Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет398/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

КРОСС-МӘДЕНИЕТТІК  ЭТНО- 

ПСИХОЛОГИЯ – әртүрлі этностар 

мен  ұлттардың  рухани  өмірін  бір- 

бірімен салыстыру арқылы адамдар- 

дың психологиялық және әлеуметтік 

мәдени ерекшеліктерін зерттейтін эт- 

нопсихологияның  бір  бағыты.  Мұ- 

ның  көрнекті  өкілдерінің  бірі,  аме- 

рика этнографы Мид Маргарет (1901-

1978).  Ол  көптеген  этнологиялық 

материалдарды талдай, табиғи және 

әлеуметтік  факторлардың  ара  қаты- 

насын салыстыра келіп, түрлі этнос- 



КРЕА

КРОС


280

тардың  тұлғалық  ерекшеліктерінің 

қалыптасу  жолын,  әсіресе  баланың 

әлеуметтенуін  (социолизация)  зерт- 

теу арқылы ұлттық мінез ерекшелік- 

терін көрсетті. Оның «Мәдениет эво- 

люциясындағы  сабақтастық»  (1964) 

атты  еңбегінде  мәдениет  факторы- 

ның,  адамның  психологиялық  ерек- 

шеліктеріне елеулі әсер ететіндігі ай- 

тылған.

КҮДІКШІЛДІК  –  адамның  қандай 

да  болсын  бір  іске,  оқиғаға,  сенім- 

сіздікпен қарап шүбәлануы. Әр нәр- 

сеге шек қойып күдіктене қарап, қа- 

уіп-қатер  жоқ  па  екен  деп  күмәнда- 

нуы.  «Нанасың  не  айтса  да  амалың 

жоқ,  Түсінде  бір  кәдік  жоқ  «алдар» 

деген  Абай.  К.  іс-әрекет  пен  адам- 

ның сөйлеген сөзінің шындығы мен 

жалғандығына  ой  жүгіртіп  сезікте- 

нуін, шүбәлануын да білдіреді. «Петр 

Қожақтың «жаңа хабарына» сеніңкі- 

ремеді, «шын айта ма, жоқ па» деген 

күдікті  кескінде  тоқталып  қарады» 

(Ә.Нұрпейісов). К. адам болар істің, 

айтылған  сөздің,  түрлі  хабарлардың 

шындығы мен ақиқатын көзімен кө- 

ріп, қолымен ұстамайынша сенімсіз- 

дік  білдіріп  күмәндана  береді.  «Уа- 

йым, қайғы, мұң, күдік, Мәңгі кетті 

көңілден»  (Қ.Аманжолов).  Ғылыми-

зерттеу  істерімен  белгілі  мәселенің 

дұрыс шешімін тауып шындыққа ай- 

налуы адам бойындағы күдікті сергі- 

тіп, ісін онан әрі жалғастыра беруін- 

де  сенімін,  бойындағы  күш-қуатын 

арттырады,  оптимистік  көзқарасын 

нығайтады.  Орынсыз  сезіктеніп  К. 

болу адамның мінез-құлқындағы се- 

німсіздігін  білдіретін  ұнамсыз  қы- 

лық,  әрі  еркі  мен  жігерсіздігін  біл- 

діретін жағымсыз сипат.



КҮЙ  –  жалпылама  түрінде  күй  кез 

келген  жүйе,  оның  ортаның  коор- 

динаттық объектілеріне қатысты жағ- 

дайын бейнелейтін сипаттама. Адам- 

ның  күйін  сырттай  топшылауға  бо- 

лады.  Тіршіліктің  белгілі  бір  сәтін- 

дегі  организмнің  жайлылық  пен 

жайсыздықтың,  қолайлылықпен  не- 

месе қолайсыздықтың адам санасын- 

да тіркелуі. Адамның күйі қоршаған 

орта  мен  жағдаятқа  бейімделудің 

реттеушілік  функциясы  болып  та- 

былады.

КҮЙГЕЛЕКТІК  –  адамның  көңіл 

күйінің ерекшелігін білдіретін шам- 

дану,  ашулану,  қызуқандылық.  К.  – 

адамның  жан  дүниесіндегі  сезімді, 

эмоцияны білдіріп, оның сыртқа шы- 

ғуынан байқалатын жайт. Бойын ашу-

ыза кернеген адам қызарып, бозара- 

ды.  Танауы  желбіреп,  сөйлеген  сөзі 

үзік-үзік болып естіледі. Шамданып 

ашушаңдығын  сыртқа  шығарады.  

К-тің  айқын  көрінісі  стрестік  жағ- 

дай. Бұл күйіп-пісушілік. Қиын жағ- 

дайға душар болғанда асып-тасып аб- 

дырайды. Нендей әрекет жасап, қиын-

қыстау жайттан шығудың айла-тәсі- 

лін шарқ ұрып іздестіреді. Басқа төн- 

ген қауіп пен апаттан құтылудың жо- 

лын  іздеп  «жанын  шүберекке  түй- 

гендей» күй кешеді.

Мұндай жағдай әуе кеңістігінде ұшып 

жүрген  ғарышкерлердің,  ұшқыш- 

тардың, Терістік Мұз мұхитымен Ан- 

тарктикадағы зерттеушілер өмірінде 

жиі  кездеседі.  Қиын-қыстау  жағ- 

дайларға душар болған адамның көз 

алдында  апатқа  ұшырап  өлім  қаупі 

тұрса да, ол өз бойындағы күш-қуа- 

тын,  ерік-жігерін,  білімі  мен  тәжі- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет