Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет659/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   655   656   657   658   659   660   661   662   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПСИХ

ПСИХ


465

П.  санасындағы  зерттеулер  зиятты 

қабілеттің, темпераменттің және т.б. 

психодиагностикасының  дамуына 

себепші болады. П.-ның жетістіктері 

клиникалық практикада, психикалық 

процестердің  кибернетикалық  үлгі- 

лерін құруда, соңдай-ақ психология- 

ның  қолданбалы  салаларында  (пси- 

хогигиенада,  эргономикада,  спорт 

психологиясында  және  т.б.)  қолда- 

нылады.


ПЫСЫҚТАУ  (мектепте)  –  оқыту 

процесінде  оқушылардың  алған  бі- 

лімі мен дағдысын бекіту, тиянақтау, 

жүйеге келтіру мақсатымен бұрынғы 

өткен  материалға  қайта  оралу.  П.  – 

оқу-таным жұмысының кезеңі, оқы- 

ту  процесінің  қажетті  құрауышы. 

Сабақ  құрамында  пысықтау  ерекше 

орын алады. Оқып өткен материалды 

пысықтау  оқушылардың  алған  білі- 

мін  есінде  сақтап  қалуына  жәрдем 

етеді. Материалды жиірек пысықтап, 

дұрыс  жабдықтамайынша  тиянақты 

білім  алу  қиынға  соғады.  П.-дың 

түрлері көп. Осыған байланысты әр- 

кездегі пысықтау – қайталаудың көз- 

деген  мақсаты,  қолданылу  әдіс-тә- 

сілдері  де  түрліше.  П.-дың  қай  түрі 

болса  да  оқушылардың  білімін  тұ- 

рақтандырып, оларды өздігінен шы- 

ғармашылық  еңбек  етуге,  ізденуге 

үйретеді.



ПЫСЫҚТЫҚ – жұмыстық қабілет- 

тің  жоғары  нәтижелі  түрі,  кісілік 

қасиеттің  жасампаз  белгісі.  Пысық- 

тау – істің ыңғайын білетін іскерлік- 

тің,  тындырымдылықтың,  тыңғы- 

лықтың  қайнар  көзі.  Пысықтау  өз 

ісіне  деген  ширақтық  пен  белсенді- 

лік,  мақсатына  деген  сауаттылық 

пен  талғампаздық,  күш-қуаттың  жі- 

герлілігі мен жүйелілігі.

Пысық  адам  ойланбай  іске  аралас- 

пайды, орынсыз шиеленіске бармай- 

ды,  істің  бас-аяғын  сараптап,  уақы- 

тын  текке  есепсіз  босқа  өткізбейді, 

жұмысын  айқын  мақсатына  орай 

жоспармен  жүргізеді.  Ақылдасқан 

іске  өзінше  байыппен,  сеніммен  кі- 

ріседі,  оның  пайдалы  жағын  лезде 

ескеріп,  аз  шығындану  жолын 

таңдайды.  Табыс  үшін,  өзінің  бола- 

шағы  үшін  іскер,  өнерлі,  беделді 

кісілермен тіл табысуға бейім тұра- 

ды, олармен ілтипатты қарым-қаты- 

нас құрады. Пысық адам табысы мен 

өмірлік  қарымын  арттырады,  өмір- 

ге  деген  оптимистік  көзқарасымен 

өзгені еліктіреді.

ПІКІР –  бір нәрсенің беймәлім жа- 

ғын  ақиқат  не  жалған  деу  тұрғысы- 

нан  мақұлдайтын  немесе  теріске 

шығаратын  талас  ой.  П.-ді  алғаш 

«болжалмен» салыстырған Ксенофан 

болса,  Парменид  оның  білімнен 

айырмашылығын  анықтады.  П.  зат- 

тар  мен  құбылыстардың  ерекшелік- 

тері  арасындағы  байланыстардың 

бір қыры мен көрінісін бейнелеумен, 

сипаттаумен шектеледі.

П.  білім  мен  жалған  мәліметтердің 

қосындысынан  құралады  немесе 

көзқарастың субъектісі (S) мен пер- 

дикаты (Р) сияқты екі терминнің қа- 

тынасынан  туындайды.  Пікір  S  пен 

Р арасындағы белгілі бір қатынасты 

растап мақұлдайды не терістеп жоқ- 

қа шығарады. П. атрибутивтік қасиет- 

ті  білдіретін  қарапайым  түрден  жә- 

не  бірнеше  қарапайым  пікірді  қам- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   655   656   657   658   659   660   661   662   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет