& Гипогликемия. Қанда глюкозаның деңгейі 3,5 моль л ден азайып кетуінен дамиды



бет3/3
Дата05.05.2023
өлшемі29,53 Kb.
#90473
1   2   3
Байланысты:
рк 3 патфиз

Гиперосмолярлық дегидратация Судың тапшылығы тұздар тапшылығынан басым болғанда дамиды, яғни судың нақты немесе салыстырмалы жоғалуы болғанда. Бұл осмостық қысымның алдымен интерстициялық секторда, сосын басқа да секторларда өсуіне әкеледі. Сусызданудың бұл түрінің дамуы 2 топ себептерімен байланысты: 1) организмге су жеткіліксіз түсуінен, немесе қоршаған ортада судың болмауымен, немесе оны ішу мүмкіндігі болмауымен (естің жоғалуы, шөлдеу сезімінің жоқ болуы, жұтудың бұзылыстары); 2) организмнен гипотониялықной сұйықтықтың жоғалуы (көп терлеу, гипервентиляция, гипо- және изостенурия, қантты емес диабет). Гиперосмостық дегидратацияның бастапқы кезеңінде судың жоғалуы интерстициялық сектордан байқалады, бұл онда гиперосмолярлық жағдайды туғызады. Бұл судың жасушаішілік сектордан судың шығуына әкеліп, жасушаішілік сусыздануды туғызады. Кейін тамырішілік сектордың да көлемі азаяды. Осыған сәйкес клиникалық көріністер де байқалады – тері мен кілегей қабаттарының құрғақтығы, тіндердің серпімділігі азаяды, жасушаішілік сусызданудың, әсіресе жүйке жасушаларында, көріністері айқын бола бастайды – өмірге қызығушылық болмайды, әлсіздік, адинамия байқалады, кейін олар қозумен, мазасыздықпен, сіреспелермен ауысады, шөлдеу сезімі ауырлай бастайды, температура көтеріледі.
Ісіну Ісіну – тін және қан арасында су алмасу бұзылу салдарынан тінаралық кеңістіктерде, тіндерде сұйықтықтың дерттік түрде жиналуымен сипатталатын біртектес дерттік үрдіс .Қуыстарда сұйықтықтың жиналуы шемен деп аталады –асцит, гидроторакс, гидроперикардиум.Ісінулердің жіктелуі .І. Себебі бойынша 1. Жүректік ; 2. Бүйректік ; 3. Ашығу салдарынан; 4. Қабынулық; 5. Уыттық; 6.Аллергиялық; 7. Нейрогендік ; 8.Лимфогендік



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет