Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет146/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БАЛА

БАЛА


107

көтерілген  ең  басты  мәселелердің 

бірі.  Бұл  идеяны  ол  өз  кітабының 

барлық  тарауларына  негізгі  арқау 

етіп алған. Автор білімнің адам өмі- 

ріндегі маңызын баса айтып, тебірене 

жырлайды.  Ол  еңбектеген  баладан 

еңкейген кәріге дейін білім алуға ша- 

қырады.  Бұл  жерде  оның  жұртқа 

айтайын деген ойының желісі мынау: 



білімді болсаң ғана ақылды боласың, 

ал  ақылдылықпен  дүниенің  сырын 

ашасың, мақсат-мұратқа жетесің. 

Білімді  болу  –  бәрінен  бұрын  адам 

болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, 

топас,  білімділіктен  ақыл  шығады. 

Кімде ақыл болса, соның мерейі үс- 

тем, жоғары. Надан, білімсіз адамға 

айналасының  барлығы  күңгірт,  бұ- 

лыңғыр, тұман. Мұндайлардың өзіне 

деген дұрыс сенімі де, асыл мұраты 

да  болып  жарымайды.  («Өмірдегі 

барлық  жақсылық  білімнен  шыға- 

ды»,  «Білімсіз  адам  –  көр  соқыр», 

«Білім – бұл қолдағы шырақ»). Автор 

адамның  санасын  түбі  жоқ  теңізге 

теңесе,  білімді  теңіз  түбіндегі  інжу, 

маржан,  гауһар  тастарға  теңейді. 

Білім  адамға  оңайлықпен  түспейді, 

оны меңгеру үшін көл-көсір, өлшеусіз 

әрекет  ету  керек.  Ғылым  –  білімге 

түгелдей  берілген  адам  ғана  өзінің 

ойлаған ойына жете алады. Білімнің 

керек емес жері жоқ. Ол – саған тоң- 

ғанда  киім,  ашыққанда  тамақ,  әлсі- 

регенде қуат. Білімнің де білімі бар, 

жаттап алған құрғақ білімнен пайда 

аз.  Адамды  адам  ететін,  оның  өмір 

сүруін  жетілдіретін,  тәжірибемен 

байланысқан білім ғана білім болып 

саналады. («Білімдіден шыққан сөз – 

дүниені нұрға бөлейді», «Білім ақыл- 

мен ұштаспаса, төңірегің қараңғыла- 

на түседі»).

Нағыз білім – бұл өлшеусіз байлық. 

Білімді  адамды  ақшасы  болмаса  да 

жарлы деуге болмайды. Білімді сенен 

ешкім ұрлай алмайды, алғанмен оны 

бойына сіңіре алмайды. Білім – сенің 

серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзі- 

нің барлық керегін, ой-арманын, та- 

лап-тілегін  тек  білім  арқылы  ғана 

қанағаттандыра алады. «Өзіңе керекті 

тамақты  да,  киімді  де  білімнен  ала- 

сың». «Кімде білім мол болса, сол жұрт- 

қа әмірін дұрыс жүргізе алады», «Бі- 

лімсіз еш нәрсе ашылмайды». Білімді 

болсаң ғана қоғамнан лайықты орын 

аласың, атың шартарапқа жайылады. 

Білімдіге қашан да төрден орын тие- 

ді. («Білімді босаға жақта отырғанмен 

біртіндеп төрге шығады»). Білімділік 

әр кез адамгершілік қылықпен нұрла- 

нып  тұруы  тиіс.  Сөйтіп,  дастанның 

авторы, сайып келгенде, адамның бо- 

йындағы барлық ізгі қасиеттерді бі- 

ліммен байланыстырып, жақсы адам 

болу  үшін  алдымен  тиянақты  білім 

алып, ғылым негіздерін меңгеру қа- 

жет, деп тұжырым жасайды.

Әрине, Жүсіптің осы іспеттес пікір- 

лерінен  адамды  тек  жалаң  ағарту- 

шылық жолмен ғана моральдық жа- 

ғынан жетілдіруге болады дейтін сы- 

ңар  жақ  уағызды  аңғаруға  болады. 

Автордың  жұртқа  айтып  отырған 

ақыл-кеңестері  көбінде  бұқара  ха- 

лықтың  психологиясын  дәріптейді. 

Сөйтіп, Баласағұндық Жүсіп әлемдегі 

зұлымдық  атаулыны  сол  заман  ту- 

дырған мерездерден емес, сол қоғам- 

дағы  тоғышар  басшылардың  іс-әре- 

кетінен  ағартушылық  идеяны  на- 

сихаттайды.  «Құдатғу  білікте»  пси- 

хология,  педагогика,  әдептану,  оқу- 

тәрбие  мәселелеріне  қатысты  сан 

қилы мәселе көтерілген. Тағы да ес- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет