Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет498/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МАКРОЭТНИКАЛЫҚ  БІРЛІК 

(этникааралық  қоғамдастық)  –  бір- 

неше  этникалық  қауымдастықтарды 

қамтитын  құрылым  мен  этникалық 

ұқсас бірліктердің ерекшеліктерімен 

сипатталады.



МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ  ПСИ-

ХОЛОГИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

Фольклордың негізгі саласының бірі 

болып  табылатын мақал-мәтелдерде 

адам жанының небір нәзік сырлары: 

ерлік пен батырлық, достық пен ын- 

тымақтық, жауыздық пен зұлымдық, 

ақыл-ой,  ерік-қайрат  сияқты  іргелі 

мәселелерімен қатар қазіргі психоло- 

гия ғылымында кездесетін ұғымдар- 

дың да үлкен тізбегі (арман, қиял, ес, 

ықылас, ынтық, ниет, ашу, қайғы, т.б.) 

сан қырынан сөз болған.

Мінез мәселесі көп заманнан бері күн 

тәртібінен түспей келе жатқан мәнді 

тақырып.  Мақал-мәтелдерде  де  осы 

мәселеге көбірек көңіл бөлінген. Он- 

да  мінездің  түрлі  бітіс-бейнелері  әр 

қырынан сөз болады. Мәселен, «Елің 

еміренсе,  сен  тебірен»,  «Тереңнен 

тапқан  кен  қымбат,  Тебірене  сүйген 

ел қымбат», «Отаның – алтын бесік», 

«Отан оттан да ыстық», «Ел қуатты 

болмай,  қуаныш  тұрақты  болмай- 

ды»,  деген  мақалдарда  туған  Отан 

адамға аса қымбат, елін, жерін сүйе 

білу әр адамның азаматтық борышы, 

(«Отан үшін еңбек етсең, халық сені 

құрмет  етер»,  «Халық  үшін  қызмет 

етсең,  созған  қолың  көкке  жетер»), 

Отаншылдық  –  адам  мінезінің  аса 

бір  жақсы  сапасы,  деп  үйретеді  ма- 

қал-мәтелдер. Отанды сүю, оны жау- 

дың шабуылынан қорғау – әрбір аза- 

маттың  абыройлы  борышы,  ел  қор- 

ғау жолында ерлік жасап, ел-жұртты, 

Отандастарын  қорғаған  адамдарды 

халық  мақтан  тұтып,  ардақтайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет