Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет641/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   637   638   639   640   641   642   643   644   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПСИХ

ПСИХ


453

лық  тұрғыдан  дұрыс  түсіне  алмай, 

кейіннен ғылым сахнасынан шығып 

қалды. Осы кезеңде жан қуаттарының 

құрылымын  тұтастай  зерттеудің  қа- 

жеттілігіне  ерекше  мән  берген  ге-

штальтпсихология («гештальт» неміс 

сөзі, қазақша «бейне», «түр», құрылым 

деген ұғымдар бағыты пайда болды. 

Оның  негізін  салған  Макс  Вертгей-

мер  (1880-1943),  Вольфганг  Келлер 

(1887-1967), Курт Коффка (1886-1940), 

Курт Леви (3890-1947) т.б. еді. Олар 

сананың ұсақ элементтерге бөлінуіне 

қарсы шығып, жан құбылыстарының 

тұтастығын,  олардың  өзіндік  сапа- 

ларының  (тұтастық,  тұрақтылық, 

құрылымдық,  фигура  мен  фонның 

арақатынасы  т.б.)  ерекшеліктерін 

көрсетті. Мәселен, бір күйді жоғары 

не  төмен  дыбыстармен  тартқанмен, 

тыңдаушы дыбыстардың неше түрлі 

болуына қарамастан, бұлардың қай-

қайсысын  да  бір  мазмұнда  қабыл- 

дайды.

Гештальт психология жан қуаттары- 



ның  тұтастығын  адамға  әсер  етуші 

заттармен  байланыссыз,  кісіге  бас- 

тапқы кезден танылған жан құбылы- 

сы деп, осы бейнелердің сыртқы ор- 

таның әсерінен туындап отыратынын 

еске алмады. Аталмыш кезеңде батыс 

психологиясында пайда болған негіз- 

гі бағыттардың бірі –  фрейдизм еді. 

Осы ілімнің негізін қалаған Австрия 

психиатры Зигмунд Фрейд (1856-1939) 

жан дүниесіндегі санасыз әрекеттер- 

дің табиғатын зерттеді Ол адам сана-

сын қалыптасу жолын түс көру, гип- 

ноз,  түрлі  ырықсыз  құбылыстарды 

зерттеу  арқылы  түсіндіруге  болады 

деп  адам  психикасының  дамуында 

биологиялық  негізге  –  инстинктер- 

ге ерекше мән беріп, әлеуметтік фак- 

тордың рөлін жоққа шығарды. Фрейд 

құштарлық  пен  нәпсіқұмарлықты 

тіршіліктің  арқауы  деп  ұқты.  Жы- 

ныстық  ләззат  (либидо)  алу  шығар- 

машылық  іс-әрекет  дамуының  қоз- 

ғаушы күші деп, сананың рөліне же- 

те мән бермеді.

Кейінірек  шетел  психологиясында 

необихевиоризм, неофрейдизм, лого-

терапия,  психогенетика,  гуманистік 

психология  дейтін  бағыттар  пайда 

бола бастады. Бұлар адамның жаны 

қуаттарының  заңдылықтарын  түрлі- 

ше  зерттеу  әдістері  арқылы  түсінді- 

ре  бастады.  Кеңес  психологиясын-

да  адамның  іс-әрекеті,  сондай-ақ 

(С.Л.  Рубинштейн

;

  А.Н.Леонтьев 



т.б.)  бір-бірімен  қарым-қатынас  жа-

сады  (Б.Ф.Ломов  т,б.),  оның  бағыт-

бағдары  (Д.Н.Узнадзе  т.б.)  туралы 

теориялар қалыптасты. Қазіргі кезде 

әлемде психологияның 40-тан астам 

саласы  бар.  Олардың  бастылары: 



психофизиология, зоопсихология, са-

лыстырмалы психология, әлеуметтік 

психология,  балалар  психологиясы, 

педагогикалық, психология, жас ерек- 

шелігі  психологиясы, еңбек  психоло-

гиясы, шығармашылық психологиясы, 

медициналық психология, патопсихо-

логия,  нейропсихология,  инженерлік 

психология, психолингвистика, этно- 

психология, практикалық психология, 

дифференциалды психология, әскери 

психология,  спорт  психологиясы, 

эксперименттік психология,  үкімет 

немесе билік психологиясы және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   637   638   639   640   641   642   643   644   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет