АЙҒАБЫЛОВ НОҒАЙБАЙ (1928-
2001) – қазақ психологі, 1960 жылы
Ленинград қаласында «6-шы класс
оқушыларының таным әрекеттерінің
кейбір жақтарын дамытудағы оқу-
тарихи суреттердің рөлі» деп атала-
тын тақырыпта кандидаттық дис-
сертация қорғаған. Ол орта мектеп
оқушыларының тарихи атауларды
ұғыну ерекшеліктерінің психология-
лық негіздерін зерттеген автор. Ең-
бектері «Бастауыш класс оқушылары-
ның ақыл-ой әрекеті белсенділігін
арттыру» (Алматы, 1970.), «Бала мі-
незінің қалыптасуы және тәрбиелеу»
(Алматы, 1970.), т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |