Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет206/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ГУМА

ГУМИ


146

ҒАЙБАТТАУ  –  жеке  адамның  не 

белгілі бір топтың жақсы қасиеттерін 

көре  алмаушылықтан  туындайтын 

ашу-ыза,  қызғаныш  эмоциясының 

бірі. Мұнда басқалардың әлеуметтік 

статусын, адамгершілік қадір-қасиет- 

терін төмендету, біреуге орынсыз кү- 

йе жағу мақсаты көзделеді. Ғ. – адам- 

дардың  ұнамсыз  қасиеттерінің  бірі. 

Бұл көбінесе мәдениеті төмен шағын 

топтар  мен  жеке  адамдар  арасында 

кездесіп  отыратын  жағымсыз  эмо- 

циялық қалып.

ҒАРЫШТЫҚ  ПСИХОЛОГИЯ  –  

шетсіз,  шексіз  әлем  кеңістігі  жағда- 

йындағы  адамның  көңіл  күйі  мен 

ерік-жігерінің,  қажыр-қайратының 

төзімділігі  мен  шыдамдылығын,  ға- 

рышта  ұшу  кезіндегі  салмақсыздық 

күйге  түскен  ғарышкердің  ерек-

шеліктерін  зерттейтін  еңбек  психо- 

логиясының бір саласы. Ғ.п. ғарыш- 

кер  іс-әрекетінің  әртүрлі  экстремал- 

ды факторларға тәуелділігін (салмақ- 

сыздық,  гиподинамикалық,  салыс- 

тырмалы сенсорлық депривация т.б.), 

сондай-ақ ғарышқа ұшуға дайындық, 

яғни  түрлі  жаттығу  жұмыстарын 

жүргізудің  психологиялық  мәселе- 

лерімен  айналысатын  сала.  Ғ.п.  мә- 

селелерін зерттеу – Байқоңырдай аты- 

шулы орбиталық станциясы бар Қа- 

зақ еліне де аса қажет. Ғ.п. авиация 

психологиясы және дәрігерлік экспер-

тизамен тығыз байланысты.



ҒАШЫҚТЫҚ  –  адамдардың  бір-

біріне  кіршіксіз  сезім  мен  қалтқы- 

сыз  сенімге  негізделген  махаббаты- 

ның  ең  жоғарғы  түрі.  Ер  мен  әйел 

арасындағы  нәпсілік  құмарлық  ға- 

шықтыққа  жатпайды.  Ғ-тың  тыл- 

сымдық сипаты бар. Ғ.- адам жараты- 

лысының  ішкі  мазмұны,  нағыз  таза 

рухани тіршіліктің көрінісі. Оны ма- 

хаббаттың синонимі деп қарауға бол-

майды.  Ғ.  ұғымының  махаббатпен 

байланысын  жеңіл-желпі  түсінетін- 

дер,  оны  орынсыз  қолданатындар 

өмірде  кездесіп  отырады.  Мұндай 

жағдайда  олар  ұлы  Абайдың  «ға- 

шықтық пен құмарлық ол екі жол» де- 

ген аталы сөзін есте ұстаулары тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет