Қ азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Баяндама
Тақырыбы:Көркем шығармашылық іс-әрекет негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу негіздері
Мазмұны: 1.Мектепке дейінгі жастағы бала ерекшеліктері
2.Мектепке дейінгі педагогика
3.Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі
4.Эстетикалық тәрбие
5.Көркем шығармашылық негізіндегі эстетикалық тәрбие беру
Кіріспе Қоғамда өмір сүретін, сол қоғамнын мүшесі, қоғамда атқаратын рөлі, орны, белгілі құқығы бар накты адамды — жеке адам деп түсінеміз. Жеке адамнын белгілі дәрежеде рухани, денесі және психикасы жағынан дамыған тұлғасы, белгілі көзқарасы, өзгелермен қарым-катынасы, өзіндік талап-тілегі, белсенділігі т. б. моральдық касиеттері болады. Бұлардын бәрі даму, тәрбие аркылы бірте-бірте қалыптасады. Ал қалыптасу дегеніміз адамның, жеке басының дамуы мен тәрбиенің нәтпжесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Адам қасиеттерінің дамуы сәбилік шақтан басталып, мектепке дейінгі, мектеп шағында да, есейген шақта да жетіле береді. Бала өмірінің алғашқы үш-бес жылын ғалымдар «ұлы бастаулар уақыты» деп атайды.Сондықтан да мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиесі өте маңызды. Соның ішінде эстетикалық тәрбие беру негіздері осы жұмыста жазылған. Эстетикалық тәрбиеде өнерге ерекше рөл беріледі. Ол толғанта және қуанта отырып, балалар алдында өмір құбылыстарының мәнін ашады, оларды қоршаған дүниеге үңіле қарауға мәжбүр етеді, зұлымдықтан жиренуге үйретеді. Өнер құралдарымен эстетикалық тәрбие беру «көркем тәрбие» терминімен белгіленеді. Әдебиеттің немесе өнердің талантты шығармасы — бұл ұлттық игілік. Көркем сөз, сан құлпырған бояу ажары, тасқа жан бітіргендей шеберлік үйлесімі, үн сазы замандастарымызға шабыт беретінін, біздің ұрпақ туралы, біздің заманымыз туралы, оның толғаныс-тебіреністері мен жеңіс-табыстары туралы жан мен жүрек естеліктерін келешек ұрпақтарға жеткізетінін біз жақсы білеміз. Баланы адам қарым-қатыпасындағы жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге, формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігіп қабылдауға үйрету дегеніміз оныц жанын рухани жаңғыртып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз. Әрбір бала-еліміздің болашағы. Балалардыц ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекетінің, адамгершілік-ерік қасиеттерінің деңгейі неғүрлым жоғарылағанын көрсетті. Бүл сәби кезден-ақ байқала бастайды. Сондықтан балабақшаның баланың адамгершілік әлпетін қалыптастырудағы рөлі мен мәні артып келеді. Осы себепті де осы жұмыста мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі, оның ішінде көркемөнер арқылы балаға эстетикалық тәрбие беру негіздері баяндалған.