ПСИХОСЕМАНТИКА (психо...
және грек. semantikos – белгілеуші) –
қабылдау, ойлау, жад, шешімдер қа-
былдау процестеріне негіз болатын
мағыналардың жеке-даралық жүйе-
сінің генезисін, түзілімін және функ-
ция атқаруын зерттейтін психология
саласы. П. индивидуумдық санада
мағыналардың (бейнелер, символ-
дар, символдық әрекеттер, сондай-ақ
белгілік және вербальдық нысан-
дар) болуының әртүрлі нысандарын
зерттейді, субъектіде қалыптасатын
мағыналар жүйесіне мотивациялық
факторлардың және субъекттің эмо-
циялық күйінің ықпалын талдайды.
Эксперименттік психосемантиканың
негізгі әдісі индивидуумдық сананың
категориялық құрылымдарының
модельдік түсінігі болып табылатын
субъективтік семантикалық кеңістік-
терін құруға саяды. П. категориялану
процесінің жалпы психологиялық,
сондай-ақ дифференциалдық-пси-
хологиялық аспектілерін зерттейді.
Соңғы жағдайда психосемантика-
ның міндеті – белгілі бір индивидтің
әлем туралы түсініктерінің жүйесін
оның индивидуумдық мағыналары
мен тұлғалық мәндер жүйесін қайта
құру жолымен қайта құрылымдау
болып табылады.
ПСИХОТЕРАПИЯ (грек. рsусhе – жан
+ thraреіа – емдеу). Қысқаша айтқан-
да П. адамды (пациентті) психоло-
гиялық құралдардың ықпалымен ем-
деу дегенді білдіреді. П. – кең өрісті
мағынасы бойынша сау адамдарға
(клиенттерге) әртүрлі психологиялық
қиын жағдайларга немесе психика-
сын өңдеуге көмекті қажетсінгенде
жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы.
Ондай көмектерді жеке-дара немесе
топты формада маман ұйымдасты-
рады. Қазіргі кезде П. адамның, тұл-
ғааралық қатынастың, топтық үрдіс-
тердің болмысына байланысты әр-
түрлі теориялық-әдіснамалық ба-
ғыттары – психоаналитикалық, нео-
бихевиористік, когнитивтік, гума-
нистік, нейролингвистикалық бағ-
дарламалау (НЛБ) және т.б. бар. П. –
Достарыңызбен бөлісу: |