ГУМИЛЕВ ЛЕВ НИКОЛАЕВИЧ
(1912-1992) – орыс ғалымы, т.ғ.д.,
геогр.ғ.д. Ол этностық әлеуметтік
категория ретінде қарайтын көзқа-
растарды географиялық, биология-
лық факторлардың әсер етуі нәти-
жесінде пайда болатын табиғи құ-
былыс деп түсіндіреді. Этнопсихоло-
гия ғылымын өзінің осындай жаңа
тұжырымымен толықтырды, оған
пассионарлық ұғымын енгізді. Пас-
сионарлық қасиет әр этностың гео-
графиялық жағдайына (табиғат,
ауа, су, ландшафт т.б.) байланысты
жан дүниесінің өзіндік табиғи ерек-
шеліктерін ерекше (қажыр-қай-
рат, шыдамдылық, қайсарлық, мақ-
саткерлік, намысқойлық т.б.) көр-
сететін категория. Гумилевтің осы-
нау тұжырымдары қазіргі этнопси-
хология ғылымының әдіснамалық
(методологиялық) мәселелеріне қа-
тысы бар сындарлы түйін.
Достарыңызбен бөлісу: |