500
СОДЫР МІНЕз-ҚҰЛЫҚ франц.
agressif – ызалы және лат. – шабуыл-
даймын) – басқаларға моральдық не-
месе физикалық зиян көрсету мақ-
сатымен жасалатын әрекет. Психо-
аналитикада содыр мінез-құлықта
тұнжыраңқы санасыз елігудің көрі-
нуі, необихевиоризмде – фрустрация-
ның салдары, когнитивтік психоло-
гияда – субъекттің танымдық сфера-
сында сәйкессіздіктің көрінуі ретін-
де қарастырады. С.м.-қ. тітіркендіре-
тін объектіге тікелей бағытталған
немесе адам қандай да, бір себептер-
ге байланысты агрессиясын тітір-
кендіру көзіне бағыттай алмауы
мүмкін. С.м.-қ. қолайсыз сыртқы
жағдайларға, адамгершілік тәрбие
берудің жеткіліксіздігіне, отбасында-
ғы қарым-қатынасқа, ата-ананың
шектен тыс қатаңдығына және т.б.
байланысты қалыптасуы мүмкін.
СОПАҚША МИ – жұлынның тіке-
лей жалғасы. Мұнда жүрек қызметі-
нің, қан айналысы мен ас қорытудың
жүйке орталықтары бар. Біздің дем
алу, түшкіру реакцияларымыз со-
пақша мидың қызметі. Бұл да шарт-
сыз рефлекстердің жасалатын ми
байланысының орталығы болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: