Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет434/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


308

дамуына негіз болатын қасиеттің бі- 

рі – зерделілік пен зейінділік. Оның 

пікірінше,  саналы  іс-әрекет  зейінсіз 

іске аспайды. Осы еңбекте зейін кө- 

бінесе  «мәнділік  аңғарым»  деген 

ұғым  мағынасында  беріліп,  оның 

адамның  мақсатты  қызығуына  бай- 

ланысты  қалыптасатыны  біраз  сөз 

болады. Ойлау процесінде адам сезім 

мүшелері  арқылы  әр  затты,  нәрсені 

жан-жағынан  қарап,  бір-бірімен  са- 

лыстырады,  одан  соң  барып  толға- 

нады,  өйткені  толғану  сараланбаса, 

ойлау  дараланбайды  дейді.  Ойлау, 

сөйлеу  қызметіне  байланысты  екен- 

дігін баса айтады. Ойдың сөз арқы- 

лы  бейнелеуінің  арқасында  адам 

өзінен бұрынғылардың ілім-білімде- 

рін  есінде  сақтап  қалады,  оларды 

ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. 

Айтар  ойымызды  шимайлап  қағаз- 

ға түсіргенде ғана оны түгелдей есте 

сақтай аламыз.

Ойды басқа адамға жеткізу үшін оны 

сараптап, толғана талдау қажет. Ай- 

тар  ойыңды  алдымен  өзің  түсініп 

ал,  алдамшы  сезімге  беріліп  үстірт 

ойлау – үлкен қателік, жақсылап тү- 

сіну  үшін  көзбен  көріп,  құлақпен 

естіп,  қолмен  ұстай  білу  қажет.  Ғұ- 

лама ғалым сөз саптау, сөйлеу мәне- 

ріне  де  ерекше  мән  берген.  Оның 

пайымдауынша,  жұмсақ,  байыпты, 

сыпайылықпен сөйлеу кімге де бол- 

са  жарасымды  қасиет  («Жақсы  сөй- 

лемелік,  Жанға  шырай  бермек»). 

Сөйлеу әдебі дегеніміз ойды бүкпей 

ашық  айту,  яғни  ой  жинақтылығы, 

оның мазмұнды болуымен байланыс- 

ты.  Бала  түйсігінің  дұрыс  қалыпта- 

суы  үшін  сезім  мүшелерін  таза  ұс- 

тап,  оның  түрлі  сырқаттарын  дер 

кезінде  емдеп  отырған  абзал.  Бала- 

ның  өң  мен  түсті,  тәтті  мен  ащыны 

дұрыс ажырата алуын, алыс-жақын- 

нан  келетін  дыбыстарды  дәл  естуін 

ата-аналар  мұқият  қадағалауы  тиіс, 

мұның өзі әр затты жан-жақты түйсі- 

ніп, оның сыр-сипатын түсіне білуге 

жәрдем  етеді.  Еңбекте  жантануға 

байланысты  бұдан  басқа  деректер 

жеткілікті. Мәселен, мінезге батырлық 

пен батылдықты, қайсарлық пен ша- 

пағаты  болмайтындығын  айта  оты- 

рып,  ондайларды  барынша  шенеп-

мінейді.  Адам  өмірге  келген  соң, 

белсенді өмір сүруге, «сегіз қырлы, бір 

сырлы» болуға ұмтылуы тиіс дейтін 

тұжырым  аталмыш  еңбекте  кеңінен 

орын алған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет