✓ білім алушылардың білімін толықтыру


Ескерту: 2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек



бет2/3
Дата03.09.2022
өлшемі55 Kb.
#38406
1   2   3
Байланысты:
Түсінік хат 2023

Ескерту: 2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
5-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат;
6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат.
7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат.
9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат.
10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме: - қоғамдық-гуманитарлық бағытта 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат; - жаратылыстану-математикалық бағытта 2 сағаттан, оқу жылында 72 сағат.
1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні оқу жылының ІІ жарты жылдығынан бастап аптасына 1 сағаттан оқытылады. Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 3.Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4- қосымша) өзгерістер енгізілді).
5-9 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» («Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына) бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған Информатика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы» (№9 қосымша) бойынша жүзеге асырылады.
5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша
жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді;
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.
10-11 сыныптарда «Информатика» оқу пәні «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 171 өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасымен қоғамдық-гуманитарлық бағытта 15- қосымшаға және жаратылыстану-математикалық бағытта 14-қосымшаға сәйкес оқытылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды компьютерлік жүйелерді, ақпараттық объектілерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді құру және өңдеу, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану, жаңа қосымшалар әзірлеу үшін қажет базалық біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мазмұны веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеуге қажет білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған. Қосымшалар дайындауда конструкторлық программалық жабдықтар қолданылады.
Білім алушыларды робототехника, программалау, 3D-модельдеу қызықтырады. Осы қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін неғұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттіліктер қажет. Озық технологияларды меңгеру, топта жұмыс істеуді үйрену және «Информатика» пәнінен алған дағдыларын дамыту, жобалық жұмыстарды жүргізу үшін үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонент есебінен:
- 4, 5-11 - сыныптары үшін «Робототехника»;
- 8, 9 – сыныптары үшін «3D-модельдеу»;
- 6, 8-11 сыныптары үшін «Python тілінде программалау» элективті курстарын жүргізу ұсынылады.
Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде «Информатика» пәні бойынша қарастыру үшін ұсынылатын өзекті мәселелер мен тақырыптар:
− Информатика пәні бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу;
− «Информатика» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру;
− Информатиканы оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын жетілдіру;
− Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет