454
қарекетінің түпкілікті нәтижесі; бұл
ерекшеліктердің белгілі бір уақыт
үшін мәнді жай-күйін бағамдау, одан
әрі дамуын болжау, психодиагности-
калық қараудың міндеттеріне орай-
лап нұсқамалар белгілеу мақсатымен
жүргізіледі.
П.д.-дың пәні – қалыпты күйдегі,
сондай-ақ патологиядағы даралық-
психологиялық айырмашылықтарды
анықтау. Педагогикалық диагноздың
аса маңызды элементі – әрбір нақты
жағдайда қаралушының мінез-құл-
қында белгілі бір көріністердің нелік-
тен байқалағынын, олардың себепте-
рі мен салдары қандай қажетті екен-
дігін анықтау. Психодиагиостиканың
құралдары арқылы белгілі бір да-
ралық-психологиялық ерекшелік-
терді анықтаған зерттеуші дегенмен,
олардың себептерін, жеке тұлғаның
құрылымындағы орнын тікелей көр-
сете алмайды. Бұл деңгейді Л.С. Вы-
готский нышандық (немесе эмпи-
риялық) диагноз деп атайды; ол бел-
гілі бір ерекшеліктерді не нышандар-
ды көрсетумен шектеледі, осылардың
негізінде тікелей практикалық қоры-
тындылар жасалады. Выготский мұн-
дай диагноздың анығында ғылыми
емес екенін, өйткені нышандарды
анықтағаннан диагноз өздігінен жа-
салмайтынын атап көрсетті.
Педагогикалық диагноздың дамуын-
дағы екінші кезең этнологиялық диа-
гноз болып табылады; мұнда тек бір
тұлғаның белгілі бір ерекшеліктері-
нің болуы ғана емес, неден болған
себептері де ескеріледі. Ең жоғары
деңгей – типологиялық диагноз, ол
алынған мәліметтердің жеке тұлға-
ның тұтас, динамикалық бейнесінде-
гі орны мен маңызын анықтауға сая-
ды. Диагноз болжамдаумен ажыра-
ғысыз байланысты. Выготскийше
болжам мен диагиоздың мазмұны
ұқсас, алайда болжам даму процесінің
өздігінен ілгерілеуінің ішкі қисынын
терең білуге, өткені мен қазіргісінің
негізінде даму жолын анықтауға жет-
кізеді. Болжамды жекелеген кезең-
дерге бөлу, осы арқылы ұзаққа созы-
латын қайталама бақылаулар жасалу
ұсынылады. Психологиялық диагноз
теориясын дамыту отандық психо-
диагностиканың маңызды міндет-
терінің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: