СЕЧЕНОВ ИВАН МИХАЙЛОВИЧ
(1829-1905). Әлемдік физиология,
психология ғылымдарының тари-
хында Сеченовтың орны ерекше. Ол
Мәскеу университетінің медицина
факультетіне түсіп оның сол кездегі
атақты ғалымдар Грановский мен
Кудрявцевтардың лекцияларынан
молынан сусындауы, сондай-ақ сол
кездегі аты шулы орыс дәрігері
С.П.Боткинмен танысуы Сеченов-
тың ой-өрісін әрмен қарай кеңейтіп,
ерекше ықпал етіп, оның ғылыми
жұмыспен айналысуына зор түрткі
болады.
И.М.Сеченов 1856 жылы универси-
тетті бітіргеннен кейін ғылыми жұ-
мысқа даярлану үшін шетелге кетеді.
Онда жаратылыстану ғылымының
алдыңғы қатарлы өкілдерімен кезде-
сіп, олардың зерттеу практикасымен
танысады. Сол уақыттың өзінде-ақ
оның «Алкогольден қатты уланудың
организмге әсері» деген еңбегі ғалым
жұртшылықтың назарын бірден өзі-
не аударады. 1860 жылы ол Ресейге
қайтып оралып Медико-хирургия-
лық академияның профессоры бо-
лып орналасады.
Сеченов бұрын ешкім зерттеуге ба-
тылы бармаған миға лаборатория
жағдайында зерттеу жүргізді. Ол мы-
надай қарапайым тәжірибе жасады:
құрбақаның үлкен жарты шарларын
аралық мидың тұсынан тіліп алып
тастап, оның аяғын қышқылмен ті-
тіркендіріп, оған жауап беретін реф-
лекстің қандай жылдамдықпен та-
райтынын анықтады. Мидың тілінген
жеріне ас тұзының кристалын салған-
да рефлекс тежелуге ұшыраған.
Бұл құбылыс рефлекстік реакцияның
пайда болуын мидың бөгей алатын-
дығын айқын көрсеткен. Сеченовтың
ми қабығында қозумен қатар теже-
лу процесі қызмет атқарады деген
пікірді психиканың табиғатын ғы-
лыми тұрғыдан түсіндірген тұңғыш
пікір еді. Сеченов өз еңбектерінің
бірінде адамның жұмыс істеу қа-
білеті мен шаршауына байланысты
физиологиялық мәселелерді зерттеп,
Достарыңызбен бөлісу: |