& Гипогликемия. Қанда глюкозаның деңгейі 3,5 моль л ден азайып кетуінен дамиды



бет2/3
Дата05.05.2023
өлшемі29,53 Kb.
#90473
1   2   3
Байланысты:
рк 3 патфиз

Изоосмолярлық дегидратация.Су мен электролиттерді бірдей жоғалтқанда дамиды, сусыздану секторлардың изотониялық жағдайы сақталғанда байқалады. Себептері организмнің изотониялық сұйықтықтарын- қан, плазма, тіндік сұйықтықты -жарақаттануда, күйіктерде, асқазан-ішек жолындағы фистулаларында бездер сөлдерін жоғалту. Патогенез бен клиникалық көріністері тамырішілік сектордың көлемі азаюымен көрінеді және қанайналым бұзылыстарына әкеледі: тахикардияға, артериялық қысым төмендеуіне, кейде гиповолемиялық шок дамығанға дейін.
Гипоосмолярляқ дегидратацияҚұрамында электролиттер басым болған сұйықтықты организм көп жоғалтқанда дамиды, ал жоғалған көлем тұзсыз судың аз көлемімен толықтырылғанда. Бұндай жағдай қайта құсуларда, іш өту кезінде, қатты терлегенде, полиурияда (қантты емес және қантты диабет), егер судың
(гипотониялық ерітінділердің) жоғалуы тұзсыз суды ішуімен толықтырылса. Гипоосмостық жасушасыртылық кеңістіктен сұйықтықтың біраз бөлігі жасушаларға өтеді, бұл жасушаішілік ісінуге әкеледі. Шөлдеу сезімі бұл кезде байқалмайды. Гипоосмостық дегидратация кезінде электролиттер тапшылығымен (көбіне натрий хлоридінің) көрінетін сусыздану байқалады, бұл секторлардың гипотониялық жағдайына әкеледі. Су алмасуы бұзылыстарының осы түрі жасушасыртылық сектордың гипогидратациясымен, ал жасушаішілік сектордың гипергидратациясымен көрінеді. Клиникалық көріністерінде сусызданудың белгілері байқалады: тіндердің серпімділігі. төмендейді, гиповолемиядан қан айналым бұзылыстары дамиды артериялық қысымның төмендеуі, тахикардия, - веналардын жеткіліксіз толуы. Осы көріністер жасушалардың сулануымен қабаттасады: шөлдеу сезімінің болмауы,кейде суға деген жиеркеніш сезімі пайда болғанға дейін, өмірге қызығушылықтың болмауы, талмалар, сіреспелер. Дамыған жағдайдың ауырлығы қанда және тіндік сұйықтықтықта натрий коцентрациясы төмендеуіне байланысты. Судың жоғалуы гематокрит өсуімен көрінеді, бұл қанның тұтқырлығы жоғарылауына және микроқанайналым бұзылыстарына алып келеді. Айналымдағы қан көлемінің. азаюы жүректің минөттік көлемі азаюына, яғни экстраренальді бүйрек жеткіліксіздігіне әкеледі. Фильтрация көлемі тез арада азаяды, олигурия дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет