50
циясы), жан туралы алғашқы арнайы
психологиялық трактаттың авторы.
Ол психикалық процестер туралы көз-
қарастарды жүйеге келтіріп, өзінің
жан туралы идеясын негіздеді, оның
үш түрі (өсімдіктер, жануарлар және
адамдар) болатындығын айтты. А-дің
танымдық және аффективті-еріктік
процестерінің заңдылықтары туралы
ілімі XVII ғасырға дейін жан туралы
зерттеулердің негізгі арқауы болып,
әрі қарай психиканы зерттеуші бас-
қа ғұламалардың еңбектерінде жал-
ғастырылды.
АРЛАНУ – адамның имандылық се-
зімдерінің бірі. А. – адамның өзінің
оғаш қылығына намыстанып, оны ұят-
сынуы. Арлы болу («жарлы болсаң да,
арлы бол») – өте жарасымды сипат. Бұл
көбінесе, қайсар, табанды, ержүрек,
көздеген мақсатына жетпей тынбай-
тын адамдарға тән қасиет. А. – адам-
ның өз мініне күйінуі, жаңсақ басқан
қадамы үшін өзін-өзі жазғырып өкі-
нуі, ренжуі секілді көңіл күйінің өзге-
руінен жақсы байқалады. Ар-ұятты
қастерлеу, намысқойлық – жұртшылық
алдында өзінің жауапкершілігін арт-
тыруға жәрдемдесетін сындарлы қа-
сиет. А. адамды іштей тебіренте тол-
ғандырып, қоғам алдында ар-ожданын
таза ұстауға, оған дақ түсірмеуге, кі-
сінің азаматтық борышын адал, мінсіз
атқаруға итермелейді.
АРМАН – қиялдың келешекке ба-
ғытталған ерекше бір түрі. Оның
негізінде дербес жаңа бейнелер құры-
лады, бірақ арман әрдайым болашақ-
ты көздейді және адамның аңсаған
тілегін білдіреді А-ның екі түрі бар:
пайдалысы және
зияндысы. А. адам қия-
лының ерекше бір түрі. А. актив әре-
кетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүд-
демізге орай бейнелер жасау, игі мақ-
сат-мүддемізді іс жүзіне асыруды
қиялдау. А. – келешектегі әрекеттерге
арналған қиял. А. – шығармашылық
қиялға дайындықтың ерекше сатысы.
А-ды бағалауда ескеретін жайттар:
а) арманның әрекетке қатысы; ә) шын-
дықпен жанасуы; б) оның келешек үшін
мәні. А. – өз қалауымызша ойда жаңа
бейнелер туғызады. Шығармашылық
қиялдың ерекшелігі – іс-әрекетпен ті-
келей байланыспай келешекке бағыт-
талғаны. Оны шығармашылық қиял-
дың дайындық сатысы дейді. Адам
болашағы үшін күресудің орнына
бос лағып, құрғақ қиялға сүңгісе мақ-
сатына жете алмайды. Енжар, селсоқ
адамның қиялы сүреңсіз келеді, оны
көбінде мұң басады. Ол жарқын бо-
лашақ үшін күреспейді, тек мойнына
су кеткен кісідей мүлгіп отырады
да қояды. Қиыны да, қызығы да мол
өмір ондайларды қызықтырмайды,
бос қиялға салынған кісі өмір ауырт-
палықтарын, мұндағы қуаныш, қай-
ғы-қасірет дегендерді жөндеп түсін-
бейді, тек құрғақ қиялға салынып
жүре береді. А. – жастарға қажетті қа-
сиет. Олар жарқын болашағына иман-
дай сеніп, дұрыс армандай білуі қа-
жет. Өйткені, алға қойған мақсатқа же-
ту үшін шындыққа орайлас арман-
дағанда ғана, ол адамға зор қуат бе-
ріп, келешектегі іс-әрекетке талпын-
дырады.
Достарыңызбен бөлісу: