Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет458/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚОЖА

ҚОЖА


324

сиеттерінің, мектептің дұрыс жұмыс 

істеуінің  оқуға  саналы  түрде  өзінің 

бар  ықыласымен  қатынасуын,  мек- 

теп  мүлкіне  ұқыпты  болуын,  мек- 

тептің ішкі ережелерін сақтай білуін, 

мұғалімге,  туысқандарына,  жолдас- 

тарының  көзқарасы,  қарым-қатына- 

сы сыпайы, қадірлі, қасиетті болуын 

талап етеді.



ҚОЙБАҒАРОВ  КӘРІМ  (1928- 

1985)  –  Қазақ  мемлекеттік  универ- 

ситетінің логика және психология бө- 

лімін бітіргеннен кейін 1951-54 жыл- 

дары  психология  кафедрасының  ас- 

пирантурсында оқиды. 1953-60 жыл- 

дары осы кафедраның ассистенті, ал 

1960 жылдан өмірінің соңына дейін 

аға оқытушы қызметін атқарып, уни- 

верситетте  психологиядан  қазақ  ті- 

лінде сабақ берді.

Ол  «Бастауыш  сыныптардың  оқу 

әдеттерін қалыптастыру» дейтін дис- 

сертация (1964), «Сұлтанмахмұттың 

психологиялық көзқарастары» деген 

бірнеше  ғылыми  мақалалардың  ав- 

торы, қазақ тіліне аударылған «Жал- 

пы психология» (Алматы, 1980), «Жас 

және педагогикалық психология» (Ал- 

маты, 1987), «Семья өміріндегі әдеп 

және психология» (Алматы, 1986) ат- 

ты кітаптардың тәржімашыларының 

бірі.  Оның  «Балаларды  мектепке 

әзірлеу» (1961), «Балаларды адамгер- 

шілк сезімге тәрбиелеу» (1966) дейтін 

педагогикалық психология саласын- 

да жазған жеке-жеке кітапшалары – 

ата-аналар мен мұғалімдер үшін жа- 

зылған төл еңбектер еді.



ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ – бұл қазақ 

халқының әлеуметтік, географиялық, 

тұрмыстық  жағдайына  байланысты 

қалыптасқан ерекше қастерлі қасие- 

ті. Бізде «қонақ десе, қоң етін кесіп 

беретін  қазақпыз»  дейтін  аталы  сөз 

бар.  Тәуліктің  қай  мезгілінде  келге- 

ніне қарамастан, «көлденең келген көк 

аттыны» да жылы жүзбен қабылдап, 

төріне отырғызып, дастархан жайып, 

бар  мәзірін  алдына  қойып,  күту  – 

халқымыздың  санасына  мықтап  ор- 

наған имандылық пен шынайы адам- 

гершіліктің белгісі. Әрбір қазақ үйін- 

де  тамағының  дәмдісін,  жылы-жұм- 

сағын өздері жеместен келетін қона- 

ғына  сақтайды.  Майы  мен  құрты, 

ірімшігі мен женті, соғымның мүше- 

лері  сыбаға ретінде өзінің қадірмен- 

ді қонағын күтіп, көп уақыт түнекте 

сақтаулы  тұрады.  Қонақ  күтіп,  қо- 

наққа баруды халқымыз өмірдің биік 

мәртебесі деп түсінеді.

Халқымыздың  осынау  тамаша  қа- 

сиеті  жайлы  сөз  қозғағанда  осыдан 

500 жыл бұрын ғұмыр кешкен ғұла- 

ма ғалым Мұхаммед Хайдар Дулати- 

дың (1499-1551) халқымыздың асқан 

қонақжайлылығы  мен  меймандос- 

тығы, жомарттығына байланысты айт- 

қан төмендегі тұжырымдары еріксіз 

еске түседі. «...Егер де менің өтінішім- 

ді,  –  деп  жазады  автор,    орындау- 

дың ең жақсы жоралғысы не деп сұ- 

раса,  онда  Сізді  меймандостықпен 

құрметке бөлеуді айтқан болар едім.

Сіз  сияқты  аяулы  мейманды  шаңы- 

рағымның табалдырығынан аттатып, 

жылдар бойы Сізге осындай мейман- 

достық көрсете алмауым  маған қан- 

дай өкінішті болар еді». ...Автор қа- 

зақ  халқының  ғасырлар  бойы  қа- 

лыптасқан қастерлі дәстүрін көшпе- 

лілердің сана-сезімінен мықтап орын 

алған шынайы адамгершіліктің, иман- 

дылық пен қайырымдылықтың, әдеп- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет