Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту-дағы «Ең үздік эдвайзер 2014» байқауы Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан – 2050»



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі142,92 Kb.
#9818

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дағы «Ең үздік эдвайзер - 2014» 

байқауы 

Елбасы  Н.Назарбаев  «Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы  қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында барша 

қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» болуға шақырып: «Алдыңғы толқын – аға 

буын!  Сіздердің  көрегендіктеріңіз  бен  өмірлік  тәжірибелеріңіз  кейінгі 

буынның  ақиқат  жолынан  адаспай,  алға  басуына  септігін  тигізеді»  дей  келе, 

аға ұрпаққа ерекше сенім артқан еді. 

Студенттерге  тәлім-тәрбие  беріп,  сенім  үдесінен  шыға  білуде 

университетіміздің  400-ден  астам  эдвайзері    еңбек  етіп  келеді.  Эдвайзерлер 

жұмысына  қолдау  көрсету  мақсатында  80  жылдық  мерейтой  аясында 

ұйымдастырылған университеттік «Ең үздік эдвайзер - 2014» байқауының 2-

ші  кезеңі  институттарда  аяқталып,  3-ші  университеттік  кезеңіне  15  эдвайзер 

жолдама алғанын хабарлаймыз.   

Бұл  кезеңде  байқауға  қатысушылар  келесі  бөлімдер  бойынша 

бағаланады: 

1.  Эдвайзер  тобымен  жүргізілген    тәрбие   жұмысын  мультимедиялық 

презентация арқылы таныстыру.  

2.  Эдвайзердің  шығармашылық  жұмысы  –  эдвайзердің  студенттерімен 

дайындаған шығармашылық жұмысы. 

3. «Эдвайзер студент көзімен» сауалнама нәтижелері.  

2014  ж.  25  сәуірінде  «жүзден  жүйрік,  мыңнан  тұлпар»  анықталатын 

университеттік «Үздік эдвайзер» байқауына қатысатын оқытушыларға  табыс 



пен сәттілік тілейміз!   

ТЖД

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет