357
«Жақсы қойшының қозысы түлеп
тұрғанда, жаман қойшының құнан
қойы жүдеп тұрады», «Ат шаппайды,
бап шабады», «Жаман қойшы жай-
лауын бір күн жейді, жақсы қойшы
жайлауын мың күн жейді», «Күтусіз
мал желден азады, күтімді мал жем-
мен озады», «Қыстың қырық түрлі
қыры бар, күтінбесең қыста малың
қырылар», «Анық шаруа арығын ай-
налдырар семізге» деген мақалдарда
мал бағудың оңай шаруа еместігі,
оның да өзіне тән ерекшелігі, бұл
кәсіппен шындап айналысқан адам-
ға табиғат құбылыстарының құпия-
сын жақсы білу, байқағыштық, қы-
рағылық, қатыгез табиғатқа қарсы
тұра білуге қажетті табандылық, шы-
дамдылық сияқты қасиеттердің көрік-
тілігі, малды тек бағып қана қоймай,
әр түліктің бабын, «тілін» таба білу
қажет екендігі айтылады.
Егіншілік кәсібі жөнінде де қызықты
деректер бар: «Егіннің жайын еккен
білер», «Егініне қарай қырманы,
күтіміне қарай түсімі», «Жақсы жыр-
тып жеріңді, кезінде ексең егінді, алар-
сың мол өнімді», «Тілін білсең тіл-
дей жерден жылдық өнім аласың»,
«Әрбір топырақ аяласаң иеді». Осы
айтылғандардан еккен нәрсенің бәрі
өзінен-өзі шыға бермейтінін, оны
күту керектігін, егіннің бітік болуы
диқанның белгілі тәжірибесін, маң-
дай терін қажет ететіндігін меңзейтін
идеяларды жақсы байқауға болады.
Мақал-мәтелдерден балықшының
психологиясы жөнінде де қызықты
деректер табуға болады. Мәселен, «Ба-
лық аулай алмаған суды ылайлар»,
«Балықтың құйрығы жылмағай, оны
аулаған адам тынбағай», «Балықшы-
ның үйдегісі май ішеді, түздегісі қан
ішеді», деп халық балық аулау кәсібі-
нің қиындығын, теңіз толқындары-
мен арпалысудың кез келген адам-
ның қолынан келе бермейтіндігін, ол
үшін батырлық, батылдық керектігін
айтады.
Халқымыздың отырықшылыққа кө-
шуіне байланысты пайда болған соң-
ғы екі кәсіп, мақал-мәтелдердің, кө-
бінде қосақтаса сөз болып отырады.
Мәселен, «Балықшының үйіне бар-
саң қарма жерсің, егіншінің үйіне бар-
саң жарма жерсің», «Балық бәсін бе-
реді, егін есесін береді», «Егінші жыл-
да арманда, балықшы күнде арман-
да», «Егінші жерін мақтайды, балық-
шы көлін мақтайды», деген нақыл-
дардан бұл екі кәсіптің әрқайсысы-
ның өзіне тән ерекшеліктері мен қа-
сиеттерін және соларға сәйкес оны-
мен айналысушы адамның өзіндік
ерекшеліктерін (егінші тәжірибені
жылда жинаса, балықшыкүнде жи-
найтындығы, әркімге өзі шұғылдан-
ған жұмыс ғана сүйкімді болатын-
дығы т.б.) көрсететін топшылаулар-
ды байқаймыз.
Халқымыздың аңшылық жөніндегі
мақал-мәтелдерінен аңшының пси-
хологиясы белгілі болып тұрады.
Мәселен, «Шын аңшының алдына
аңның өзі келеді», «Аңды я көрінбеген
атады, я ерінбеген атады», «Құстың
алғанынан салғаны қызық», «Қаршы-
ға қанжыға қызартады», «Ителгі етек
былғайды», «Ителгінің қызығына
қызсаң, қаршығаңды қамшы етерсің»
дейтін нақыл сөздерде бүркіт, қаршы-
ға, тұйғын, лашын, ителгі, қырғи
сияқты тағы құстарды томағалап, тұ-
ғырға отырғызу, оларды тазыға қосу
Достарыңызбен бөлісу: