№ хаттама 2017 жыл


Шетел валюталарының ресми айырбас бағамдары



бет52/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

Шетел валюталарының ресми айырбас бағамдары8


2008

2012

2013

2014

2015

2016

2017
(1 тоқс.)




АҚШ доллары


120,30

149,11

152,13

179,19

221,73

342,16

312,24

Еуро

177,04

191,67

202,09

238,10

245,80

378,63

334,13

Ресей рублі

4,86

4,80

4,78

4,76

3,61

5,11

5,54


7.1 кестеден көріп тұрғандай, 2008-2012 жж. аралығында теңгенің АҚШ долларына бағамы 24,0%-ға өсті. 2012-2014 жж. аралығында бағам одан әрі 20,2%-ға көтерілді. 2014 жылдан бері Қазақстан Ұлттық банкі екі рет девальвация жүргізді, нәтижесінде тенгенің АҚШ долларына бағамы 74,3% өсіп, 2017 ж. 1-ші тоқсанында 1 АҚШ долларына 312,24 теңге болды.


7.2 Нақты айырбас бағамын анықтайтын факторлар
Нақты айырбас бағамы – бұл екі елде өндірілетін тауардың салыстырмалы бағасы. Оны келесі формула арқылы есептеуге болады:
E = e.(P/P*) (7.1)
мұндағы,

E – нақты айырбас бағамы;


e – атаулы айsрбас бағамы;
(P/P*) – екі елдің бағалар қатынасы.
Нақты айырбас бағамы бір елдің тауарлары басқа елдің тауарлар айырбасына сатылуы мүмкін болатын қатынасты сипаттағандықтан, оны сауда шарттары деп те атайды.
Егер нақты айырбас бағамы жоғары болса, шетел тауарлары арзан болады да, отандық тауарлар қымбат болады, және керісінше.

Нақты айырбас бағамы және таза экспорт. Нақты айырбас бағамы және таза экспорт арасындағы қатынасты келесідей жазуға болады: NX = NX(E) (7.1 сурет)
Нақты айырбас бағамын анықтайтын екі фактор бар. Олар:

  • нақты айырбас бағамының ағымдағы операциялар шотымен байланысы;


  • ағымдағы операциялар шоты капитал қозғалысы шотымен теңестіріледі, яғни ағымдағы операциялар шотының сальдосы жинақтар мен инвестициялардың арасындағы айырмаға тең.


7.1-сурет. Нақты айырбас бағамы мен таза экспорт


арасындағы қатынас

Ел ішіндегі бюджет-салық саясаты. Егер мемлекет шығындарын көбейтсе немесе салықтарды азайтса, онда жинақ азаяды, яғни капитал қозғалысы шоты артады да, ағымдағы операциялар шотының тапшылығы пайда болады (7.2-сурет).
7.2-сурет. Ішкі бюджет-салық саясатының ықпалы

Шетелдегі бюджет-салық саясаты. Егер шет елдері мемлекет шығындарын көбейтсе немесе салықтарды азайтса, онда әлемдік жинақтардың азаюы басталады. Бұл әлемдік пайызды жоғарлатады. Ал бұл өз кезегінде ағымдағы операциялар шотының оң сальдосын қалыптастырады (7.3-сурет).
7.3-сурет. Сыртқы бюджет-салық саясатының ықпалы

Инвестициялық сұраныстың өзгеруі. Егер инвестициялық сұраныстың көбеюі байқалса, онда инвестиция артады. Ал бұл ағымдағы операциялар шотын кемітеді де, тапшылықты туғызады (7.2 сурет).

Сыртқы сауда саясатының әсері. Егер мемлекет отандық тауар өндірушілерді шетел бәсекелестерінен қорғау мақсатында протекционистік саясатты қолданған жағдайда не болатындығын көрейік. Егер мемлекет импортқа шек қойса, таза экспорт өсу керек, 7.4 суретте көрсетілгендей. Нақты айырбас бағамының жаңа тепе-теңдігі қалыптасады. Нақты айырбас бағамы жоғарлайды, ал таза экспорт көлемі өзгермейді. Протекционистік саясат ағымдағы операциялар шотына әсер етпейді, қайта нақты айырбас бағамын жоғарлатады.
7.4-сурет. Сыртқы сауда саясатының ықпалы

Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі (СҚТ) негізінде бірыңғай баға заңы жатады, ол бойынша кез келген тауар жалпыға бірдей нарықта бірыңғай баға бойынша сатылады. Егер тауар ішкі нарықта Р бағасымен, ал сыртқы нарықта – Р* бағасы бойынша сатылса, онда келесі теңдік орындалуы тиіс:
P = E .P*
Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігін бұзбау, Р – ел ішіндегі, ал Р* – шетелдегі бағалар деңгейі деп есептегенде, бұл теңдіктің тауарлар қоржынына таралуын білдіреді. Шынында сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі сақталмайды, себебі экспортқа шығарылмайтын тауарлар мен қызметтер, көлік шығындары бар, және әрбір елде әр түрлі игіліктер қоржыны бар. Бірақ кейде теориялық талдау жасағанда СҚТ түсінігі орынды болып табылады.
Шетелдік валюталардың көптігі практикада нақты тиімді айырбас бағамын пайдалануына себеп болды, ол серіктес-елдердің өлшемдерін ескереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет