Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет72/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   877
АРСЫзДЫҚ  –  (грек.  kynismos)  – 

қоғамдық адамгершілік моральға сый- 

майтын қылық. Бұл ұғым ежелгі Гре- 

киядағы  киниктердің  (циниктердің) 

философиялық  атауынан  шыққан. 

Бұл мектеп өкілдері жалпыға бірдей 

адамгершілік тыйымдар мен әдепті- 

лік  ережелерін  елемейтін  көзқарас- 

тарды  уағыздады.  Кейін  қоғамдық 

пікір мен ұяттың маңызын терістей- 

тін жеке тұлғалық ұстаным деп атал- 

ды. Бұл тұрғыдан А. нигилизмге жа- 

қын.  Мінез-құлықтағы  және  сенім- 

дегі  А.  өз  мақсатына  кез  келген  тә- 

сілмен,  соның  ішінде  моральға  жат 

жолмен  жетуді  көздеген  адамдарға 

тән.  А.  субъект  өзін  жазаға  тартыл- 

майтынын түсінгенде және парасатты 

адам болып көрінгісі келмейтін жағ- 

даяттарда байқалады. Мұндай кезде 

ол  дөрекілік,  әдепсіздік,  ұятсыздық 

және кемістіктерге тығыз байланыс- 

ты болады. А. өткір мысқыл және ке- 

леке, мазақ түрінде де көрінуі мүмкін. 

А. көбінесе менмендік, өркөкіректік, 

дандайсу жас мінез-құлқы жеткіншек 

шағында  байқала  бастайды.  Үлкен- 

дердің жеткіншектерге дөрекі тәсіл- 

дерді  (көпірме  сөзділік,  әдепсіздік, 

қорлау, жәбірлеу, кемсіту) қолдануы 

жағдайды  одан  сайын  өршітуі  мүм- 

кін. Балалардағы А. көріністеріне от- 

басындағы кикілжің, әсіресе ата-ана- 

сының айырылысуы және т.б. себеп 

болады. Жасөспірімдердің өзіне бас- 

қалардан артықтығын сезінуі де (егер 

үлкендер  қолдаса)  А.  көріністеріне 

апарып соғуы мүмкін. 



АРХЕТИП (грек. arche – қаз. бастау 

және tipos – пішін, үлгі, алғашқы бейне)

Термин  швейцария  психологі  Юнг 

еңбектерінің  ықпалымен  қазіргі  ба- 

тыс әдебиетінде қанат жайды. «Ұжым- 

дық санасыздық» дегеннің бастапқы 

құрылымын,  адамның  қайталанып 

тұратын  тұрмыс  жағдайларының, 

міндеттерінің  және  күйзелістерінің 

ескірген психологиялық «шемені» де- 

генді білдіреді. Жеке немесе әлеумет- 

тік  өмірдің  проблемалық,  дағдарыс- 

ты жағдайының ықпалымен, Юнгтің 

пікірі  бойынша  санасыз  қозғалыс 

болады және тиісті А. жүзеге асыры- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет