бет 3/3 Дата 14.03.2023 өлшемі 41,79 Kb. #73943
Байланысты:
Артериалды гипертензия патан Асқынулары
Жиі кездесетін асқынуларының бірі – гипертониялық криз (дәрігерлік көмекті қажет ететін кенет қан қысымының жоғарылауы). Бұдан басқа гипертонияның асқынуларына жатады:
жүректің гипертензивті ауруы
нефросклероз, бүйрек жеткіліксіздігі,
жүрек жеткіліксіздігі,
тамырлар тромбозы ,
жүрек гипертрофиясы
миокард инфарктісі
инсульт
жүкті әйелдерде - преэклампсия мен эклампсия.
Алдын алуы
Алдын алу шаралары бірнеше қарапайым ұсыныстарға негізделген:
дұрыс тамақтану , тұз мөлшерін азайту
бірқалыпты физикалық жүктемелер
ішімдік пен темекіден бас тарту
артық салмақты азайту
стрестік және жанжалдық жағдайларды азайту
артериалды қан қысымын өздігінше бақылау (үйдегі тонометрмен)
емхана мен амбулаторияда жасқа байланысты тегін скринингтерден уақытылы өту
жүктілік бойынша уақытылы есепке тұру
Себептері
Эссенциалды гипертензияның себебі белгісіз, тек тұқымқуалаушылық фактор маңызды рөл атқаратыны мәлім.
Арандатушы факторларға жатады:
даму ақаулары (мысалы, туған кездегі ауытқымалы салмақ);
босану жарақаттары;
ауа-райы;
дұрыс тамақтанбау ,
төмен сапалы су;
жұмыстың зиянды шарттары
тұрғын үй микроклиматы ;
жеткіліксіз демалыс;
дыбыстық және электромагниттік өріс, сәулелендіру;
дәрумендер, микроэлементтердің тапшылығы ;
күйзелістер;
тыныс алудың уақытша тоқтауымен жүретін түнгі қорылдау;
ісіктер;
дәрілік заттар;
гормоналды бұзылыстар.
Достарыңызбен бөлісу: