ІV Есептер
1. Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд. теңге):
Трансферттік төлемдер – 5
Жалпы ішкі инвестициялар – 16,2
Бизнеске салынатын жанама салық – 7
Таза экспорт – 1,4
Корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 3,6
Амортизация – 6,9
Жеке тұтыну шығындары – 75,6
Корпорацияның пайдасына салынатын салық – 1,4
Әлеуметтік сақтандыру салымдары – 0,3
Қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу – 8,4
Жеке табыс салығы – 5,2.
а) ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер;
ә) жеке жинақтардың көлемі қанша;
б) экономикадағы капитал қорының көлемі қаншаға өсті.
2. Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:
- тұтыну шығындары (C) = 5200
- инвестициялар (I) = 1600
- мемлекеттік шығындар (G) = 1800
- мемлекеттік трансферттер (TR) = 300
- мемлекеттік қарыз бойынша пайызды төлеу (N) = 300
- салықтар (T) = 2000
Есептеңіз:
жеке жинақтар;
мемлекеттік жинақтар.
3. Кестеде берілген мәлімет бойынша мыналарды есептеңдер:
а) Табыстар ағыны бойынша ЖІӨ көлемін;
ә) Шығыстар ағыны бойынша ЖІӨ көлемін;
б) ТҰӨ көлемін;
в) Ұлттық табыс көлемін.
|
Есепшот
|
млрд. теңге
|
1
|
Несиенің пайызы
|
25
|
2
|
Жалпы жеке инвестициялар
|
85
|
3
|
Жалақы және еңбекақы
|
375
|
4
|
Корпорация пайдасы
|
255
|
5
|
Жанама салықтар, салықтық емес міндеттер және кәсіпкерлер төлейтін трансферттік төлемдер
|
50
|
6
|
Жалға алынған мүліктің иелеріне төленетін ренталық төлемдер
|
45
|
7
|
Корпорация пайдасына салынатын салық
|
80
|
8
|
Тауар мен қызметтің таза экспорты
|
25
|
9
|
Тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу
|
120
|
10
|
Таза жеке инвестициялар
|
75
|
11
|
Жеке меншіктен түсетін табыс
|
52
|
12
|
Мемлекеттік кәсіпорындарға таза субсидиялар
|
6
|
13
|
Халыққа төленетін трансферттік төлемдер
|
43
|
14
|
Тұтыну шығындары
|
250
|
4. Игілік өндіріледі және тұтынылады дейік. Кестеде саны және бағасы (1 бірлікке) 2 кезеңге берілген Ласпейрес индексін, Пааше индексін, Фишер индексін (1992ж. Базистік кезең) есептеңдер:
жылдар
|
1992
|
1992
|
2002
|
2002
|
|
бағасы
|
саны
|
бағасы
|
саны
|
кітаптар
|
20
|
18
|
40
|
7
|
жейделер
|
44
|
10
|
65
|
5
|
теледидар
|
1300
|
5
|
1500
|
3
|
5. Ұлттық өндіріс тауардың екі түрін өндіреді деп ұйғарайық: Х (тұтыну тауарлары) және Ү (өндіріс құралдары). Ағымдағы жылы Х тауарының 500 данасы (тауардың бірі данасының бағасы – 2 АҚШ доллары) және Ү тауарының 20 данасы (тауардың бір данасының бағасы – 10 АҚШ доллары). Жыл соңында өндірісте қолданылатын машиналардың (Ү тауары) бесеуі жаңа құралдармен ауыстырылуы қажет. Жоғарыдағы мәліметтерді қолдана отырып келесілерді есептеңіз:
ЖІӨ көлемін;
ТҰӨ көлемін;
Тұтыну көлемі мен жалпы инвестиция көлемін;
Тұтыну көлемі мен таза инвестициялар көлемін.
6. а) Экономикада Х және Ү тауарлары өндіріледі. Тұтынушылар өздерінің табыстарының бір бөлігін Х тауарына, екінші бөлігін Ү тауарын сатып алуға жұмсайды. Бір жыл ішінде Х тауарының бағасы 5 % -ға, ал Ү тауарының бағасы 15 % -ға өсті. Тұтыну тауарларының баға индекстерін есептеңіз. Өткен жылдың баға индекстері 100 - ге тең.
ә) Жоғарыда аталған өндірістік және бағалық шарттар сақталған жағдайда Х тауарына тұтынушылардың табыстарының жартысынан көбі жұмсалады. Тұтыну тауарларының баға индексін есептеңіздер.
7. Нақты табыс көлемі қалай өзгеретінін анықтаңыз. Егер:
Номиналды табыс 10 %-ға, ал бағалар деңгейі 7 %-ға өссе;
ә) Номиналды табыс 30 мың теңгеге тең, ал осы жылдағы бағалар индексі 106 тең болған жағдайда.
Достарыңызбен бөлісу: |