497
пайым түйсіктердің байланысы. С.
идеялардың психологиядағы алғаш-
қы эксперименттік жұмыстарға ық-
палы зор болды. Өйткені экспери-
менттің басты міндеті – бастапқы
сезімдік қабылдауды (түйсіктер)
анықтау; бұлар арқылы жан құбы-
лысының бүкіл күрделі архитекто-
никасы жасалатын болды. Экспери-
менттік психологияның одан арғы
дамуы адам санасының аса күрделі
екенін, мұның ойлау актілерінің
қарастыруға мүмкіндігі келмейтінін,
ойлау процесінде сезімдік бейнелер-
ге үйлеспейтін мазмұн болатынды-
ғын, сондай-ақ мінез-құлық моти-
вациясы мен іс-әрекеттің ролін тү-
сіндіруге сенсуалистік көзқарас дәр-
менсіз екені байқалады.
СЕРГЕКТІК – адамның белгілі бір
іс-әрекеті жүзеге асыру жағдайын-
дағы жүйке жүйесі белсенділігінің
не функциялық күйінің мінез-құлық-
тық көрінісі. С. мезгіл-мезгіл ұйқымен
орын ауыстырып, сергектік-ұйқы
циклін құрайды. С.-тің мынадай дең-
гейлері сараланады: ширығудың
шекті деңгейі белсенді сергектік,
байсалды сергектік. С.-тің әрбір дең-
гейі вегетациялық. моторлық және
электроэнцефалографиялық көрсет-
кіштер кешенімен ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: