ПСИХОФИзИОЛОГИЯ – пси-
хиканы оның нейрофизиологиялық
субстратымен бірлікте зерттеуге ба-
ғытталған, психология мен нейро-
физиологияның тоғысуындағы пә-
наралық зерттеулер саласы. 1830 ж.
француз философы Н. Массиас ұсын-
ған бұл бағыт нейрофизиология мен
жалпы психологая аралығынан орын
алады. Бастапқы кезде физиология-
лық дәл объективті әдістерге сүйене-
тін психиканың ауқымды зерттеуле-
рін белгілеу үшін «физиологиялық
психология» ұғымымен қатар қол-
данылады. Психофизиологияның
басты мақсаты – нейрофизиология-
лық механизмдерді түсіндіру арқылы
психикалық құбылыстарды түсіндру
немесе адам организмі қызметін тұтас
синтездік тұрғыдан, құрылымдық-
мағыналық сыңайдан қарастыру ар-
қылы әрбір психикалық құбылыстың
физиологиялық тетігін және әрбір
физиологиялық процестің психика-
лық маңызын айқындау.
Қазіргі кезде психофизиологияда
дәстүрлі әдістермен (сенсорлық, мо-
торлық, вегетациялық реакцияларды
тіркеу, миды жасанды ширықтыру
(стимуляция және миға зақым келу
салдарын талдау) қатар электрфи-
зиологиялық әдістер (электрэнце-
фаллография және т.б.),
сондай-
ақ сараптау мәліметтеріне өңдеу-
дің математикалық тәсілдері қол-
данылады. П.-ның мынандай же-
ке бағыттары бар: сезім мүшеле-
рінің психофизиологиясы, мотива-
ция психофизиологиясы, эмоция
психофизиологиясы және т.б. Әсі-
ресе жеке тұлғалық-психологиялық
айырмашылықтардың физиология-
лық негіздерін зерттейтін дифферен-
циалдық психофизиологияның ма-
ңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |