273
жан бар, дене бар. Екеуі бірінен-
бірі жасырын емес, бірақ жан деген
мәселені ешкім көрген емес.
Адамның денесі өзіне де, басқаға да
көріністе тұр. Жан өзі көрінбейді, бі-
рақ белгісі көрінеді, жанның барлы-
ғы соңынан танылады. Барлық белгі-
сі – адамда бір нәрсені ойына салып
ойлау бар, сезу бар. Ойланып сезген
нәрсесін орындап, орнына келтіру
бар. Жылынады, тынығады, бір нәр-
сені жақсы көреді, бір нәрсені жек
көреді. Міне, осындайлар – жанның
барлық белгісі... Денедегі жанға се-
рік болуға жарайтұғын нәрсе – қан».
М.-Ж.Көпеев айналадағы дүниені
танып білу үшін көз бен құлақтың
зор маңыз алатынына тоқталады. Көз
мимен жалғасып жатады. Ол миға
сыртқы дүниедегі әртүрлі нәрселер-
ден ақпарат әкелуші дәнекер рөлін
атқарады. Танымның келесі бір түрі
адамның бір көрген нәрсесін қайта
жаңғырту қабілеті. Көпеевтің тілі-
мен айтсақ, бұл сырттан келген нәр-
сенің бәрін жазып отыратын хатшы
іспеттес аппарат. Танымның үшінші
түрі – аппараттың дұрыс-бұрысты-
ғын тексеріп, бақылаушы мидың әре-
кеті. Мұның төртінші түрі – кісінің
көрген-білгеніне қоса көрмегенін де
тануға жәрдем беретін ішкі таным-
ның, яғни қиялдың мазмұнымен үй-
лесіп келеді.
Қиял неғұрлым ұшқыр да, аумақты
болса – таным соғұрлым тереңдей
түспек. Қиялда елестетудің де мәні
зор. ...Адам танымы бес бастаудан
нәр алатын асау өзен іспеттес. Оның
бірі – көру, екіншісі – есту, үшіншісі –
түйсіну, төртіншісі – иіс сезу, бе-
сіншісі – дәм... Сезім органдарына
тек тап-таза бейнелер ғана келіп түс-
пейді, сонымен бірге бұған ескі-құс-
қысы аралас, тіпті лас нәрселер де
келеді. Ойлау оларды сұрыптай оты-
ра жарамдыларын ғана қабылдап,
жарамсызын шығарып тастайды...
Тіл – ой маржаны, ойсыз тіл жоқ...
Арман – сөздің қаймағы, нәр тұзы.
Қиял – өмірдің гүлі, әдеміліктің мә-
йегі. Қиялсыз адам – дәрменсіз. Қиял
мен арман үміт пен тілек ақылды
дамытып, дүниетанымды кеңейтіп,
ойды тебірентіп толқытады.
Осындай қиял ғана мінез-құлықты
түзетіп, кісіні адамгершілікке, иман-
дылыққа тәрбиелейді... Егер біреу
бақытсыздыққа душар болса, екін-
шісі оған көңіл айтып, қайғысын бө-
ліседі. Ал қуаныш пен шаттыққа
кенелген кісі дәл қайғыға ортақтас-
қандай болмайды. Өзгенің қайғы-
қасіретіне шын мәнісінде ортақтаса
білу үшін тәрбие барысында біртін-
деп қалыптасқан адамгершілік қа-
жет... Ғұлама ақын ерік-жігер туралы
айта келіп, еркі күшті адам алдына
қойған мақсаты жолында ештеңеден
қайтпай, талабынан бас тартпай, үміт
үзбей, ұсақ-түйекпен айналыспай,
жоқшылыққа мойымай әрекет етеді.
Жігерлі жан тыныш өмір сүре алмай-
ды, оның тыныс-тіршілігі ылғи да
талас-тартыс пен күреске толы, өйт-
кені кісінің бар арманы мақсатқа же-
ту жолына бағытталады. Көп жағ-
дайда оның мақсат мүддесі, талап-ті-
легі өзгелердің қалауымен үш есе
бермейді, оның алдына кесе-көлде-
нең тұрып, қалаған жолына кедергі
келтіреді.
Мәшһүр-Жүсіптің пікірінше, бейғам-
дық та әр түрлі. Бейғамдықтың бір
түрі – айналада болып жатқан нәр-
селерге мүлде көңіл аудармай, одан
Достарыңызбен бөлісу: