ҚАзАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ
ПСИХОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ.
Академик Т.Т.Тәжібаев атындағы
этнопедагогика мен этнопсихология-
ны оқыту және зерттеу орталығы 1998
жылы құрылған ұлт психологиясы-
ның мәселелерін зерттейтін Қазақстан-
дағы ғылыми мекеме. 1991 жылы
құрылған Алматы облыстық «Ұлттық
тәлім-тәрбие» қауымдастығының заң-
ды мұрагері. Ол халқымыздың ұлт-
тық психологиясының қалыптасу жә-
не даму жолын зерттейтін бірден-бір
ғылыми мекеме. Оның «Мектептегі
психология» атты басылымы ай са-
йын шығып тұрады.
Орталық Қазақстандық ұлттық пси-
хология мен педагогиканың өзекті
мәселелерін зерттеумен айналыса-
ды, республика көлемінде, сондай-ақ
Орталық Азия аймағындағы халық-
тардың осы саладағы ғылыми зерттеу-
лерін үйлестіруге жәрдемдеседі. Ор-
та арнаулы оқу орындары мен жо-
ғары мектепке арналған оқулық-
тармен оқу құралдарын, бағдарла-
малар шығарады. Еліміздің бірнеше
университеттерінде оның филиал-
дары бар. Орталық жанында жалпы-
қалалық әдіснамалық ғылыми семи-
нар жұмыс істейді. Мұнда жыл са-
йын республикалық, аймақтық, халық-
аралық теориялық конференциялар
ұйымдастырады, «Этнопсихология
және этнопеда-гогика» атты серия-
лық ғылыми жинақтар шығарды, қа-
зірде оның 20 томы жарық көрді.
Орталықта «Ұлттық және жалпы адам-
заттық мәдениеттің субъекті болып
табылатын ұлттық тұлғаның қалып-
тасу жолдары» атты тұжырымдама
жасалынып, ол ғылыми айналысқа
түскен. Оның нәтижелері қазақ этно-
психологиясы мен этнопедагогика-
сының теориялық-әдіснамалық не-
гіздерін жасау ісі жүргізілуде. Ғылы-
ми орталықтың жұмысына жоғары
оқу орындарының ғалымдары, оқы-
тушылары мен мектеп мұғалімдері,
білім беру саласының өкілдері қа-
тысады.
Достарыңызбен бөлісу: |