
Баланың өмірінің келесі кезеңі 3 жасқа толуы. Бұл жасқа келген балалар психологиялық тұрғыда әлемнің бір бөлшегіне айналады, күнделікті өмірдің көптеген нысандарын пайдалануды біледі және заттық әлемдегі құндылықтарды сезінеді. Өзіне өзі қызмет етіп, тәуелсіздікке жетілуге ұмтылады. Бала «Мен өзім істеймінге» көшеді. Баланың өз бетінше әрекет жасауына деген тілегі әрдайым ұдайы қанаттандырылмаса, қиқарлық қасиеті қалыптасып, әрдайым айналасынан көмек күтуге зәру болуы ықтимал. Сол себепті, балаға мүмкіндік берген жөн немесе балаға бір істі тапсырып, орындауын өтінуге де болады. Мысалы, ойыншықтарды жинау, бір затты алып келу не орнына қою. Осылайша, бала өзін өзі бағалап, ересек адамдардың алдында өзін лайықты әрі шебер көрсетуге талпынады. Ересектердің мақтауы мен айыптауына бұрынғыша сезімтал болып келеді. Сондай-ақ, бейтаныс адамдарға деген қызығушылығы артады. Адамдарды ұнатып немесе ұнатпауды бастайды. Бала ересектермен және балалармен тілдесіп, қарым-қатынас орнатады, қарапайым мінез-құлық, қоғам этикетіне сай ережелерге бағына бастайды. Сондай-ақ, адамдарға сенім артып, әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Есте сақтау, жады процестері жетілдіріледі. Ересек адамдардың әңгімесінен олардың әңгімесі жөнінде өз ойын қалыптастыруды бастайды. Сонымен қатар, осы кезеңде бала бойында аяушылық сезімі, көмек көрсетуге құлшыныс сезімі көріне бастайды. Әрі осы кезеңде баланың қиялы өте тез дамиды. Қиял әлеміне сүңгу мен есте сақтау қабілетін жетілдіру мақсатында келесідей іс-әрекеттерді жасауға болады: сурет салу, қолөнермен айналысу, конструктор бөлшектерінен құрылыс ғимараттарын құрастыру, т.с.с. [2]
Осы кезеңнен соң бала 4 - 5 жасқа толады. Бұл кезеңде бала ең алдымен гигиеналық даңдыларын жетілдіріп, оларды орындауға өз бетінше әрекеттенеді. Мысалы, өздігінен жуынуға, киімін киюге, киімдерін, ойыншықтарын жинап, таза ұстауға, тазалауға ұмтылады. Баланың қоршаған ортасындағы адамдарға деген қызығушылығы арта түседі. Бала бойында бауырмалдық қасиеті көріне бастайды. Айналадағы объектілердің, болған жағдайлардың қасиеттері мен сапасын, әрекеттері мен функционалдық белгілерін сипаттай алады. Бала мағыналас сөздер мен мағыналары қарама-қарсы сөздерді таңдап, жалпылама қолдануға кіріседі. Осы жаста баланың кеңістіктегі бағдарлары жақсарып, жадының көлемі ұлғая түседі. Әрі баланың ерікті есте сақтау қабілеті дами түседі. Мысалы, ол тақпақ жаттайды, қарапайым пішіннен күрделі объетілерді қалыптастыра алатын болады. Сондай-ақ, балалар көркем ойлау қабілеттерін дамытып, назардың тұрақтылық деңгейін арттырады. Өмірінің осы кезеңінде бала көркем-визуалды-музыкалық шығармаларды саналы түрде қабылдайды. Мысалы, оқиға немесе ертегі сюжетінің желісін ұғып, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білетін болады, оқиға себеп-салдарын анықтайды. Баланың сурет салу қабілеті дамиды. Оның суреттерінде объективті және егжей-тегжейлі элементтер көрініс табады. Мысалы, тікбұрышты, сопақ пшінді, жануарлардың қарапайым бейнелерін сала алады. Ермексаздан дөңгелек, сопақ, цилиндрлік пішінді балық, құс мүсіндерін жасай алатын болады. Түзу, диагональ, дөңгелек, сопақ пішінді кесу әдістерін меңгереді.
Осы кезеңнен өткен соң бала естияр мектеп жасына дейінгі жасқа, яғни 5 - 7 жасқа толады. Бұл жаста балалар ағзасының барлық физиологиялық жүйесі, атап айтқанда, жүйке, жүрек – тамыр, эндокриндік, тірек – қимыл аппараттаның жылдам дамуы мен қайта құрамдалуы жүзеге асқан, қалыптаса түскен болады. Бала салмағы өседі, әлдеқайда бойы да өседі. Бала миы ересек адамның миының көрсеткіштеріне жақын болады. Мұның бәрі мектеп жасына дейінгі баланың мектеп жүйесімен байланысты күшті психикалық және физикалық күйзелісті қамтитын жас өсуінің жоғары сатысына көшуге дайын екенін дәлелі болады.
Бұл жаста болашақ тұлғаның негізі қаланған, тұрақты дағдылары қалыптасқан, жаңа әлеуметтік қажеттіліктері пайда болады. Ең алдымен, ересектер мен өзін - өзі құрметтеуді тану қажеттілігі, күрделі жұмысты орындау ниеті. Мектеп жасына дейінгі балалардығ бойында бейнелі ойлаудың әртүрлі нысандарын дамыту үшін қолайлы мүмкініктер жасалады. Бұл жастағы бала психикалық проблемаларды шешеді:
-өте сезімтал болмақ;
-сөйлеуді дамыту ойларды дамытуға, себеп-салдарлық қатынастарды түсінуге әкеледі;
-ақыл-ой мен практикалық іс-әрекеттің жаңа қарым-қатынасы көрінеді, ойлаудың негізінде іс-әрекеттер пайда болады, жоспарланған ойлау күшейеді.
Балалар бойында білімге деген құштарлығы ояна түседі. Осы кезеңде балалар өз еріктерімен тапсырмаларды орындайды, ересек адамның түсініктемесіне мұқият құлақ салып, берілген үлгі бойынша нұсқауларды орындайды. Бұл жастағы балалар білуге құмар, ересектерге көбінесе «Неге?» деген сұрақты жиі қоя түседі. [3]