• Əлеммен тез байланыс орнату мүмкіндігінің болмауы; • Соқырсаңыраулардың



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі164,45 Kb.
#8391

 

 

246 



• Əлеммен тез байланыс орнату мүмкіндігінің болмауы; 

• Соқырсаңыраулардың 

көріп-еститіндерге 

қарағанда 

алатын 

міліметтері 



шектеулі; 

• Дағдарыстық жағдай психикалық дамудың бұзылуына алып келеді. 

 

 

 



Əдебиет: 

1.

 



Нурманбетова  У.Е.  Мүмкіндіктері  шектеулі  балалар.  Интеллектуалды  даму  кемістіктері 

//Оқулық құрал. - Қарағанды, 2003. 

2.

 

Тебенова К.С. Дамуындағы ауытқулары бар балалар/Оқулық құрал. – Қарағанды, 2003. 



3.

 

Құдиярова Г. Психиатрия. – Алматы, 1994. 



4.

 

Нурмухамбетова  Т.Р.  Псиологиялық  дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  ақыл-ойының  даму 



деңгейін диагностикалау. //Оқу-əдістемелік құрал. – Шымкент, 2009.  

 

 



 

ƏОЖ 347. 6 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУЫНДА 



ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ 

 

Уалиева А.Б., Ибраева К.И. 



(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 



 

Егемен еліміздің ертенгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Дені сау, рухы таза ұрпақ 

өсіріп тəрбиелеу ең маңызды да негізгі мəселе. 

Жанұя  –  адамзат  өміріндегі  өз  жалғасын  табатын,  болашақ  ұрпақ  өсіп-өрбіп 

шығатын  ұя  десек,  сол  ыстық  ұяда  баланың  сөйлеу  тілі,  қиялы  мен  ақыл-ойы,  талабы 

мен  көзқарасы  қалыптасады.  Бала  дамуының  кезекті  баспалдағы  сөйлеуге  үйреніп, 

қоршаған  ортаға  деген  көзқарасын  білдіруі  болып  табылады.  Баланың  жеке  басының, 

сөйлеу  тілінің  дамуына  сөйлесу,  қарым-қатынас  жасау  үлкен  орын  алады.  Сөйлеу  тілі 

қарым-қатынас  жасау  барысында  дамиды.  Қарым-қатынас  адам  психикасының  жəне 

оның  мінез-кұлкының  мəдени,  саналы  түрде  қалыптасуы  мен  дамуында  үлкен  рөл 

атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. 

Дамыған  адамдармен  белсенді  қарым-қатынасқа  түсе  отырып,  ол  өзі  тұлға  болып 

қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу 

мүмкіндігінен  айрылса,ол  ешқашан  мəдениетті,  адамгершілігі  бар  адам  болмас  еді. 

Əсіресе  баланың  психикалық  дамуына  үлкен  əсер  ететін,  оның  онтогенездің  алғашқы 

этабындағы  үлкендермен  қарым-қатынасы.  Ол  осы  уақытта  өзінін  барлық 

адамгершілік, 

психикалық 

мінез-кұлық 

қасиеттерін 

қарым-қатынас 

арқылы 


қалыптастырады.  Баланың  дамуы  қарым-қатынастан  басталады.  Бұл  əлеуметтік 

белсенділіктің бірінші түрі жəне бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің 

жеке  даралық  дамуына  керекті  ақпарат  алады.  Қарым-қатынас  -    адамның  басқа 

адамдармен  өзара  əрекеттесуі  жəне  біріккен  іс-əрекетте    қатынастың  дамуы  ретінде 

көрініс  береді.  Қарым-қатынас  –  адамзат  қатынасының  күрделі  түрі.  Кез  –  келген 

қарым-қатынас  адамдар  арасындағы  жай  байланыс  қана  емес,  біріккен  іс-əрекет 

үрдісінде  адамдардың  бірін-бірі  қабылдауы  жəне  ақпарат  алмасуы  болып  табылады. 

Қарым-қатынас орнату жəне жалпы материалдық немесе рухани нəтижеге қол жеткізу 



 

 

247 



мақсатында адамдардың келісімге келуіне жəне күштерін біріктіруге бағытталған өзара 

қарым-қатынасы  [1].  Сондықтан  қарым-қатынас  үрдісінде  тұлғааралық  өзара 

байланыстар анықталады. 

Қарым-қатынас  мəселесін  талқылауда  ғалымдар  «қарым-қатынас»  ұғымының 

мəнін  ашуға  көп  көңіл  бөлген.  Көп  жағыдайда  қарым-қатынасты  адам  əрекетінің  бір 

түрі  ретінде,  яғни  «қарым-қатынас  əрекеті»,  коммуникативтік  əрекет  деп  қарастырып 

жүр.  Сонымен  қатар  қарым-қатынасты  үрдіс  ретінде  қарастыратын  да  жағдайлар 

ғылымда  көптеп  кездеседі.  Мысалы,  А.С.Золотнякова  «Қарым-қатынас  –  əлеуметтік 

жəне тұлғаға бағытталған үрдіс, мұнда жеке тұлғалық қатынастармен қатар, құқықтық 

құндылық  шарттары    жүзеге  асады»    деп  анықтама  береді  [2].  Оның  ойынша,  қарым-

қатынас əлеуметтік үрдіс болып табылады жəне сол арқылы қоғам индивидке əсер ете 

алады.  Яғни,  қарым-қатынас  коммуникативтік-реттеуші  үрдіс  ретінде  түсіндіріліп, 

үрдісте тек əлеуметтік құндылық мөлшері беріліп қана қоймай,-индивид пен əлеуметтік 

жүйенің сол құндылықтарды игеруін реттеп отыруы сипатталады. 

Ғалым А.А.Бодалев өз  кезегінде қарым-қатынасты адамдардың өзара əрекеттесуі 

ретінде қарастырады, оның мазмұнын түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен 

ақпарат  алмасу  құрайды  деп  көрсетеді.  Бұл  пікірге  Н.И.Конюховтың  берген 

анықтамасы  жақын  келеді.  Ол:  «Қарым-қатынас  –  белгі  беру  құралдары  арқылы  

субъектілердің  өзара  əрекеттесуі,  қарым-қатынас  əрекет  мұқтаждарына  байланысты 

туындайды  жəне  нақты  өзгерістерге,  мінез-құлыққа,  серіктестің  тұлғалық-мағыналы 

біліміне бағытталады»,-дейді [2]. 

Қазақстандық  ғалым  А.Құдиярова  өз  еңбегінде  қарым-қатынас  түсінігін  - 

ортақтасу  ұғымымен  алмастырады  жəне  адамның  тұлға  болып  қалыптасуының 

алғышарты ретінде қарым-қатынас үрдісін басты орынға қояды [2]. 

Қарым-қатынас  арқылы  ғана  адам  дамиды.  Ең  алғаш  қарым-қатынастың  даму 

баспалдағы – мектеп жасына дейінгі шақта дұрыс қалануы керек. Балаға жақсы тəрбие 

беруші  ең  алдымен  ата-ана  болып  табылатыны  даусыз.  Отбасы  –  адам  баласының 

дүниеге  келгенінде  есігін  айқара  ашып  енетін  үйі,  өсіп  ер  жететін,  тəрбие  алатын,  аса 

қажетті əрі қасиетті алтын бесігі. Қазақстан Республикасының Ата Заңының  27  бап 2-  

тармағында:  Балаларға  қамқорлық  жасау  жəне  оларды  тəрбиелеу,  ата-ананың    табиғи 

құқығы,  əрі  парызы  деп,  отбасы  тəрбиесінің  аса  жауапты  екендігі  айқын  атап 

көрсетілген. 

Барлық  өнеге  отбасынан  тарайды.  Бала  ата-ананың  игі  істерін  жалғастырушы 

болашағы. Бала тəрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш 

болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға 

мəлім. Ата-ананың үйдегі іс-əрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, 

жаман  əрекетіміздің  бала  тəрбиесіне  ықпалы  зор.  Бала  тəрбиесінің  алғашқыда  алтын 

қазығы  –  туған  ұясы,  өз  отанының  басындағы  ата-ана  тəрбиесі  ,  тілі.  Қазақтың: 

«Баланың  бас  ұстазы  -  ата-ана»,  «Балапан  ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»- 

дегеніндей,  есі  кіріп,  тілі  шыға  бастасымен-ақ  баланы  байсалды,  ұғымпаз,  тілалғыш 

етіп  баулыған  жөн.  Бұл  ретте  тəрбиенің  ешқашан  үзіліс,  демалыс  күндер  дегенді 

білмейтіндігін ескерген абзал. 

Отбасы  жəне  отбасы  тəрбиесінің  теориялық  мəселелерін  педагогикалық  жəне 

психологиялық,  əлеуметтік,  экономикалық,  демографиялық  жəне  физиологиялық 

аспектіде  зерттеген  ғалымдар  (М.Жұмабаев,  С.Қалиев,  С.Əбенбаев,  А.Қапенова, 

Ұ.Ауталипова  т.б.)  өздерінің  зерттеулерінде  қоғам  өмірінде  отбасы  рөлінің  маңызына 

тоқталып, бала тəрбиесінде халықтың этникалық ерекшелітерін есептеудің қажеттілігін 

дəлелдейді. 

Қоғамдық  отбасының  тəрбиелік  мүмкіндіктері  дене  жəне  адамгершілік  жағынан 

даму  дəрежесімен  белгілі  дəрежеде  тəрбие  үшін  қоғамдық  болмыстың  прогресін 



 

 

248 



жинақтайтын  отбасылық  қатынастар  психологиясының  ерекшеліктерімен  анықталады. 

Қоғамда  отбасы  тəрбиесі  қоғамдық  іс  деп  қаралып,  білім  беру  мекемелерімен  тығыз 

байланыста  жүзеге  асырылады.  Бала  үшін  отбасы-  əлеуметтендіруден  басталатын 

алғашқы  ұғым.  Отбасылық  қарым-қатынастар  дегеніміз  -  бала  мінез-құлқына  тұңғыш 

əсер  ететін  нəрселер.  Əлеуметтендірудің  мақсаты  -  қоғамдық  өмір  үшін  қажет  белгілі 

бір  қасиеттерге  ие,  жəне  жан-жақты  дамыған  адамды  қалыптастыру.  Алайда, 

отбасының бос  уақытты елеулі əлеуметтік проблема болып қалуда,  оны шешу бүгінде 

ата-аналардың 

материялдық 

жағыдайымен, 

көбінесе 

мəдени 


дəрежесімен, 

педагогикалық  білімділігімен,  өзара  татулықпен,  қоғамдық,  əлеуметтік-экономикалық 

мүмкіндіктерімен шешіледі. 

Бала  тəрбиесі  бесіктен  басталады.  Бұл  –  ақиқат.  Бесік  жыры  бала  жанын  нұрға 

бөлейді,  тазалыққа  үйретеді.  Отбасы  –  тəрбие  ұясы.  Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны 

ілерсің,  -  дейтін  сөз  де  соған  байланысты  айтылған.  Ұлы  орыс  педагогы 

А.С.Макаренко:  «Біздің  балалар  –  біздің  қарттығымыз.  Жаман  тəрбие  –  болашақтағы 

қайғымыз,  бұл  біздің  көз  жасымыз,  бұл  басқалар  алдындағы,  бүкіл  еліміз  алдындағы 

біздің кінəміз»- деген. 

Бала  тəрбиесінде  ата-ана  өздері  тарапынан  кеткен  кінəні  ескермей  айыптыны 

іздейді.  Жас  баланың  алғашқыда  алға  қойған  арман,  мақсаты  болмайды.  Оны  есіне 

салатын,  ой  туғызып  арманға  жетелейтін  біздер  –  үлкендер.  Ең  дұрысы,  бақылау, 

баламен  əрқашанда  қарым-қатынаста  болып  тұру.  Уақыты  жоқ  ата-ана  біраз  уақыт 

өткеннен  кейін  баласының  өздерінің  тыңдамайтынын,  т.б.  жат  мінездерін  байқайды. 

Одан кейін амалы таусылып, кейін баланы ұрып-соғуға дейін баратын ата-аналар да аз 

емес.  Балаға  деген  ондай  көзқарас  баланың  жан  дүниесін  жаралайды,  өмірден 

түңілдіреді.  Бара-бара  бала  тұйықталып,  сұраққа  қысқаша  жауап  беретін  болады, 

көңіліне  өшпес  өкпе  пайда  болады.  Өзін-өзі  төмен  бағалайды.  Одан  кейін  баламен  не 

болатыны түсінікті. Рақымсыздық көңіліне қаяу түсірумен бірге, өсе келе ата-анасына, 

өз  ортасына  мейірімсіздігін  көре  бастайды.  Ұяда  не  көрсе  –  ұшқанда  соны  іледі, 

үлкенді  сыйлау,  дөрекі  сөз  айтпау,  біреуді  сырттай  жамандамау  сияқты  əдеттерді  де 

бала  жанұяда  өз  ата-анасынан  үйренеді.  Тəрбиелеу  тек  бір  сөзбен  немесе  айтқанын 

істеу  арқылы  емес,  жанұя  мүшелерінің  өзара  сыйластығы,  тума-туысқан,  көрші-

қолаңмен түсінікті болу, сөйлеу мəнері арқылы қалыптасады. 

Мəселен,  мектеп  жасына  дейінгі  мезгіл  –  баланың  адамдар  арасындағы  қарым-

қатынасты  танып  білетін  кезі.  Бала  5-6  жаста  өте  сезімтал  келеді.  Үйдегі 

жайсыздықтар:  əке  мен  шешенің  нашар  қарым-қатынасы  баланың  бойында  теріс 

мінездерді  қалыптастырады.  5-7  жаста  бала  басқа  адамдардың,  көркем  шығармадағы 

кейіпкерлердің,  құрдастарының  қимыл-əрекеттеріне  баға  беруге  даярлана  бастайды. 

Бұл – жақсылық пен жамандықты, достықты, жəрдем беруді, т.б. мəселелерді байқаған 

кезі.  Жанындағылармен  қарым-қатынаста  əдеп  ережелерін  сақтап,  өзіне  ұнаған  балаға 

ойыншығын беріп, онымен ойнап, жəрдемдеседі. Ал кітап оқып бергенді əбден жақсы 

көреді.  «Бұл  не?»,  «Ол  не?»  деген  сұрақтарын  беруден  жалықпайды.  Ата-ана  осының 

бəріне шыдап, бəріне толық жауап беруге тырысуы тиіс. 

«Кітап – асыл қазына» деп бекер айтылмаса керек. Ауыз əдебиеті шығармаларын 

балаға  күнделікті  оқып  беру  (ертегілер,  мақал-мəтелдер,  жаңылтпаштар,  жұмбақтар, 

санамақтар,  т.б.)  сөйлеу  тілінің  қалыпты  мөлшерде  дамуына  үлкен  əсер  етеді.  Ары 

қарай  ол  əдебиет  пен  өнерге  деген  сүйіспеншілікті  туғызады.  Ол  адамды  өмір  бойы 

жетелеп  жүретін  жақсы  қасиет  болып  табылады.  Бала  ертегіні  қызығып  тыңдап,  ал 

үлкейген  кезде  оны  өзі  оқып,  кейіпкерлердің  əрекетіне  баға  беріп  отыру  үшін  ата-ана 

баланың  кішкентай  кезінен  кітапқа  деген  сүйіспеншілігін  ояту  керек.  Теледидарға 

қарағанда  кітап  баланың  тілін  дамытуда,  ойлау,  қиялдау  сезімдерін  арттыруда  үлкен 

қазына  болып  табылады.  Өкінішке  орай,  көп  ата-аналар  осыны  ұмытып  кеткен,  ал 


 

 

249 



ертегіні  тыңдап  ұққан  бала  сол  ертегідегі  кейіпкерлер  өмірі  бойынша  өмір  сүре 

бастайды,  сол  кейіпкерлермен  бақталасуға  тырысады.  Олардың  бойындағы  батырлық, 

мейірімділік  сезімдерін  бойына  қабылдайды.  Ертегіні  оқып  қана  қоймай,  мазмұнын 

баяндау  кезіндегі  сұрақ-жауап  əдісі  баламен  тікелей  қарым-қатынас  жасауға  көмегін 

тигізеді  жəне  сөйлеу  тілін  арттырады.  Ертегілерді,  аңыз  əңгімелерді,  өлеңді  оқу,  айту 

отбасылық  дəстүрге  айналу  керек.  Өйткені  бала  ондай  жағыдайларды  ұнатады, 

үлкендер  тарапынан  арнайы  көңіл  бөлгенін  қалайды.  Баланы  міндетті  түрде  оқыған 

шығарманы  талдауға,  жаман  мен  жақсыны  айыра  білуге,  кейіпкерлердің  əрекетін 

əңгімелесуге, ертегідегі оқиға мен шын өмірдегі əрекеттерді салыстыруға тарту керек. 

Ертегі өзі-ақ баланы қызықтырушы үлгі болып табылады. Ертегіні білген бала қиялдау, 

армандау  сезімдеріне  бөлене  алады.  Барлық  отбасы  мүшелері  бірге  дауыстап  оқып, 

концерт  ұйымдастыру,  ертегі  құрастыру,  хормен  əн  айту  сияқты  тəсілдерді  əдетке 

айналдырған  ата-аналардың  балаларына  қарым-қатынас  жасау  ешқандай  қиындық 

тудырмайды.  Бұндай  балаларға  болашақта  басқа  балалармен  араласу  оңайға  түседі. 

Яғни  бала  тəрбиесімен  ата-ана  ғана  емес,  сондай-ақ  бүкіл  отбасы  ұжымы  болып 

атсалысуы керек. 

Отбасы ұжымы дегеніміз – бұл тату-тəтті, бір-бірімен байланысты бір мақсаттағы, 

мүддесі  мен  көзқарасы  біріккен  адамдар  тобы.  Отбасы  адамдарының  біртұтас  тату 

ұжымға бірігуі, ең алдымен ата-ана мүддесінің мəні мен мағынасына, əке мен шешенің 

бір-біріне, балаларына, олардың достарына қарай қарайтындықтарына байланысты. Өз 

баласының тəрбиесін жеке өз ісінің ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық борышыңды 

орындау  деп  қарау  керек.  Бала  өмірінің  алғашқы  күнінен  бастап,  ата-аналар  өздерінің 

негізгі  борыштарын  атқаруға  кіріседі,  яғни  олар  тəрбиеші  бола  бастайды.  Ата-ана  бұл 

болашақ  кішкене  адамды  дене  күші  мол  жəне  рухани  жəне  ақыл-ойы  мен  дене 

құрылысы,  яғни  тəн  жүйесі  жағынан  да  жан-жақты  даму  дəрежесіне  жеткізуі  тиіс. 

Дұрыс  тəрбиенің  кілті-  бүкіл  отбасы  өмірі  құрылысында.  Баланың  денесі  мен  рухани 

жақтан  қалыптасуының  негізі  отбасы.  Отбасы  -  бұл  бірге  тұратын  жақын  туыстары, 

əке-шешесі,  ата-əжесі,  балалары  т.б.  Сондай-ақ  ата-аналардың  қарым-қатынасын 

реттейтін  ұлттық  ойындар,  достық,  туысқандық  қарым-қатынастың  деңгейлері  тəрізді 

салт-дəстүрлер  мен  əдеп-ғұрыптар,  ырымдардың  барлығы  қазақтардың  өзіндік  дүние 

танымын қалыптасуда, тəлім-тəрбие беруде үлкен рөл атқарады. 

Сондай-ақ,  баланы  тек  оқуға  ғана  емес,  қасындағы  адамның  сөзін  бөлмей 

тыңдауға  да  үйрету  керек.  Бұны  да  бала  өз  əке-шешесінен  үйренеді.  Баланы  диалогқа 

үйрете  отырып,  біз  оны  тілдік  қарым-қатынас  жасауға  үйретеміз,  өйткені  сөйлесіп 

отырған адамдар екінші адамның дүниеге көзқарасын, сенімділігін таниды.  

Қазақ ауыз əдебиетінің өте бай үлгілерінің бірі – ертегілер. Ертегілердің қай түрін 

алмасақ та, əрқайсысы адамды жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа бастайды. Ертегі 

мазмұнында  əділетті күш  пен  əділетсіз  күштің  күресі,  əділетті  күштің  өміршендігі  сөз 

болады.  Балаларды  адамгершілікке  тəрбиелеуде  мақал-мəтелдердің  алатын  орны 

ерекше.  Мақал-мəтел  –  бейнелі  сөз,  тапқырлық,  даналық  тұжырым.  Халықтың  өмір 

тəжірибесін, жақсылық пен жамандық туралы ұғымын, тіршіліктің сан тарауына берген 

бағасын,  белгілі  бір  құбылыстардың  қорытындысын,  «тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай 

түйінін»  əрі  қысқа,  əрі  нұсқа  етіп  айтатын  ғибрат  сөздердің  ауыз  əдебиетінде  алатын 

орны  бірегей.  Мақал-мəтелдерден  халықтың  дүниені  танып  білу  деңгейі  байқалады, 

адамшылдық,  отаншылдық,  еңбекшілдік,  ізгілік,  мейірімділік  т.б.  қасиеттердің  парқы 

ажыратылып  көрсетіледі.  Бұл  тұрғыдан  алып  қарағанда  мақал-мəтелдерді  халықтың 

ғибрат  кітабы,  ұстаздың  тəлімгерлік  шешіресі,  педагогикалық  көзқарасы  ретінде  де 

бағалауға болады. 

Қазіргі  танда  ата-ананы  қатты  толғандыратын  тақырып  -  бала  тəрбиесі.  Балаға 

дұрыс тəрбие беріп алға жетелеу, ата-ананың міндеті. «Балаға дұрыс тəрбиені əрбір ата-



 

 

250 



ана  тəрбие  жолын  ешкімнен  үйренбей-ақ,  ешнəрсені  оқып  білмей-ақ  өз  бетімен  бере 

алмайды.  Əркім  өзі-ақ  жол  тауып  кеткендей  бала  тəрбиесі  соншама  бір  жеңіл  нəрсе 

емес.  Өйткені,  бала  тəрбиесі  бір  өнер,  өнер  болғанда  бір  ауыр  өнер,  жеке  бір  ғылым 

иесі болуды тілейтін өнер» деп жазды Мағжан Жұмабаев.  

Ел болу үшін бесігіңді түзе деген ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар, тəуелсіз 

еліміздің  болашағын  алға  апарар  білімді,  парасатты  ұрпақ  тəрбиелеу  ұлы  парызымыз 

деп білейік. 

 

 



 

Əдебиет: 

1.

 



Еркінбекова М.А. Педагогикалық қарым-қатынастың бірқатар  педагогикалық–психологиялық 

жəне əлеуметтік əдебиеттердегі сипаттары //Мектептегі психология, 2011. - №4. –Б11-13. 

2.

 

Дүйсебаева  Б.  Жас  ұрпаққа  рухани  тəрбие  берудегі  отбасының  орны    //Сыныптағы  тəрбие, 



2014. - №6. 

 

 



 

УДК 374.2(006.7):784.96 

 

РАЗВИТИЕ ТВОРЧЕСКИХ СПОСОБНОСТЕЙ  



БУДУЩИХ УЧИТЕЛЕЙ МУЗЫКИ В ПРОЦЕССЕ ИЗУЧЕНИЯ  

ТЕХНИКИ ДИРИЖИРОВАНИЯ 

 

Фаттахова Н.Т., Калу А.К. 



(ЮКГУ им. М.Ауезова) 

 

 



 

Формам организации учебного процесса педагогическая наука  уделяла и уделяет 

большое  внимание.  В  зависимости  от  содержания  образования  по  тем  или  иным 

специальностям  общество  определялось  по  формам  организации  учебного  процесса

Опыт  организационных  форм  учебы  в  школе  оказал  свое  влияние  и  на  высшее 

образование.  Однако    высшая  школа  разработала  и  свои  формы  организации  учебы

лекции,  семинары,  индивидуальные,  практические  и  лабораторные  занятия, 

самостоятельные работы, курсовые, дипломные работы и тому подобное. Этой системе 

организации  учебного  процесса  соответственно  разработаны  формы  контроля  знаний 

студентов:  зачеты,  экзамены,  практикум,  рейтинги,  семестровые,  академические  и 

дипломные концерты и т.п. 

Важной  особенностью  форм  учебы  есть  активный  поиск  и  творческая 

самостоятельность студентов в учебном процессе. 

Хоровое  дирижирование  является  междисциплинарным  учебным  предметом  в 

том  понимании,  что  как  раз  на  занятиях  по  этой  дисциплине  активизируются  знания, 

умения и навыки из многихдругих учебных дисциплин. Это обусловливает особенные 

требования к занятиям по дирижированию. Но если знания, умения и навыки работы с 

исполнительским  коллективом  (хором,  оркестром)  студент  получает  на  иных 

дисциплинах,  то  актуализация  их  осуществляется  через  технику  дирижирования,  как 

важное  средство  управления  исполнительством,  и  знания,  умения  и  навыки 

дирижерской  техники  студент  формирует  на  занятиях  по  дирижированию.  Техника 

дирижирования  (знаковая  система)  связана  с  дирижерским  аппаратом,  в  основу 



которого  поставлена  моторная  система  рук,  их  жесты,  организованные  в  знаковую 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет