Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет154/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БАСТ

БАСТ


113

ұғымның негізгі ерекшелігін тау сөзі 

деп түсінеді де, оның басты белгісін, 

кездейсоқ  белгісінен  ажырата  ал-

майды.  Өйткені  баланың  ой-өрісінің 

тарлығы, тәжірибесінің жоқтығы оған 

осы  ұғымның  мазмұнына  енетін  не-

гізгі  белгілерді  қамтуға  мүмкіндік 

бермейді.  Қорыта  келгенде,  төменгі 

сынып  оқушыларының  психикасына 

тән  ортақ  қасиеттердің  бастылары- 

на  жалпы  әсерге  тез  берілгіштік, 

еліктегіштік, көрнекіліктің қажеттігі, 

ойлануының  нақтылығы,  эмоцияла- 

рының  бояулы  келетіндігі,  қимыл-

қозғалысқа  бейімділігі  т.б.  жатқызу- 

ға болады.

Мектептегі оқу-тәрбие процесі бала- 

ның  жеке  ерекшеліктерінің  (мінезі, 

қабілеті, темпераменті т.б.) қалыпта- 

суында елеулі орын алады. Бұл жер-

де  балалар  ұжымының  рөлі  аса  зор. 

Мектеп ұжымының балалардың ойын 

кезіндегі ұжымнан мазмұны да, фор-

масы да бөлек.

Мектеп  ұжымының  негізгі  ерекше- 

лігі  оқушылардың  білім  негіздерін 

меңгеруге байланысты ортақ мақсат- 

ты көздейтіндіктерінен, жеке мүдде- 

сін,  көпшілік  мүддесіне  бағын-дыра 

алуларынан байқалады. Мектеп ұжы- 

мының  ең  негізгі  мақсаты  –  оларды 

оқуға  жұмылдыру  болып  табылады. 

Мәселен, «өте жақсы оқу», «Отанның 

қамқорлығына жауап беру», «тәртіпті 

болу  –  бұл  ұжымға  тигізген  зор 

үлес»  деген  моральдық  ұғымдарға 

үшінші-төртінші  сынып  оқушылары 

жақсы  түсіне  бастайды.  Оқушы  бір- 

тіндеп өзінің оқитын сыныбын, мек-

тебін  сүйетін  болады.  Осы  негізде 

олардың жолдастык, достық т.б. осын- 

дай  моральдық  сезімдері  оянып  қа- 

лыптасады.



БАТА – адамға жақсы тілек білдіріп, 

оны құдайдың қорғап-қолдауда қолда- 

нылатын ұлттық тәлім-тәрбие тәсіл- 

дерінің  бір  түрі.  Басқа  да  жоралар- 

мен бірге Б. дұға оқу, Аллаға сыйыну 

кездерінде де айтылады. Бата адамға 

психологиялық тұрғыдан әсер ету, оны 

рухани жағынан қолдау үшін де қол- 

данылады.  Оны  көп  жағдайда  кө- 

некөз қариялар, көпті көрген ақсақал- 

дар береді. Кісіге қуат беретін оң ба- 

тамен  қатар,  кей  жағдайларда  теріс 

бата деп аталатын түрлері де болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет