Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет474/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   877
ҚҰЛЖ

ҚҰЛЖ


337

сар  баланың  психологиясын  былай 

сипаттайды: «Үш жасар бала бір ты- 

ным жоқ «басты қатырады» деп ше- 

шесі  зарлайды.  Үш  жасар  бала  істі 

өзі орындағанды жақсы көреді. Өзім 

істеймін деп араласады. Сұрамайтын 

сөзі  жоқ,  неге  бұлай?  Ол  өзі  ұстап 

байқағанды жақсы көреді. Кісіні шар- 

шатады.  Ат  болады,  түйе  болады. 

Шешесі болып ойнайды, тағы да басқа 

ойын  дүниесіне  кіріседі...  Үш  жа- 

сардың  сөзінің  түбі  жоқ.  Айтқанды 

тыңдауға, тынымсыз, сөзбен жағалас 

жүреді...  Нәрсенің  бәрін  білгісі  ке- 

леді... Тапқан заттарының бәрін ойын 

қылады...  Ойын  –  оның  шын  тірші- 

лігі... Төңіректегі нәрседен өзіне қы- 

зықты ғана көзіне түсіп, ықылас тар- 

тады...».

Бұдан 70 жыл бұрын айтылған осы- 

нау  психологиялық  сипаттамалар- 

дың қазіргі ғылыми психология айта- 

тын  түйіндерден  ешбір  айырмашы- 

лығы жоқ, өресі биік, сындарлы ой- 

пікір екендігіне шүбә келтіруге бол- 

майды.

Н.Құлжанова  қазақ  отбасыларында 



мектепке  дейінгі  бала  тәрбиесінде 

орын  алып  келе  жатқан  кейбір  кем- 

шiліктерді  көрсетеді.  «Жас  балаға 

үлкендер тыныш отыруды бұйырады. 

Үйге  қамап  қояды.  Шамасынан  ар- 

тық қызмет тапсырады. Қазақ қызда- 

рын үйге отырғызып қояды. Балалар 

далаға  шығып,  басқалармен  ойна- 

ғысы, қозы қуғысы келеді. Үлкеңдер 

өз еркімен жүргісі келген балаға зор- 

лық  жасайды...  Баланың  өзіне  кере- 

гін істетпей, «адам болмайсың» деп 

ұялтады... Онан білгенінің көбіне кө- 

ңіл  бөлмейді...  Бала  ойнақтаған  құ- 

лын-тайдай, желкілдеген гүлдей өсуі 

керек».


Қазақ  баласының  психологиялық 

ерекшеліктерін  жазбай  танитын  ол 

ересектер мен бөбектер арасындағы 

қарым-қатынас  мәселесіне  айрықша 

мән  береді.  Бұл  жөнінде  ол  былай 

дейді:  «Балаға  сусындай  керегінің 

бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі – 

баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы. 

Сұрағына  жауап  бермей  «мазамды 

алма» деп, үнемі баланың бетін қай- 

тару арқылы оның сол білімге құмар- 

лығының негізін жоғалтып жіберуге 

болады», – дей келе автор, бала ойы- 

ны  тану,  білу  құмарлығымен  ұшта- 

сып жататындығын ескертеді.

Н.Құлжанова  баланы  жас  кезінде 

көбінде табиғат аясында бағып-қағу- 

дың  тиімділігін  айтады:  «Жараты- 

лыстың,  –  деп  жазды  ол,  –  өз  дү- 

ниесінде, даланың кеңшілігінде шыл- 

пылдап суына түсіп, жүгіріп, құспен 

бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын-

шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көк- 

орай  шалғын,  тоғай  арасында  сай- 

раңдап жүріп, көңілі де, жан-тәні де 

бірдей  тегіс  өсіп,  өркендемек».  Ол 

осы пікірін әрмен қарай жалғастыра 

келіп: «Әрбір құлықты, жақсы адам 

мінезінің түпкі негізінде болатын ең- 

бек ету, жан және дене мүшелерінің 

машықтары  бала  әдетіне  төңіректе- 

гінің бәріне еліктегіш, тал-шыбықтай 

икемді, нәзік, жас кезінде кіріп, сіңіп 

қалады»,  –  дейді  автор.  Ойын  бала- 

сының мектеп жасына дейінгі бүкіл 

тыныс-тіршілігі, оның мектепте алар 

тәлімінің әзірлік сатысы болып табы- 

латындықтан  осы  кезеңдегі  тәлім-

тәрбиеге ерекше мұқият қараудың ма- 

ңыздылығына тоқталады.

Н. Құлжанова мектепке дейінгі тәр- 

биенің  басты  бағыттарын  «Тән  сау- 

лығы»,  «Баланың  сырт  сезімдерінің 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет