Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет462/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚОРҒ

ҚОРҚ


327

деп аталады. Функциялық тұрғыдан 

Қ.  субъектіге  алдағы  қауіп  туралы 

ескерту болады, оның негізіне барын- 

ша назар аударуға мүмкіндік береді, 

одан құтылу жолдарын іздеуге итер- 

мелейді.  Қ.  аффект  күшіне  жеткен 

жағдайда  (үрейлі  қорқыныш,  зәресі 

қашу) ол мінез- құлық стереотипте- 

ріне ұрындырады (қашу, сілею, қорға- 

ныш агрессиясы).

Адамның  әлеуметтік  дамуында  Қ. 

тәрбие құралдарының бірі болып кө- 

рінеді: мыс., айыпталудан қорқыныш- 

тың  қалыптасуы  жүріс-тұрысты 

реттейтін фактор ретінде пайдаланы- 

лады.  Қоғам  жағдайында  индивид 

құқықтық  және  басқа  да  әлеуметтік 

институттардың қорғауында болатын- 

дықтан, адамның қорқынышқа шама- 

дан  тыс  бой  алдыруы  бейімделуші- 

лік мағынасынан айырылып, дәстүр- 

де  жағымсыз  қасиет  деп  бағамда- 

лады.  Қорқыныштың  қалыптасқан 

реакциялары  біршама  орнықты  бо- 

лып табылады және олардың мағына- 

сыз екендігін түсінген күннің өзінде 

сақтала беруі мүмкін. Сондықтан қор- 

қынышқа  қарсы  беріктікке  тәрбие- 

леу, әдетте, адамды одан біржола арыл- 

туға  бағытталмай,  қорқыныш  бол- 

ғандай жағдайда өзін-өзі ұстай білу- 

шілік  қасиеттерін  дарытуға  бағыт- 

талады.  Жағдаятқа  мөлшерлес  емес 

қорқыныш  реакциялары  әр  түрлі 

психикалық  аурулар  кезінде  бай- 

қалады.

ҚОРҚЫТ  АТА  –  тасқа  жазылған 

дастандардың тәлім-тәрбиелік идея- 

сымен астарлас рухани мұраның бі- 

рі – Қорқыт ата тағылымдары. VIII-

IX ғғ. төңірегінде Сырдарияның орта 

және төменгі бойын жайлаған Оғыз-

Қыпшақ  тайпаларының  мемлекеті 

болды.  Оғыздар  арасынан  шыққан 

әйгілі күйші, музыкант, жыр алыбы, 

аңыз кейіпкері ұзақ өмір сүріп, жаз- 

мышқа қарсы күресіп, адамның мәң- 

гі  жасауын  арман  етіп  өткен  кемең- 

гер ғұлама Қорқыт еді. Өлім қатері, 

одан құтылу туралы өзінің асыл ой- 

лары  мен  тебіреністерін  қобыздың 

зарлы  әуеніне  қосқан  Қорқыт  тура- 

лы аңыз-жырлар, бізге жеткен «Қор- 

қыт ата кітабы» – Орта Азия, Қазақ- 

стан  мен  Әзірбайжан  халықтары- 

ның  аса  көрнекті  жазба  ескерткіші. 

Қорқыттың  музыкалық-этнография- 

лық мұрасы бұрынғы Кеңес Одағын 

мекендейтін  түркі  тілдес  халықтар- 

дың  барлығының  ортақ  рухани  игі- 

лігі. Қорқыт ата тағылымдарында тә- 

лімдік мәні күшті түрлі афоризмдер, 

қанатты  сөздер,  ұстаздық  ұлағаттар 

көптеп кездеседі. Бұлар тек тарихи-

этнографиялық  тұрғыдан  ғана  емес, 

сонымен бірге осы аймақтағы халық- 

тардың ілкі ортағасырлардағы тәлім-

тәрбиелік  ой-пікірлерінің  өзіндік 

ерекшелігін бейнелейді.

Қорқыт  есімі  көшпелі  қазақ  жұрты- 

ның арасында ерте заманнан-ақ қас- 

терленіп  келеді.  Сондықтан  да  хал- 

қымыз: Жыраудың үлкен пірі – Қор- 

қыт  ата,  Бата  алған  барлық  бақсы, 

ақын  ата,  Таңқалып  жұрттың  бәрі 

тұрады  екен,  Қобызбен  Қорқыт  ата 

күй тартқанда, – деп тегін жырлама- 

ған. 1980 жылы Сырдарияның төменгі 

сағасында  Жосалы  (Қызылорда  об- 

лысы,  Қармақшы  ауданының  орта- 

лығы)  станциясының  солтүстік-ба- 

тысына таман Қорқыт мекенінен бір 

жарым шақырым жердегі оның зира- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет