5.2.1 Бюджет-салық саясатының салыстырмалы тиімділігі
Ынталандырушы фискалды саясаттың салыстырмалы тиімділігі ығыстыру нәтижесінің мөлшерімен анықталады. Егер ығыстыру нәтижесі шығарылымның өсуінен аз болса, онда өзгедей тең шартында фискалды саясат тиімді.
Ығыстыру нәтижесі екі жағдайда аз болуы мүмкін:
егер инвестициялар мен таза экспорттың сезімталдығы пайыз мөлшерлемесінің динамикасынан аз болса.
Егер ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің өсуіне инвестициялар мен таза экспорттың сезімталдығы аз болса, онда сезімталдық коэффициенттері d және n кішірек. Бұл кезде r үлкен өзгеруі І мен Хn азырақ ығыстырады да, Ү өсімі үлкен болады. Графикте бұл жағдай тіктеу IS қисығымен сипатталады (5.4-сурет), LM қисығының көлбеуі мұнда маңызды емес.
5.4-сурет. Күшті (тиімді) фискалды саясат (IS қисығы тіктеу)
егер ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің динамикасына өте сезімтал болса, онда ақша нарығын теңдестіру үшін r аз ғана жоғарылауы жеткілікті. r жоғарылауы аз болғандықтан, ығыстыру нәтижесі де аз болады. Графикте бұл жағдай жатықтау LM қисығымен сипатталады (5.5-сурет), IS қисығының көлбеуі мұнда маңызды емес.
5.5-сурет. Күшті (тиімді) фискалды саясат (LM қисығы жатықтау)
5.6-суретте ынталандырушы фискалды саясат тіктеу IS қисығы мен жатықтау LM қисығын үлестіру кезінде ең тиімді болуы көрсетілген. Бұл жағдайда ығыстыру нәтижесі өте аз, себебі пайыз мөлшерлемесінің өсуі аз ғана, d және n коэффициенттері де аз. Ү жалпы өсімі Ү0Үt мөлшерін білдіреді.
5.6-сурет. Күшті фискалды саясат (IS қисығы тіктеу, LM қисығы жатықтау)
Ынталандырушы фискалды саясат салыстырмалы түрде тиімсіз болады, егер ығыстыру нәтижесі шығарылым өсімінің нәтижесінен артық болса. Тежеуші фискалды саясаттың салыстырмалы тиімділігі керісінше анықталады.
5.2.2 Ақша-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі
Ынталандырушы монетарлы саясаттың тиімділігі инвестициялар мен таза экспорттың динамикасына ақша массасын арттыру мен пайыз мөлшерлемесін төмендетуден түсетін ынталандырушы нәтиженің мөлшерімен анықталады. Мұндай ынталандырушы нәтиже ығыстыру нәтижесіне қарама қарсы жүреді.
Келесі екі жағдайда инвестициялар І мен таза экспорттың Хn динамикасына ынталандырушы нәтиженің мөлшері салыстырмалы түрде жоғары болады:
егер инвестициялар мен таза экспорттың сезімталдығы пайыз мөлшерлемесінің динамикасынан жоғары болса;
5.7-сурет Күшті (тиімді) монетарлы саясат (IS қисығы жатықтау)
Егер инвестициялар І мен таза экспорттың Хn сезімталдығы пайыз мөлшерлемесінің r динамикасынан жоғары болса, бұл графикте жатықтау IS қисығына сәйкес келеді (5.7 сурет). Бұл жағдайда ақша массасы M өскенде r аз ғана төмендеуі I инвестициялар мен Xn таза экспорттың елеулі өсуіне әкеледі, ал бұл Ү аса ұлғайтады. LM қисығының көлбеу бұрышы бұл кезде маңызды емес.
егер ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің динамикасына сезімтал болмаса. Бұл жағдай графикте тіктеу LM қисығына сәйкес келеді (5.8 сурет).
5.8-сурет. Күшті (тиімді) монетарлы саясат (LM қисығы тіктеу)
Мұнда ақша массасының M өсімі пайыз мөлшерлемесін r күрт төмендетіп жібереді, нәтижесінде инвестициялар I мен таза экспорт Xn қатты өседі, d, n коэффициенттері салыстырмалы түрде аз болса да. IS қисығының көлбеу бұрышы бұл кезде маңызды емес.
5.9-сурет. IS қисығы жатықтау және LM қисығы тіктеу
5.9-суретте көрсетілгендей ынталандырушы ақша-несие саясаты салыстырмалы түрде тіктеу LM қисығы мен жатықтау ІS қисығы үлестірілгенде аса тиімді болады. Бұл жағдайда r пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі елеулі және d, n коэффициенттері де үлкенірек. Сондықтан Ү өсімі (Ү0Ү1) аса үлкен.
Пигу нәтижесі бағалар деңгейінің төмендеуімен, оған байланысты ақшаның нақты массаларының артуы нәтижесіндегі тұтынушылық шығыстардың өсуін білдіреді.
Бюджет-салық саясаты мен ақша-несие саясатының бірігіп қолданылуы, мысалға, тұрақты пайыз мөлшерлемесі шартында шығарылымды арттыруға немесе тіркелген шығарылым деңгейінде пайыз мөлшерлемесін азайтуға мүмкіндік береді.
IS-LM моделі АD қисығының теориялық негіздемесі болып табылады. АD қисығын шығару үшін ақша теориясын емес, IS-LM моделін қолданамыз. өйткені IS-LM моделі Ұлттық табыс бағаның өсуімен кемитіні түсіндіріп қана қоймай, ол тағы теріс көлбеуі бар АD қисығының өзара байланысын қалыптастыру үшін қажет. Сол үшін жиынтық сұранысты зерттеп көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |