Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет378/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

КЛИЕ

КЛИЕ


267

сияқты өтетін жағдай. Клиентті қол- 

дау  –  психолог-кеңесші  тарапынан 

клиентті эмоционалдық, сөздік қол- 

даулар. Мұндай қолдаулар ниет біл- 

діру,  есіркеу,  жан  ашу,  уайымына 

ортақтасу, мақұлдау, ұнату, көңіл ай- 

ту, тілектес болу, мадақтау т.с.с. ар- 

қылы  білдіріледі.  Интерперсонал- 

дық  сапалар  –  клиентпен  жекелік 

қатынасында көрініс беретін психо- 

лог-кеңесші  мінезінің  психология- 

лық қасиеттерінің жиынтығы.

КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ – 

медициналық  психологияның  ауру- 

лардың пайда болуы мен барысының 

психикалық  факторларын,  аурулар- 

дың  тұлғаға  ықпалын,  емдік,  шипа- 

лық  ықпал  әсердің  психологиялық 

аспектілерін зерттейтін саласы.

Клиникалық  психологияның  мақса-

тымен  міндеттері  психиатриялық, 

неврологиялық, соматикалық клини- 

каның  практикалық  қажетсінуле- 

рімен  анықталады.  Осыған  сәйкес,  

К.п.  патопсихология,  нейропсихоло- 

гия,  соматопсихология  проблемала- 

рының тобына тұлғаны зерттеу, нев- 

рологиялық  және  психикалық  ауру- 

ларға  жатпайтын  әр  түрлі  аурулар- 

мен ауырған науқастардың диагнос- 

тикасының,  емдеудің,  сараптаудың 

психологиялық  мәселелері  қамты- 

лады.

Соматопсихологияда психосоматика- 



лық  кінәраттары  –  шығуы  мен  өтуі 

барысында  психикалық  факторлар 

жетекші  орын  алатын  ішкі  аурулар- 

мен  (мыс.  Гипертониялық  аурулар, 

бронх  демікпесі,  созылмалы  коро- 

нарлық жетімсіздік және т.б.) ауыра- 

тын  ауруларды  зерттеудің  ерекше 

маңызы бар. Клиникалық психология- 

ның пато-, нейро-, және стоматопси- 

хология  болып  бөлінуі  өте  шартты 

түрде  және  аурулардың  дәстүрлі 

медициналық  топтастырылуын  бей- 

нелейді.

К.п.  салалары  зерттеу  міндеттері, 

қолданылатын  әдістері  арқасында, 

сондай-ақ  клиникалық  психология- 

ның бірнеше тарауының зерттеу пә- 

ні  болып  табылатын  шекаралық  па- 

тологияның  болуымен  байланысты 

бір-бірімен  жақындайды.  Клиника-

лық  патологияның  теориялық  және 

қолданбалы  мән-маңызы  диагнос- 

тикалық және сараптамалық жұмыс- 

ты  жетілдіру,  емдеу  шараларының 

психологиялық әлеуетін күшейту, ау- 

рулардың  өзара  қарым-қатынаста- 

рын  зерттеу,  емдеу  мекемелері  қыз- 

меткерлерінің  жұмысын  ұйымдас- 

тыру және клиникалардың емдік ор- 

тасын оңтайландыру, емдеудің нәти- 

желігін және оң нәтижелерінің ұзақ- 

тығын  арттыру,  науқастардың  ауру 

барысындағы  пайда  болған  тұлға- 

лық  өзгерістерін  түзеу  мәселелерін 

шешуде жан-жақты ашылады. Шетел- 

дерде,  атап  айтқанда,  АҚШ-та  кли- 

никалық психологияның көлемі «ме- 

дициналық  психология»  ұғымының 

мазмұнына сәйкес келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет