324
сиеттерінің, мектептің дұрыс жұмыс
істеуінің оқуға саналы түрде өзінің
бар ықыласымен қатынасуын, мек-
теп мүлкіне ұқыпты болуын, мек-
тептің ішкі ережелерін сақтай білуін,
мұғалімге, туысқандарына, жолдас-
тарының көзқарасы, қарым-қатына-
сы сыпайы, қадірлі, қасиетті болуын
талап етеді.
ҚОЙБАҒАРОВ КӘРІМ (1928-
1985) – Қазақ мемлекеттік универ-
ситетінің логика және психология бө-
лімін бітіргеннен кейін 1951-54 жыл-
дары психология кафедрасының ас-
пирантурсында оқиды. 1953-60 жыл-
дары осы кафедраның ассистенті, ал
1960 жылдан өмірінің соңына дейін
аға оқытушы қызметін атқарып, уни-
верситетте психологиядан қазақ ті-
лінде сабақ берді.
Ол «Бастауыш сыныптардың оқу
әдеттерін қалыптастыру» дейтін дис-
сертация (1964), «Сұлтанмахмұттың
психологиялық көзқарастары» деген
бірнеше ғылыми мақалалардың ав-
торы, қазақ тіліне аударылған «Жал-
пы психология» (Алматы, 1980), «Жас
және педагогикалық психология» (Ал-
маты, 1987), «Семья өміріндегі әдеп
және психология» (Алматы, 1986) ат-
ты кітаптардың тәржімашыларының
бірі. Оның «Балаларды мектепке
әзірлеу» (1961), «Балаларды адамгер-
шілк сезімге тәрбиелеу» (1966) дейтін
педагогикалық психология саласын-
да жазған жеке-жеке кітапшалары –
ата-аналар мен мұғалімдер үшін жа-
зылған төл еңбектер еді.
ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ – бұл қазақ
халқының әлеуметтік, географиялық,
тұрмыстық жағдайына байланысты
қалыптасқан ерекше қастерлі қасие-
ті. Бізде «қонақ десе, қоң етін кесіп
беретін қазақпыз» дейтін аталы сөз
бар. Тәуліктің қай мезгілінде келге-
ніне қарамастан, «көлденең келген көк
аттыны» да жылы жүзбен қабылдап,
төріне отырғызып, дастархан жайып,
бар мәзірін алдына қойып, күту –
халқымыздың санасына мықтап ор-
наған имандылық пен шынайы адам-
гершіліктің белгісі. Әрбір қазақ үйін-
де тамағының дәмдісін, жылы-жұм-
сағын өздері жеместен келетін қона-
ғына сақтайды. Майы мен құрты,
ірімшігі мен женті, соғымның мүше-
лері – сыбаға ретінде өзінің қадірмен-
ді қонағын күтіп, көп уақыт түнекте
сақтаулы тұрады. Қонақ күтіп, қо-
наққа баруды халқымыз өмірдің биік
мәртебесі деп түсінеді.
Халқымыздың осынау тамаша қа-
сиеті жайлы сөз қозғағанда осыдан
500 жыл бұрын ғұмыр кешкен ғұла-
ма ғалым Мұхаммед Хайдар Дулати-
дың (1499-1551) халқымыздың асқан
қонақжайлылығы мен меймандос-
тығы, жомарттығына байланысты айт-
қан төмендегі тұжырымдары еріксіз
еске түседі. «...Егер де менің өтінішім-
ді, – деп жазады автор, – орындау-
дың ең жақсы жоралғысы не деп сұ-
раса, онда Сізді меймандостықпен
құрметке бөлеуді айтқан болар едім.
Сіз сияқты аяулы мейманды шаңы-
рағымның табалдырығынан аттатып,
жылдар бойы Сізге осындай мейман-
достық көрсете алмауым – маған қан-
дай өкінішті болар еді». ...Автор қа-
зақ халқының ғасырлар бойы қа-
лыптасқан қастерлі дәстүрін көшпе-
лілердің сана-сезімінен мықтап орын
алған шынайы адамгершіліктің, иман-
дылық пен қайырымдылықтың, әдеп-
Достарыңызбен бөлісу: