Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет191/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ВУНДТ  ВИЛЬГЕЛЬМ  (1832-

1920)  –  неміс  психологі,  физиолог 

және  философ.  Экспериментальды 

психологияның  негізін  салушылар- 

дың бірі. Психикалық-физикалық па- 

раллелизм  теориясы  оның  психол. 

көзқарастарының  негізі  болды.  В- 

тың филос. көзқарастарындағы Спи-

ноза, Лейбниц, Кант, Гегель т.б. иде-

яларын  өзара  үйлестіру  әрекетінің 

нәтижесі бей-берекет сипатта көрінді. 

В. таным процесін үш сатыға бөлді: 

бірінші – күнделікті өмір тіршілігін 

сезім арқылы тану; екінші – зертте-

летін  нәрсеге  әрқилы  баға  беретін 

ғыл.  тұжырымдарды  байыптай  оты-

рып  тану;  үшінші  (сапалы  түрде 

тану) – «метафизика» қарастыратын 

кез  келген  ғылымға  филос.  синтез. 

В. метафизиканың қарастыратын кез 

келген ғылымға филос. синтез. В. ме- 

тафизиканың қарастыратын нәрсесі – 

болмыс – құндылықтың еркінше ыды- 

раған  рухани  системасы  деген  тұ- 

жырым  жасады.  1879  ж.  Лейпцигте 

тұңғыш психология лабораториясын 

ашқан  структуралистік  психология- 

ның  өкілі,  халықтар  психологиясын 

зерттеумен  айналысқан.  Еңбектері: 

«Физиологиялық психологияның не-

гіздері» (1880), «Халықтар психоло-

гиясы» 10 том (1900-1920) т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет