344
жаршысы болуы керек. Нағыз ақын
шабыт пен қуаттан күш алады, ша-
бытсыз өнер жоқ. Онсыз өлең де ту-
майды.
Өнердің, дәлірек айтқанда, музыка
мен әннің мақсаты – адамдардың кө-
ңіл күйіне әсер етіп, оларға рухани
қорек беру, эстетикалық ғажайып ра-
хат шәрбатынан сусындатып, жа-
ғымды этикалық қасиеттердің қалып-
тасуына жағдай жасау. Абайдың пси-
хологиялық мәселелеріне байланыс-
ты бізге жеткен пікірлері, оның қазақ
тарихында тұңғыш рет психология-
лық ұғымдар жасауға талаптанып,
бұл ғылымға қазақ тілінің аса бай
сөздік қорынан бірқатар түсініктер
(қылық, қуат, мінез, көңіл, қасірет,
қуаныш, құмарлық, күлкі, ықылас,
талап, зерде, үрей, жалқаулық, таба-
лаушылық, күншілдік т.б.) енгізіп,
осы жолда қазақ фольклорындағы
психологиялық түсініктерді өңдеп,
әрлеп, нақтылап, орнықтырып қана
қоймай, сонымен қатар көшпелілер-
дің психологиялық әлемі туралы өзін-
дік көзқарас жүйесін қалыптастыр-
ғанына келіп тіреледі. Абай адамның
жан-дүниесіне қатысты түрлі ұғым-
дар мен түсініктердің мәнін айшық-
ты тілмен әсерлі етіп жеткізіп, өлең-
дері мен қара сөздері арқылы қазақ
халқының қалың бұқарасы арасына
психологиялық білімнің таралуына
қолайлы жағдай жасады.
Достарыңызбен бөлісу: