ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ ҚИЯЛ – бұл
әр адамның өз жағынан іс-әрекеттің
әр саласында соны жаңа бейнелер
жасау. Қабілетті жазушының, ақын-
ның, суретшінің, композитордың, ға-
лымның т.б. қиялы, осыған жақсы
мысал. Т.қ. – тек зиялы қауымға тән қа-
сиет емес. Ол іс-әрекеттің сан алуан
түріне байланысты нәтиже беретін
(рационализатор жұмысшы мен ша-
руа, олимпиадаға қатысатын оқушы
мен студент, ғарышкер-ұшқыш т.б.)
адамдардың бәрінде кездесетін құ-
былыс. Т.қ. – қайта жасау қиялына
қарағанда әрі қиын, әрі күрделі. Мә-
селен, Абай мен Құнанбайдың көркем
бейнелерін жасау, оларды жәй сипат-
тап жазған шығармадан (қайта жасау
қиялы) әлде қайда ауыр. Қиялдың осы
түрі өнер қайраткерлерінің іс-әре-
кеттерінде үлкен орын алады. Орыс
сахнасының майталманы К.С.Ста-
ниславский бұл жөнінде былай деп
жазды: «Артистің көкірегінде өзі
бейнелеп тұрған адамның ой-тол-
ғаныстары – туғанда ғана шынайы
өнер туады, нағыз жанды сезім еш
уақытта зорлағаннан, қолдан жаса-
ғаннан келмейді», – дейді.
Мәселен, Чехов спектакліндегі Ра-
невскаяның ролін орындаушы Ольга
Книппер – Чехова шие бағын сата-
Достарыңызбен бөлісу: |