Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет379/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

КОГНИТИВТІК  ДИССОНАНС 

ТЕОРИЯСЫ  –  америкалық  психо- 

лог Л.Фестингер ұсынған (1957) жә- 

не адамның мінез-құлқына когнитив- 

тік  элементтер  (сенімдер,  пікірлер, 

құндылықтар, ниеттер және т.б.) жү- 

йесінің  ықпалын  түсіндіретін  батыс 

әлеуметтік  психологиясы  тұжырым- 

дамаларының бірі. Когнитивтік дис- 

сонанс  теориясының  бастау  қағида- 

сы:  диссонанс  деген  субъектіде  бір 



КЛИН

КОГН


268

объект  туралы  бір  мезгілде  қарама-

қайшы екі психологиялық «білімдер» 

(пікірлер, ұғымдар) болатындай жағ- 

даятта пайда болатын жағымсыз ын- 

таландырушы  күй.  Диссонанс  күйі 

субъективтік тұрғыдан қолайсыздық 

болып  ұғынылады;  одан  диссонанс- 

тық  білімдер  элементтерінің  бірін 

өзгерту,  не  жаңа  элемент  енгізу  ар- 

қылы арылуға тырысады. Бертін ке- 

ле Л.Фестингер диссонансты таңдау- 

ды  жете  ақтамаудың  салдары  деп 

анықтады.

Өз қылығын ақтауды күшейтуге ты- 

рысып, адам не өз мінез-құлқын өз- 

гертеді, қылық соған байланысты объек- 

тіге көзқарасын өзгертеді, не қылық- 

тың  өзі  және  басқалар  үшін  маңы- 

зын  кемітеді.  70-жылдары  бірқатар 

зерттеушілер ақпараттық терминдер- 

дегі  «диссонанстық  эффектілерді» 

қайта қарап, каузальдық жүйелердің 

функция  атқаруының  жеке  бір  жағ- 

дайы деп көрсетті. Бүкіл когнитивис- 

тік  бағдарға  тән  когнитивтік  диссо- 

нанс теориясының басты кемшілігі – 

зерттеулердің  субъектіге,  оның  сана 

әлеміне  шоғырлануы,  субъект  қам- 

тылған және оның қоршаған болмыс- 

пен байланысына негіз болатын зат- 

тық іс-әрекетін жете бағаламаушылық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет