Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет636/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПСИХ

ПСИХ


449

«Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, 

демек жан да өледі», «Жан бар жер-

де қаза бар», «Жан – кеудеге қонақ» 

т.б.  осындай  түйіндерде  жан  мен 

тәннің  арақатынасы  шындыққа  сәй- 

кес  пайымдалғанын  байқау  қиын 

емес. Жан – қазақ ұғымында да жан-

жануарға, адамға тіршілік, күш-қуат 

беретін рухани құбылыс.

Психикалық  құбылыстар  бізді  қор- 

шап тұрған айналадағы сыртқы және 

ішкі заттардың мидағы әр түрлі бей-

нелері болып табылады. Олар (түйсік, 

елес, ой, қиял, сезім, ерік, қабілет, дағ- 

ды, икем, бейімділік, қызығу, мінез, 

әдет  т.б.)  көпшілігімізге  өз  тәжіри- 

бемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі 

кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұ- 

лардың  мәнін  әрқайсымыз  тез  ажы- 

рататын  да,  білетін  де  сияқтымыз. 

Бірақ  психикалық  құбылыстардың 

мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқы- 

лы ғана жан-жақты ажыратуға бола- 

ды.  Осы  мәселені  ғылыми  жолмен 

баяндауды,  олардың  өзіндік  заңды- 

лықтарын  айқындауды  –  сөз  болып 

отырған  психология  ғылымы  қарас- 

тырады.  Психология  ерте  замандар- 

дан  келе  жатқан  білім  салаларының 

бірі.  Оның  дүниеге  тұңғыш  келген 

жері ежелгі Греция.

Ерте замандарда пайда болып, ғасыр- 

лар  бойы  әр  заман  ғұламаларының 

көзқарастарында  насихатталып  кел-

ген түсініктер бойынша, адамда тән- 

нен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі ба- 

қи  жасайтын  жан  адамның  барлық 

психикалық,  тіршілігінің  (ойының, 

сезімнің, еркінің) иесі де, себепшісі 

де.  Жан  туралы  осындай  түсініктің 

пайда болуына алғашқы адамдардың 

табиғат сырларын дұрыс түсіне алуы 

себеп болды. Олар дүниеде табиғат- 

қа  бағынбайтын,  одан  оқшау  тұра- 

тын ерекше бір күш бар, ал жан бола-

тын болса, соның бір көрінісі, мәсе- 

лен  ұйқы кезінде ол денеден уақыт- 

ша шығып кетеді де, адам оянған кез-

де қайтып келеді, егер келмей қалса, 

адам өледі  деп тұжырымдағаң. Жан 

туралы  осындай  анимистік  (барлық 

нәрседе  де  жан  бар  дейтін  түсінік) 

пікірлер  кейбір  тайпалардың  ара-

сында  күні  бүгінге  дейін  кездеседі. 

Мәселен,  Лусан  аралының  (Филип-

пин)  тұрғындары  тагалдар  ұйықтап 

жатқан адамды ешуақытта оятпайды. 

Өйткені олар ұйқы кезінде адамның 

жаны басқа жақта жүреді дейді. Тас- 

маниялықтардың  тілінде  жан  мен 

көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріле- 

ді, өйткені олардың ойынша, жан мен 

көлеңке  бір  іспеттес  нәрсе.  Абипон 

тайпасының  индеецтері  «лоакаль» 

деген  сөз  арқылы  көлеңкенің,  жан- 

ның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын 

береді.


Жан  туралы  осы  тектес  қарапайым 

түсініктердін  пайда  болуы  адамдар- 

дың  өздерінің  дене  құрылысы  жа- 

йында  ғылыми  түсінігі  жоқ  кездер- 

де,  яғни  жан  мен  тәннің  толысуын 

олардың бірімен-бірінің байланысын 

дұрыс ажырата алмай, жан өлгеннен 

кейін денеден шығып кететін, мәңгі 

бақи  өмір  сүретін  нәрсе  деп  ұғыну- 

дың нәтижесі еді. Жан туралы ғылы- 

ми түсінік ежелгі гректердің әмбебап 

ғалымы  Аристотель  (б.з.д.  384-322) 

есімімен байланысты. Қазіргі кезең- 

де  тіршілік  қарекетінің  ерекше  ны- 

саны  ретінде  психиканың  дамуы 

мен функцияларының атқару занды- 

лықтары туралы ғылым деп те айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет