Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет635/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   631   632   633   634   635   636   637   638   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПСИХ

ПСИХ


448

сы). Бұл мәселелер «Ойлау мен қарым-

қатынас» атты Бүкілодақтық симпо- 

зиумда (Алматы, 1973), «Сөз бен ой- 

дың  механизмдері»  атты  (Целиног-

рад, 1976) ғылыми конференциялар- 

да талқыланды.

Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұ- 

қанов, Н.М.Құрманбаев, М.Қ.Қайыр- 

баева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, 

оны  меңгеру  мен  түсіну,  іштей  сөй- 

леу т.б.) мәсслелерін жан-жақты зерт-

теді.  Психолингвистикада  бұрынғы 

необихевиористік  және  дескрибтік 

лингвистикалық көзқарастардың то- 

ғысынан  келелі  үш  мәселеге  назар 

аударылды:  жеке  сөйлеу  түрлерінің 

қалыптасу тетігі; нақты психология- 

лық  үйлесімділікті  грамматикалық 

тұрғыдан өзгертудің формалды моде- 

лі;  сөйлеуді  құраудағы  грамматика- 

лық кұрылымның ойлаудың, таным- 

ның,  логиканың  желісімен  байла-

нысты. Психолингвистиканың негізгі 

бағыты қазіргі кезде инженерлік пси-

хология, нейро және патопсихология, 

шетел тілдерін оқыту міндеттерімен 

ұштасуда.



ПСИХОЛОГИзМ – қоғамдық әлеу- 

меттанушылық  зерттеулерде  қолда- 

нылатын принцип; мұнда әлеуметтік 

процестер  мен  құбылыстар  психо- 

логиялық  туындылар  деп  сипатта- 

лады. П. приципінің рөлі мен маңы- 

зын  әлеуметтік  өмірдің  психология- 

лық  механизмдерін  жете  зерттеген 

америкалық  социологтар  асыра  ба- 

ғалады.  Әлеуметтанудағы  психоло- 

гиялық  мектептің  өкілдері  адамдар- 

дың  бейімділіктері  мен  эмоцияла- 

рын  әлеуметтік  процестер  динами- 

касының негізгі факторлары деп па- 

йымдады.  Социологияның  дербес 

ғылым болып даму нәтижесінде бұл 

принциптің едәуір әлсіреуі болғаны- 

мен,  ол  жойылған  жоқ.  Оны  белгілі 

бір  шамада  тұлғааралық  қатынасты 

зерттеушілер  –  символдық  интерна- 

ционализмнің,  феноменология  мен 

этнометодологияның  өкілдерін  ұс- 

танады.

ПСИХОЛОГИЯ  –  жан  құбылыста- 

рының  сыртқы  және  ішкі  дүние 

заттарының  әсерінен  пайда  болып, 

біртіндеп  дамып,  қалыптасу  заңды- 

лықтарын зерттейтін ғылым. П. тер-

мині гректің екі сөзінен (рsусhе – жан, 



logos  –  ілім)  алынған,  бұл  «жан  ту-

ралы  ілім»  деген  ұғымды  білдіреді. 

Психологиялық ғылыми білімдердің 

тарихы екі кезеңге бөлінеді.

Оның біріншісі, шамамен 2500 жыл- 

ға  созылған,  көш  басы  Аристотель-

ден  басталатын  жан  дүниесі  жайлы 

түрлі  ой-пікірлердің  ілкі  тарихы. 

Осы  кезең  ішінде  психология  басқа 

ғылымдармен,  әсіресе,  философия- 

мен  қосақтаса,  дамып  келеді.  Оның 

екінші тарихы 1879 жылдан бастала-

ды. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт 

(1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лабо-

ратория  ұйымдастырып,  мұның  де-

рбес эксперименттік ғылым болуына 

себепкер болды. Психологияның да- 

му  тарихы  көптеген  ғұлама  ғалым- 

дардың, атап айтқанда Герофил, Эра- 

зестрат, Гиппократ, Гален, Ибн Рошд, 

Ибн  Сина,  Декарт,  Гоббс,  Спиноза, 

Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, 

Галлер  т.б.  есімдермен  тығыз  бай-

ланысты.  (қараңыз.  Психология  та- 



рихы). Жан дүниесінің сыры жайлы 

ой-пікірлер фольклорда, әсіресе, ма- 

қал-мәтелдерінде көп кездеседі. Мә- 

селен,  «Тән  ауырса,  жан  ауырады», 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   631   632   633   634   635   636   637   638   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет